Ұлылар әлемі

           Серік Әлия Біржанқызы

Қазақ әдебиетінде шоқтығы биік, дара тұлға, өз орнын ойып тұрып алатын ұлы ақын – Абай Құнанбаевтың ерекше адами болмысы барлығына мәлім. Қазақ халқының сол кездегі бет-бейнесін һәм қазақы қалпын ащы шындыққа негіздей отырып, өз шығармаларына арқау ете білді. Осы шығармалары Абайды жете танытып, оның қазақ әдебиетіндегі өзіндік орнын қалыптастыра білді.
Абай шығармашылығы тұнып тұрған сыншыл реализм. Тіпті жай сөзбен айта салудың өзі үлкен олқылық пен немқұрайлылықтың белгісі. Яғни Абай шығармалары еріккеннің ермегі, сандалғанның сандырағы емес. Бұл шындыққа жетелеп, көзіңді ашатын шексіз шетсіз әлем. Нақтырақ айтсақ, қара халқының қамын жеп, қараңғы қаумалаған, тас түнектен шығаруға, оларға жарық әлем сыйлауға,надандықтан бас көтеруге, білім-ғылым ізденуге бағыттады. Бұл дегеніміз бүтін бір ел азаматының халқына, ұлтына деген жанашырлығы һәм адамдығы мен адалдығы.
Абайды ұлы деп ұлықтаудың өзі бекер емес. Қазақтың ұлттық құндылығын дәріптеп, “қазақ” деген ұғымды сақтап қалуға әрекет жасаған адам “ұлы” демей немене?! Мән беріп қарайтын болсақ, бұл айтып жатқан нәрселердің бәрі Абай шығармаларының түп тамыры, ауқымды тақырыбы мен өзекті идеясы. Яғни сол арқылы елдің жоғын жоқтап, мұң-мұқтажын ашық түрде жеткізе білген.
Ұлы ақын өлеңдерінің тақырыбы жастар тақырыбын да сырт айналып өтпейді. Жастар ойымен алып қарағанда бұл дүниеден де пәрменді ой түюге болады. Жастардың заман көшіне ілесемін деп, өзге нәрселерге еліктеуі соның салдарынан білім жолынан тыс қалып қалуы жайында баяндалады. Бұл ойшыл ақынымыздың жастар жағына сыни көзқараспен қарағаны болса керек.
Абай бойындағы адамгершілік пен рухани келбет ұлы ақынның кемеңгер көсемдігін көрсетеді. Бұл тек Абайға тән биік болмыс пен ерекше қасиет. Сол бір болмысты өскелең ұрпаққа ұғындыру алда тұрған басты міндеттердің бірі іспеттес. Абай шығармаларын санасына құйып, рухани азық қыла білген ұрпақтардың көбеюі, әспетте ұлттың гүлденуі мен дамуына әкеледі. Егер біз бүгінгі күні сол дүниені іске асырар болсақ, сол заматтағы Абайдың елі үшін жасаған әрекеттерінің зая кетпегенін дәлелдер едік.
Абай шығармалары – сарқылмас қазына, өшпес жалын. Ал сол жалынды өшіріп алмау біздің қолымызда!

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *