Ұлы Абай
Әлемнің Абайы
Ақылымен дана болған,
Нақылменен сана құйған,
Парасатты ақын туған
Абай Құнанбаев-қазақ халқының ұлы көшбасшысы .Абай ұрпағына өшпес мұра қалдырды.
Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев:
«Абай-біздің ұлттық ұранымыз болу керек.Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз.Менің балаларым мен ұрпағым Абайдан артық,Абайдан ұлы,Абайдан киелі ұғым болмауға тиіс»,-деген болатын.
Абай Құнанбаев –қазақ халқының ұлы көшбасшысы.Рухани адамгершілік тұрғысынан талдар болсақ ,ұлы ойшылдың ұрпағына тастап кеткен қазынасы ұшан теңіз. «Қазақтың бас ақыны –Абай Құнанбаев одан асқан бұрың соңды заманда қазақ баласында біз білетін ақын болған жоқ»,-Ахмет Байтұрсынов өткен ғасырда ұлы ақынға мәнгі өлмейтін баға берген.Сан ғасырлар бойы Абай өшпейтін мұра қалдырған .Ақынның шығармалары қазақ ұрпақтарына мол мұра, мәңгі өшпес қазына Абайдың әні, Абайдың өлеңдері,Абайдың қара сөздері ешқашанда,еш уақытта да, еш қадірін,маңызын жоймайтын мәңгілік мұра.Ақын-асыл ойдың биік құдіреті.Ақынның рухани мұрасынан нәр алып өскен ұрпақ оның есімін ұастерлейді.Ұлы ақынның шығармалары жас ұрпақты еліне,халқына еңбек етуге,мәдениет пен білімге,ізгілік пен адамдыққа,ұлттар достығының дамуына шақырады.Абайдың қара сөздерін оқысаң ақынның кеменгер,қайталанбас тұлға екеніне көзіміз жетеді.Абайдың «Қара сөздері»тіршілікке қажетті нақты бағыт беруші құрал, құнды мұра.Еңбектерінде жеке тұлғаның қалыптасуын қарастырып,жат қылықтардан аулақ болуға шақырады.Адам тұлға болып өмір сүрсе кеселді нәрселерден аулақ болады.Естігенңі мен көргенін дұрыс ажырата қабылдаса айналасы сүйіспеншілікке бөлейді.Дұрыс жол таңдайды ішкі дүниесі тыныштық орнағанда адамның санасында қиянат жасау деген ой болмайды.Міне,осындай адамгершілік құндылықтарға бай тұлғаның қалыптасуына Абай еңбектерінің зор ізгілікке толы ықпалы бар.Ақынның қара сөздерін тақырып жағынан бірнеше топқа бөлуге болады.
1.Дүниенің тылсым сырын танып білумәселесіне «Жетінші», «Он тоғызыншы»,» «Отыз бірінші», «Отыз сегізінші», «Қырық үшінші»сөздерінде тоқталып ой қорытады.Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» қара сөздері ілім-білімге бөгет болатын надандық,талапсыздық,жалқаулық мінездерді сынауға арналған.Ар-ұят мәселелері «Бес», «Он бірінші», «Он тоғызыншы»сөздерінде әңгіме болады.Абайдың «Отыз бірінші»-қара сөзі көлемі шағын.Бірақ ,білім беру мен үйренудің алтын ережесі сияқты мағынасы жоқ.Қазіргі дамыған заманда осы сөзді көңілге түйіп алсақ болады.Елімізде Абайдың рухани мұрасынан нәр алып өскен ұрпақ оның есімін әрқашанда қастерлейді .Абайдың есімі мәнгі өшпейтін жарық жұлдыздай жарқырай береді.