Зұлмат:Қазақ даласындағы аштық жылдарға шолу

Серік Әлия Біржанқызы

1931-1933жылдар еліміз үшін жұт әкелген, қайғы-қасіретке толы, сан жылатқан сұм жыл. Халқымды қансыратып, жұртымды жайлаған бұл аштық тарихымызда жан түршігерлік елеулі оқиға болып қалды.  Сталиндік азғындаудың салдарынан еліміздің жартысынан көп бөлігі қырылып, сол кездегі қазақ жұрты ауыр жағдайдағы саяси құлдырауды басынан кешірді. Бұл елдің әлеуметтік –  экономикалық гүлденуін сан жыл, сан ғасырға тежеген қиын да зұлмат қасірет. Қазақтың басына төнген бұл тауқымет өз әсерін болашаққа да тигізіп кетті. Егер бұл аштық болмаған кезде, бүгінгі күні мемлекеттің жағдайы бұдан да жоғары, бұдан да биік болар ма еді?!
Елді жайлаған бұл аштықтың басты себебі – күштеп ұжымдастыру саясаты. Тарихқа көз жүгіртер болсақ, қазақтың қарапайым қазақы қалпын басынған көлденең көк аттылар елімді қанады, жағдайын ушықтырып, жерін тартып алды. Бұл қазақ халқының басынан кешірген қиыншылықтардың ең ауыры болды. Қиыншылықтарға төтеп беріп, әділетсіздікпен күресу үшін қазақ зиялылары, ұлы дала ұлылары барын салды. Соның ішінде “Бесеудің хатын” атап өткім келеді. Елінің жағдайы жанына қатты батқан бұл “Бесеуі” 1932жылы Голощекинге халқының қасіретке толы өмірін баяндап, қолдан жасап отырған қасақана аштыққа тоқтау қою керек екенін хат түрінде баяндады. Алайда, ащы шындық шынбайына батып, ақиқатты қабылдай алмайтын билік бұл хатты оқу мүмкіндігіне ие бола алмады. Арандатушылар мен билік жағындағылар бұл хатты билікке жеткізбей, тез арада көзін жойды. Еліме жасалған қорлықтың бұл соңы емес еді…
Аштық жылдарына жасалған шолулар әлі күнге дейін құпия түрде. Ашылмаған әлі талай ақиқат бары айдан анық!

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *