Сиқырлы сөздер

Жетісу облысы
Ақсу ауданы
Жансүгіров ауылы
«Қарлығаш бөбек жай балабақшасы»
Педагог-психолог
Бижуманова Жанар Жайлаубековна

Сабақ тақырыбы: «Сиқырлы сөздер»

Мақсаты: айналадағыларды құрметтеуге тәрбиелеу
Құрал-жабдық: сөздер жазылған парақшалар

Сабақ жүрісі:
«Жүректен жүрекке» амандасу сәті
Шеңберде отырған балалар қол ұстасып, көршісіне қарап,
күлімдейді. Әрқайсысы кезекпен көршісіне жақсы сөздер айтады.
«Жақсы сөздер» ойыны
Ойын барысы: балалар шеңберде отырып, қол ұстасады. Бір-біріне
қарап, бірнеше жақсы тілектер, мақтаулар айтады. Екінші бала алғысын
білдіріп, келесі көршісіне өз тілектерін айтады. Ойын солай жалғаса береді.
Жүргізуші көмектеседі.
«Кәне, амандасайық» жаттығуы
Ойын барысы: балалар бір-бірімен ерекше амандасады: мұрнымен,
маңдайымен, аяқпен, арқамен т.б.
«Нәзік есімдер сандықшасы» жаттығуы
Ойын барысы: балалар өздеріне және жолдастарына нәзік есімдер
ойлап шығарады. Кім көбірек ойлап табады, сол жеңеді. Балаларға қонаққа
Қоян келеді. Ол балаларға өзімен бірге сиқырлы сөздер жазылған
парақшалар алып келеді (сәлеметсіз бе, кешіріңіз, сау болыңыз, рахмет,
кіруге рұқсат па, т.б.). Қоян сол сөздердің мағынасын түсіндіріп беруді
сұрайды.
«Сыпайы сөздер дүкені» ойыны
Мақсаты: өзгелермен сыпайы сөйлесуге, сыйлауға баулу.
Ойын барысы: Біз сыпайы сөздер сатылатын дүкенге келдік. Бір
жағында алғыс білдіретін сөздер, екінші жағында амандасу сөздері. Бірақ
бүгін олар араласып кетіпті. Бұл жерді ретке келтіру қажет, яғни орындарына
дұрыс қою.
Сахналық көрініс
Әңгімелесу. Неге сыпайы болу керек? Егер сыпайылық жоғалып кетсе,
не болады?
Дауыс ырғағы жөнінде түсінік беру. Содан кейін балаларға кезекпен
«Жүр, ойнайық!», «Маған ойыншық бер» деп айту ұсынылады.(ашумен,
ренішпен, қуанышпен, сыпайы)
Жағдаятты шешу
Автобус аялдамаға келіп тоқтады. Әсия байқаусызда қасындағы әйелді
қағып кетті. Әсия бірден «сиқырлы сөз» айтып еді, ол адамның қабағы
ашылып, түсінушілікпен қарады. Қыз не деді?
Тәрбиеші қарандашын түсіріп алды. Бұны көрген Әли. «Апай, сіз
қарандашыңызды түсіріп алдыңыз» деді. Ұл қандай қате жіберді? Оны
сыпайы деп айтуға бола ма?
«Дұрыс сөйлеу ережелері»
Ертеден бері әр жерде өзің әр түрлі ұстау керек екендігі белгілі. Сол
себептен қай жерде қалай және нені істеуге болатыны-болмайтыны жөнінде
ережелер бар. Балаларға өздері ерекше жерлерде сондай ережелер тізімін
құруға ұсынылады. Мысалы. мұздатқыштын ішінде, мыстан кемпірдің
үйінде, таудың үстінде, диван астында т.с.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *