. Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері

Тахиров Закирхан Жамалханович

Қысқамерзімді жоспар

Сабақтың тақырыбы:

29-сабақ. Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері

Бөлім: 10.2.АЗаттардың тасымалдануы
Педагогтің аты-жөні: Тахиров З
Күні:  
Сыныбы: Қатысушылар саны:                   Қатыспағандар саны:
Сабақтың тақырыбы: Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері.
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты 10.1.3.2 беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының мәнін есептеу және олардың заттарды тасымалдауға қатысты маңызын түсіндіру.
Сабақтың мақсаты:  Бет шамасының көлемге қатынасының мәнін есептейді және заттар тасымалдануына қатысты олардың мәнін түсіндіреді.
Ойлау дағдылары  Жоғары деңгейлі дағдылар,білу және түсіну.

Сабақтың барысы:

Сабақ кезеңі/Уақыты Педагогтің іс-әрекеті Оқушының іс-әрекеті Бағалау Ресурстар  
Сабақтың басы

Қызығушылықты ояту.

 

(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:

1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.

2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.

Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Жіктеу» тәсілі көрінеді.  Оқушылардың оқуға деген қызығушылығын арттыру мақсатында мүмкіндігінше оларға таңдау еркіндігі беріледі.

Оқулық, жұмыс дәптерлері

ДК экраны

 
Жаңа сабаққа кіріспе

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ЕББҚ ететін(көзі көрмейтін) оқушылардан сұрақ-жауап) алмын,(сөйлеуінде қиындығы бар оқушыларға беттік ауданның көлемге тәуелділігін анықтайтын үрдісті

анықтайтің тапсырма беремін.

 

Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, өзара ұжымдық талқылау жасағаннан кейін мұғалім оқушыларға сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырма

1.Зертханалық жұмысқа қажетті құрал-жабдықтарды атаңдар ?

2 .Қандай шөлді жануарларды білесің?

 

 

 

Формативті бағалау. «Миға шабуыл» әдісі арқылы өткен тақырыппен жаңа сабақты байланыстыру мақсатында ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау. Оқушыларға жалпылама төмендегі сұрақтар және жаттығу түрлері беріледі. Әр оқушы өз оймен бөліседі.

«Кері дизайн» әдісі

Неге шөлді жануарлардың құлақтары үлкен?

Дескриптор:              Жалпы – 4 балл.

-өз пікірлерін айтады;

– тапсырманы сипаттайды;

-сурет бөліктерін атайды.

 

 

 

 

 

Дескриптор:

Сұраққа нақты жауап береді.

Үрдісті анықтайды.

Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.

Тиімділігі: оқушының танымдық дағдысы артады. Сонымен қатар оқушыға сабақтың өмірмен байланысын көрсетеді және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтауға мүмкіндік береді

.«Суреттер» тәсілі

Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.

 

Ойлау

дағдыларыны

ң деңгейі:Білу және

түсіну

Бағалау критерийі:

Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының маңызын түсіндіреді.

«Суреттер» тәсілі

«Таңдау » әдісі

Қалыптастырушы бағалау: Өз ойын дұрыс мағынада білдіріп, талқылауға белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!»деген мадақтау сөзімен  ынталандыру.

 

Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының мәнін есептеу және олардың заттарды тасымалдауға қатысты маңызын түсіндіреді

 

https://www.youtube.com/watch?v=xuG4ZZ1GbzI

 

Қосымша1

 
Сабақтың ортасы

Мағынаны ашу.

 

– оқушылармен бірге сабақтың мақсатын/ОМ анықтау;

-сабақ соңында күтілетін нәтижелер:

-сабақ концепциясын талқылау

Сабақ тақырыбына кіру:адамның эритроциттері бақаның эритроциттерінен 3 есе аз, бірақ бақамен салыстырғандағы олардың 1 мм3 -дегі саны 13 есе көп.

Бұл фактіні қалай түсіндіруге болады?

 

 №1-тапсырма:

(Р) Тапсырма: әр түрлі жануарлардың эритроциттерін салыстырыңыз және сұрақтарға жауап беріңіз:

1.         Эволюция процесінде эритроциттердің әртүрлі формаларының дамуы немен байланысты?

2.         Бақа эритроциттерінің адам эритроциттерінен айырмашылығы неде?

3.         Қай организмнің эритроциттері оттегін көбірек тасымалдайды және неге?

Дескриптор:              Жалпы – 3 балл. – Тапсырманы сипаттайды және түсіндіреді.

-Сұрақтарға жауап береді

 

 

«Сұрақтар диапазоны» тәсілі

 

 

 

Қосымша2

РРТ  
№2-тапсырма:

Зертханалық жұмыс бойынша нұсқаулық жүргізеді:

Зертхана үш топта жүргізіледі:

1.Топта мақсаттар, жұмыс гипотезасы талқыланады.

2.ЛР орындау кезінде ТҚ ережелерін талқылау ,қайталау.

3.Жұмыстар жүргізіледі.

4.Жұмыс нәтижелерін ресімдеу және қорытындылар шығару жеке тұжырымдалады.

5.Топта және топтар арасында сұрақтарға жауаптарды талқылау.

(W / f) Бейне материалды көргеннен кейін, сұрақтарға жауаптарды талқылағаннан кейін мұғалім оқушылардан бет ауданының көлемге қатынасын есептеуді сұрайды:

(I) Практикалық жұмысты орындайды;

 

(I) Зертханалық жұмыс кезінде оқушылар зерттеу гипотезасын өз бетінше анықтайды;

 

(I) Бет ауданының көлемге қатынасын есептеп шығарады және оның заттар тасымалына қатысты маңыздылығын түсіндіреді;

 

 

 

 

 

 

 

 

«Топ ішіндегі жұмыс» әдісі

 

 

 

 

 

http://egebiology100.blogspot.com/p/blog-page_12.html

 

https://cknow.ru/knowbase/111-11-biologiya-kak-nauka-ee-dostizheniya-metody-poznaniya-zhivoy-prirody.html

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

https://www.jimmunol.org/content/201/5/1343/tab-figures-data

 

 

 

 
3-тапсырма.

Мақсат: беттік аудан мен көлем арасындағы байланысты және оның диффузия жылдамдығына әсерін көрсету.

Зертханалық жұмыс

Тақырыбы: Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері.

 

Неліктен жасушалар кіші өлшемді? Неліктен олардың өсуі нақты бір өлшемге жеткенде тоқтайды? Беттік ауданның көлемге қатынасы көптеген сіңіру және диффузия сияқты құбылыстарды маңызды рөл атқарады.

Беттік ауданның көлемге қатынасын анықтау: Беттік аудан=ұзындық х ен х жақтар(беттер)саны.Көлем=ұзындық х ен х биіктік.

Бұл  экспериментте сіздер агар блоктардағы заттардың диффузиясын көресіздер. Эксперимент беттік ауданның көлеммен байланысын және олардың диффузия жылдамдығына әсерін көрсетеді.

 

Дескриптор:              Жалпы – 3 балл.

-дискуссия ұйымдастырады

-пікірталас жүргізеді.

«Биологиялық зерттеулер »әдісі

 

Сабақ концепциясын талқылау;

Оқушылар концепция  мен сабақ тақырыбы арасындағы байланысты, сабақ тақырыбы бойынша өмірден мысалдар табады.

Мұғалім алдымен білім мен түсіну тапсырмаларын ұсынады (формативті бағалау және қарсы сауалнама кезінде), одан кейін мұғалім білім мен талдауды қолдануға суреттер мен графиктері бар карталарды ұсынады.

Беттік ауданның көлемге қатынасы бойынша қосымша ақпаратhttp://www.cellbiol.ru/book/kletka/o_kletkah/razmery_kletochnyh_struktur

Қосымша3

 
Сабақтың соңы

Ой толғаныс.

Рефлексия

7 мин.

«Бір ауыз сөз» әдісі.
Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.

Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.

 

 

 

Тарауды зерттегеннен кейін

«Бес саусақ» әдісі бойынша»:

1. Нені білу маңызды?

2. Бұл туралы мен бүгін не білдім?

3.Мен бүгін басқаларға қалай көмектестім?

4.  Бүгін сабақта қандай мақсаттарға қол жеткіздім?

5.Сабақта менің көңіл-күйім қандай болды?

 

Жеке жұмыс:
Оқушылар бір ауыз сөзбен сабақ туралы өз ойларын түсіндіріп береді. Бір ауыз сөздеріне сабақты бағалайтын келесі сөздерді айтуға болады ұнады, пайдалы, қажет, білдім, үйрендім, қызықтым, ұмтылдым, есте сақтадым, жасай аламын. т.б.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар бүгінгі сабақтың мақсаты, тақырыбы бойынша өз ойын айту арқылы сабаққа қорытынды жасайды.

 

 

Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.

 

 

Саралау: Бұл кезеңде саралаудың «Қорытынды» тәсілі көрінеді.

 

Мұғалім оқушылардың сабаққа қатысқан белсенілігіне қарай 1-10 баллдық жүйе бойынша әр оқушының өзіне тиісті баллын қойып бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Мұғалім оқушыларды  «Бес саусақ» әдісі арқылы бағалайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 
Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

 

Қосымша 1

Тапсырма:Жануар жасушасын дағы беттік ауданның көлемге тәуелділігін анықтайтын үрдісті анықтаңыз:

  Бетттік аудан Көлем
А көмірқышқыл газын түзеді оттекті қолданады
В глюкозаны сіңіреді гормонды анықтайды
С гормонды анықтайды көмірқышқыл газын түзеді
Д оттегін қолданады глюкозаны сіңіреді

Қосымша2. Тапсырма: Әр түрлі жануарлардың эритроциттерін салыстырыңыз және сұрақтарға жауап беріңіз:

 

Қосымша3

Зертханалық жұмыс .

Тақырыбы: Беттік аудан мөлшерінің көлемге қатынасының диффузия жылдамдығына әсері.

 

Неліктен жасушалар кіші өлшемді? Неліктен олардың өсуі нақты бір өлшемге жеткенде тоқтайды? Беттік ауданның көлемге қатынасы көптеген сіңіру және диффузия сияқты құбылыстарды маңызды рөл атқарады.

Беттік ауданның көлемге қатынасын анықтау:

Беттік аудан=ұзындық х ен х жақтар(беттер)саны.Көлем=ұзындық х ен х биіктік.

 

Бұл экспериментте сіздер агар блоктардағы заттардың диффузиясын көресіздер. Эксперимент беттік ауданның көлеммен байланысын және олардың диффузия жылдамдығына әсерін көрсетеді.

  1. Мақсат: беттік аудан мен көлем арасындағы байланысты және оның диффузия жылдамдығына әсерін көрсету.
  2. Гипотеза: ___________________________________________________________________________

___________________________________________________________________________

 

  • Материлдар және құрал-жабдықтар:

қорғаныш көзілдірік

резеңке қолғап

1 стакан, 250 мл

1 миллиметр сызғыш

1 пластик стакан

1 пластик пышақ

Қағаз салфеткалар

2,25 л 0,1% НСl

1,5 л фенолфталеин агар

 

  1. Жұмыс барысы
  2. Пластик пышақты қолдана отырып, үш кубик кесіңіз, өлшемдері: 3 см, 2 см және 1 см
  3. Кубиктерді стақанға салып, кубиктер батып тұратындай 0,1% НСl қосыңыз. Уақытты белгілеңіз.  10 минут сайын кубиктерді айналдырып тұру үшін пластик касықтарды қолданыңыз.

АБАЙЛАҢЫЗ: НСl тітіркендіргіш және киімді бүлдіруі мүмкін. Тері/көзге тигізуді болдырмау, дәмін татпау. Денеге тиген болса, тез арада ағынды сумен 15 минут бойы жуу.

  1. Нәтижелерді енгізу үшін кестені сызыңыз. Беттік ауданның көлемге қатынасы келесі формула бойынша есептеледі:

Беттік ауданның көлемге қатынасы = беттік аудан /көлем        

  1. Қолғапты киіңіз және пластик қасықты қолданып стақаннан кубиктерді алыңыз. Сүзгіш қағазда кептіріңіз. Кубиктер кепкенше қойып қойыңыз. Әр кубикті екіге бөліп, өз байқағандарыңызды жазыңыз. Әр 3 кубик үшін НСl диффузия деңгейін өлшеңіз.

 

  1. Берілген және нәтижелер
А = куб өлшемдері

(см)

Беттік аудан (см2)

2

А3 = көлем (см3) Беттік аданның/көлемге қатынасы
3 см      
2 см      
1 см      
0,01 см      

 

Қатынасты беттік аудан/көлем ретінде жазуға болады. Қатынас қарапайым формада жазылуы керек (мысалы 3:1 немесе  24:8)

  1. Нәтижелерді талдау және талқылау
  2. Агар кубиктерін өлшемдерінің азаюы бойынша орналастырыңыз. Оларды беттік ауданның көлемге қатынасының азаюы бойынша орналастырыңыз. Куб өлшемдері мен беттік ауданның көлемге қатынасы арасында қандай байланыс бар?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  1. Қайсы кубтың беттік ауданы үлкен: беткі жағы 3 см немесе өлшемі пияз жасушасында микроскопиялық өлшемге ие куб пе? Қайсысының беттік ауданның көлемге қатынасы үлкен?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

  1. НСl – дың агар диффузияланғанына не дәлел болады? Барлық кубиктер үшін диффузия жылдамдығы бірдей болғанына не дәлел болады? Түсіндіріңіз.

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

  1. Өлшемдер өскен сайын беттік ауданның көлемге қатынасы қалай өзгерді?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

  • Қорытынды
  1. Көптеген жасушалары мен микроағзалардың өлшемдері 0,01 см – ден кіші. Диффузия жылдамдығы мен жасуша өлшемдері арасында қандай байланыс бар?

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

  1. Неліктен үлкен өлшемді ағзалар үлкен өлшемді аз жасушалардың орнына көп жасушаларға ие екенін түсіндіріңіз

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ _____________________________

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *