Хромакей студиясы балалардың өнертабыс дағдыларын дамытады

Президент Іс Басқармасы Медициналық орталығының «Қарлығаш» балабақшасында балалардың шығармашылық дамуына бағытталған әдістердің бірі «хромакей» студиясы жұмыс жасайды. Студия өткен жылы балалардың шығармашылық әлеуетін дамыту, мультфильмдер жасауда өнертабыс дағдыларын қалыптастыру, танымдық қызығушылықты дамыту мақсатында өз жұмысын бастады.

 

Возможно, это изображение 3 человека, ребенок, люди стоят и в помещении

Студияның жұмыс принципі өте қарапайым. Хромакей кадрда қажетті фон жасауға мүмкіндік береді. Әрбір бейне жеке түсіріледі, содан кейін біріктіріледі. Нәтижесінде толыққанды композиция пайда болады. «Хромакей» студиясында негізінен мектепалды даярлық топтарының тәрбиеленушілері айналысады.

 

-Хромакей студиясында балабақша тәрбиеленушілері мен педагогтері мультфильмдер түсіріп, анимациялар, ертегілер, іс-шараларға арналған көріністер жасайды. Шығармашылық процеске балалармен бірге әдіскерлер, музыкант, тәрбиешілер, тіпті хореограф та қатысады. Мұнда балалар өздерін нағыз актер ретінде сезінеді, олар процеске үлкен қызығушылықпен қатысып, қимыл, сөз және мимика арқылы өз сезімдерін білдіруді үйренеді, дағдыларын шыңдайды және шығармашылық қабілеттерін ашады,- дейді студия жетекшісі, педагог Дәулетбек Темірбек.

 

 

 

 

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *