Ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы
Ұлылықты дәріптеп,үлкен қадамдар жасауға бірден-бір себепші адам ол-ұстаз.Қазақ халқының ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлы қара басын қатерге тігіп,халқына адал қызмет жасады. Өз заманында туған елдің азаттығы үшін қара терге түскен,Ахметтей бабаларымыздың арманы -Жарқын болашақ еді.Қара сөзбен қалың жұртқа рух берген,қазақ қоғамын оятқан дәл осы ұлы тұлға.
Ахмет Байтұрсынұлы -қазақ әліпбиінің авторы .Дәл осы кезеңде ол қазақ тілі білімі мен оқыту әдістемесі бойынша ғылыми ізденістерін жүргізіп , ұлттық жазу реформасын дайындап қана қоймай, қазақ тілі грамматикасына қатысты категориялардың әрқайсысына қазақша атау береді.
Шығармашылық жолын Ахмет Байтұрсынұлы мысал жазудан бастады. Оның өлеңдері қазақ халқының мүддесі мен үмітінен сыр шертіп, білім мен мәдениетті насихаттады. «Қырық мысал» , «Маса» шығармаларында қараңғылық, енжарлық, кәсіпке марғаулық сияқты кемшіліктерден арылуға шақырды.Себебі сол жылдары қазақ халқының өмір сүру деңгейі өте нашар болғаны бәрімізге аян.Өзі айтып кеткендей “Қазақ халқының өмір сүруінің өзі бір проблемаға айналды”-деп жазады.Расымен де қиын қыстау кезіне қарамастан ,қазақтардың санасын оятқан -ұлт ұстазы.
Ахмет Байтұрсынұлы– ұлттың ұстазы, халық жанашыры. Ахметтің артында қалдырған еңбектері, келешек ұрпақтың аманаты, жемісі. Бүгінгі ұрпақ А.Байтұрсынұлыбастаған Алаш азаматтарына қарап бой түзейді. Оның өмір жолы ауыр да, азапты болды. Аласапыран кезеңде Алаш жұртына түзу жол көрсетіп, дөңгеленген дүниеден қазақтың өз үлесін алып беруді көздеді. Көкірек көзі ашық, көңілі көлдей қазақ жастары Ахмет атамыздың артынан еріп, ақылын тыңдап, автономия құрды. Ахмет Байтұрсынұлының басшылығымен қазақзиялылары қазақтың шекарасын бекітіп, керегесін кеңейтіп, әдебиетінің іргесін қалады.
Өз ойымды қысқаша қорытындылайтын болсам,А.Байтұрсынұлы — ұлт мақтанышы. Оның әр еңбегі бүгінгі ұрпақтың болашағы үшін жазылған. Асыл азаматтың алтын қаламынан тамған ақ өлеңдей сөздері ұлт жадында. Ахмет Байтұрсынұлы – біздер үшін идеал тұлға! Ұлтты сүйсеңіз, Ахметтей сүйіңіз! Бұл сөзді қайта-қайта айта беруден жалықпассыз.