Баланың мектепке педагогикалық-психологиялық даярлығын бағалауға арналған тренингтер

Мақсаты: Мектепке баратын балалардың оқуға мотивациялық дайындығын бағалау.

  1. «Сәлемдесу» тренингі: Мақсаты: Балаларды жақсы көңіл күймен психолиялық тренингке атсалыстыру, сәлемдесу.

Барысы: Музыка ырғағымен, қазір біз сендермен ойын ойнаймыз, қимылды тез жасауларың керек. «Бастаймыз» деген белгі берілгенде, мен қалай амандасу керек екенін айтамын, сонда сендер бір-бірлеріңмен тез-тез амандасасыңдар. Әр адаммен әртүрлі амандасасыңдар. Сонымен, көзбен… иықпен… құлақпен… тіземен… иекпен… өкшемен… арқамен. Соңында екі қолмен бір-бірімізбен және қонақтармен сәлемдесеміз.

2.«Түгендеу-шатастыру» тренингі:

Мақсаты: Тәрбиеленушілердің математикалық білімдерін жетілдіру. Бала үшін зейіннің бөлінуін жаттықтыру үшін, мынадай жаттығу жүргізуге болады. 25 тор көзге ретсіз 1-ден 10-ға дейінгі сандар жазылған, соның ішінде жоқ  сандарды, бала қарап тұрып, қай санның жоқ екенін тез ауызша айтып жазып береді.

 

3.Психологиялық «Түрлі – түсті доптар» жаттығуы:

Мақсаты: Балалардың логикалық ойлауын, көру арқылы есте сақтауын, ойша жұмыс істей білуін дамыту. Балаларды түстерді ажыратып атай білуге дағдыландыру. Геометриялық пішіндерді ажыратып айту. Көру, есте сақтау, ойлау қабілетін тілін дамыту.

4.Сиқырлы саусақтар.

Мақсаты: қабылдаудың тұтастығын дамыту. Саусақтарға сергіту жұмыстарын жасау.

5.Психологиялық тренингтің әдіс – тәсілі: Қыстырғыштармен жұмыс. Мақсаты: Балалардың шығармашылық әлеуетін дамыта отырып, психоэмоционалдық жағдайды жайландыру.

Қажетті заттар: Мақта, кір қыстырғыштар, түрлі-түсті гуашь, ақ қағаз.

6.Қорытынды:

 

Ішкі күйзелісті түсіру, релаксация. Қолдарының ұсақ моторикасын дамыту. Өзіне деген позитивтік көзқарасты қалыптастыру.

Трегнингтің барысы: Міне, сендерді өзімнің психологиялық тренингімде көріп тұрғаныма қуаныштымын. Балалар оң қолдарымен жүректеріңді ұстаңдаршы. Естіп тұрсыңдар ма? Тук – тук дейді. Енді осы кішкене жүрегімізде кішкентай ғана мейірім шуағы бар деп сезінейік. Сол шуақпен бір-бірімізді жылытайық. Бір – бірінің қолдарын ұстаңдар. Міне кішкене күн шуағы үлкен күнге айналды. Осы күннің жылуын таңғажайып әлеміндегі адамдарға сыйлайық. Ал ол үшін біз ештеңеден қорықпайтын күшті де епті батыл болуымыз керек. Балабақшадан алған білімімізді, тәрбиемізді  ертеңгі күні мектепте де ұштастыруымыз керек.

Балалар, мен сіздерді бүгін сиқырлы орманға, саяхатқа шақырамын қараңдаршы, айнала қандай әдемі.

 «КӨБЕЛЕКТЕР ӘЛЕМІ» ЖАТТЫҒУЫ:
Мақсаты:
Релаксация және қиялын дамыту.
Қажетті құралдар: Музыка, баяу орындалатын музыка.
Жаттығудың өтілу барысы:
Балалар орындықтарға денелерін бос ұстап отырып, аяқ қолдарын еркін созады.
Психолог: арнайы релаксацияның әуенің қосып былай дейді:
Көздеріңді жұмып, менің даусымды естіңдер. Жеңіл әрі жаймен демалыңдар. Өздеріңді керемет жаздың шуақты күніңде шалғанда жүргендерінді елестетіңдер. Дәл қазір сендердің көз алдарыңа ғажайып көбелек гүлден гүлге ұшып жүргенің көріп тұрсыңдар. Оның қанаттарының қимыл қозғалысына қараңдаршы!
Ол қанаттарың жеңіл әрі әсем етіп қозғалтады. Енді әрқайсыларың осы көбелектің ғажайып үлкен әрі керемет қанаттарың өздеріңе қиялдап көріңдерші! Сеңдердің қанатарың төмен жоғары баяу қалықтап қозғалып жатқаның сезініңдер! Ауада баяу қалықтап жүргендеріңді сезініп рахаттаныңдар!
Ал енді өздерің ұшып жүрген жерлеріңнен төмендегі жап жасыл болып тұрған шалғанға зер салыңдар. Қараңдаршы, қандай жайқалып тұрған гүлдердің көптігін! Көздеріңмен ең әдемі гүлді тауып алып соған жақындай түсіңдер! Енді сендер өздеріңнің гүлдеріңнің иісін
Сездіңдер! Жайменен қалықтап осы гүлдің аңқыған исінің ортасыңа отырыңдар! Тағыда оның жұпар исімен демалыңдар…. енді көздеріңді ашыңдар! Керемет демалдық ба? Балалар кезекпен өздерінің сезімдері жайлы айтады.

Қоштасу.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *