Мүмкіндікке толы көрме

Студент — қоғамның элитасы. Себебі өмірде ең улкен мүмкіндіктермен өзгерістер осы кезеңде болады. Егер студент бұл мүмкіндіктерді тиімді пайдалана білсе қоғамға ықпалын тигізе алады. Ол үшін оған нақты ақпаратпен қолдау қажет.
12 ақпан 2023 жылы «DoubleTree by Hilton Almaty » қонақ үйінде SMAPSE білім және кеңес беру орталығының ұйымдастыруымен халықаралық университеттер көрмесі өтті. Көрмеге әлемнің 8 мемлекетінен 35 үздік оқу орындары келіп, оқу процесімен таныстырды. Талапкерлер көкейінде жүрген көптеген сұрақтарына жауап алып, болашақ таңдауын жасады. Ал, студенттер магистратураны қай оқу орындарында жалғастыруға болатынын, Қазақстандық студенттердің қандай мүмкіндікке ие екенінене көз жеткізді.
Кіре берісте SMAPSE сарапшылары қарсы алып, олар барлық мәселелер бойынша кеңес берді және сұранысқа сәйкес келетін оқу орындарына бағыттады. Көрме 2 залда өткізілді: өкілдер залы және дәрісхана. Өкілдері бар залда жеке кеңес беру ал, дәрісханада оқу орындарының презентациялары өтті.
«Мұндай іс-шаралар екі жақты байланысты нығайтып, студенттермен талапкерлерге нақты ақпарат алуына мүмкіндік жасады. Біздің орталық Филадельфия қаласының Пенсильвания штатында. Қазақстандық студенттер белсенді, тіл білуге деген талпынысы жоғары. Өкінішке орай тіл мектептерінде грант жоқ, алайда университетерде бакалавр, магистр, докторантурада жеңілдіктер, гранттар бар», – дейді Эксетер университетінің халықаралық қатынастар бөлімінің менеджері Сара Годдард.
Айта кетейік, 12 ақпанда «DoubleTree by Hilton Almaty» өтсе, Астана қаласында 16 ақпанда Назарбаев университеті кітапханасында өтеді. «Sampse education» халықаралық білім көрмесі осымен екінші рет өткізілуде.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *