Дос болам десең…
Бекмұрат Сандуғаш
- Дос-ажарың,жолдас-базарың.Азаматпен дос бол,қадіріңді біледі.
Шынайы достық,шынайы махаббат секілді. Қазіргі кезде нағыз дос табу өте қыйын.Иә қазіргі таңда жаныңда серуендеп,көңі көтеретін достарымыз өте көп,алайда қиын қыстау кезде жанымыздан табылатын достарымыз аз .
Меніңше шынайы дос бұл адалдық пен сенімділік,нағыз дос әр қашан шыншыл әділ болады, «Дұшпан күлдіріп айтады,Дос жылатып айтады» демекші нағыз дос ашшы болсада оны жарысмайды тіке айтады,әрине дос деген ұғымды әркім әр қалай түсінеді.
Досты пайғамбар қосады дегендей дос сертіне берік,сөзіне адал,ісіне нық және әрқашан сенің басқалар көзінше мақтап қолдап жүретін жанды дос деп айта аламыз. Дос пен жолдастың айырмашылығы жер мен көктей дос ол сенің қуанышыңда да қиын қыстау кезінде де жаныңда болған дос, жолдас ол жарты жолда қосылған дос, ал жарты жолда қосылған дос жарты жолда қалып кетеді.
Тоғыз ауыз сөздің тобықтай түйініне келетін болсақ өздеріңіз дің жаныңызда жүрген достаңызға адал болыңыздар, өзіңіз адал болмасаңыз досыңыздан адалдық күтпеңіздер.