Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдығы

Биыл елімізде және мысырда Мәмлүктер мемлекетінің негізін қалаған дешті қыпшақ даласының әлемге әйгілі перзенті Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығы.Дешті қыпшақ даласынан шыққан даңқты тұлғаның мерей тойына орай біраз шара ұйымдастырылады көшеге атын беру соның басы. Аса маңызды саяси мәселелерді шешуде, мемлекетті басқаруда даналыққа ие болған тұлға ретінде ол мешіттер ашып, медреселер ашып, ғылым мен білімнің дамуына қолдау көрсетті. Айта кетейік, Бейбарыс Жамақұлы 1223 жылы дүниеге келген.Түркі әулеті Бахриден шыққан мамлюктердің Мысырды билеген төртінші сұлтаны. Құлдықтан шығып қайраткерлік деңгейге көтерілген тұлға туралы бұған дейін бірнеше кинофильм мен деректі кітап жарық көрген болатын.Бейбарыс басқарған мәмлүктер Египет пен оның астанасы Каирдің гүлденуіне қол жеткізіп, адамзат тарихында елеулі із қалдырды. Бұған Мысыр астанасының бүгінгі күнге дейін жеткен тарихи нысандары дәлел. Ол өзінің есімін әлемдік шежіреге мәңгілікке қалдырды және ұлы қолбасшы ретінде өзінің барлық ірі шайқастарында жеңіске жетті. Сұлтан Байбарыс – қазақ халқы ғана емес, күллі түркі әлемі мақтан тұтатын тарихи тұлға.

Бейбарыс сұлтан бір жағынан түркі өркениетінің ілгерілеуін жалғастырса, екінші жағынан ислам мәдениетінің қорғанына айналды. Туған жерінен мыңдаған шақырым жердегі Мысырда жүрген Бейбарыс өз тамырын ұмытпай, ана тіліне, салт-дәстүріне ұқыптылықпен қараған. Оның сарайда тек ана тілінде сөйлегеніне шежірешілер мен тарихшылардың зерттеулері дәлел.

Тарих пен өнердегі Бейбарыс, дипломатиясы, тұлғалық келбеті қазіргі жастарға үлгі. Ғалым 1260 жылғы моңғолдардың Иерусалимге шабуылын «Сары крест жорығы» деп атап, олардың жолын кескен қолбасшы Сұлтан Бейбарыстың талантын жоғары бағалады. 1277 жылы оны уәзірі Қалауын улап өлтіріп, әйгілі сұлтан Дамаск қаласында жерленді. Оның басқаруымен Мәмлүк мемлекеті гүлденіп, халықтың әл-ауқаты артты. Бұл елге әлемнің түкпір-түкпірінен саудагерлер келе бастады. Қолөнер, ауыл шаруашылығы, ғылым және сауда дамыды. Ол тұрғызған мешіттер, медреселер, бекіністер мен көпірлер әлі күнге дейін сақталған. Кейбір араб тарихшылары, бұл кезеңді – «алтын жылдар» деп атайды.Сұлтан Бейбарыс түркі мен араб әлемін байланыстырды. Қазақстанның Сұлтан Бейбарыстың 800 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуі игі бастама. Оның өмірбаяны қазақ даласымен тығыз байланысты. Бұл ислам өркениетін қорғауға орасан зор үлес қосқан көрнекті тұлға. Алдағы уақытта Бейбарыс сұлтанның өміріне арналған қазақ өндірісінің жаңа картиналарын көретін боламыз.

Алтынбекқызы Алтынай ҚазҰУ,журналистика факультеті 1-курс

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *