«Қазақстанның климатының уақыт бойынша өзгеруі»
Күні: 10.02.2023ж . Пәні: география Сыныбы: 9 «б»
Сабақтың тақырыбы | «Қазақстанның климатының уақыт бойынша өзгеруі» | ||
Оқыту мақсаты | Қазақстанның климатының уақыт бойынша өзгеруі жайлы ой қозғау, сын тұрғысынан ойлау дағдыларын қалыптастыру арқылы сыни ойлауға үйрету, шығармашылық қабілетін шыңдау. | ||
Күтілетін нәтиже | Қазақстан климаты жайлы пікір алмасады, жеке және жұптық тапсырмалар арқылы өзіндік ойын айтуға, топта жұмыс жасауға , пікірін дәлелдеуге дағдыланады. | ||
Пайдаланған дереккөздер. | Оқулық (9-сынып), «География» журналы | ||
Сабақта қолданылатын
әдіс-тәсілдер |
Сергіту сәті: «Жаңбырлы тілек» ойыны
Үй тапсырмасын бекіту: Мәтін мазмұны негізінде сұрақ әзірлеу. Ой қозғау Жеке, жұптық тапсырмалары. Кері байланыс: «Бұлтты кесек әдісі». |
||
Ресурстар | Флипчарт,маркер,түсті бояулар,қарындаш. | ||
Сабақтың кезеңдері | Уақыты | Мұғалім іс-әрекеті | Оқушы іс-әрекеті |
I. Кіріспе
І.1. Психолгиялық ахуалды қалыптастыру І.2. Топқа бөлу І.3. Үй тапсырмасын пысықтау |
2
5
5 |
Сынып тазалығын қадағалап, оқушыларды түгелдеймін.
«Жаңбырлы тілек» ойыны . (шеңбер жасап тұрып бір біріне жақсы сөздер айтады) «Жеті сұрақ әдісі» Әр топ үйде дайындаған сұрақтарын келесі топқа береді. Қойылған сұрақтарды топпен талқылап бір оқушы жауап береді. |
Сынып кезекшісі жауапты.
Қалауынша таңдап, топқа бірігеді.
Қойылған сұрақтарға жауап береді. |
ІІ. Тұсаукесер
жаңа сабақтың таныстырылымы.
|
5
4
|
Ой қозғау
Адамның климатқа әсер етуі неден байқалады? Парникті газдар дегеніміз не? Ғаламшарымызда парникті газдар қалай түзіледі? Ғаламшарымызда түзілген парникті газдар салдарын қалай байқаймыз? Сабақтың тақырыбын ашу. Мақсатын анықтау: Жеке жұмыс: 87-суретке қарап талдау жасау үшін 3- сұрақ құрастырыңдар. Тапсырмаларың туралы сыныпқа айтыңдар. Ең үздігін таңдап алып баға беріңдер.
|
Сұрақтарға жауап береді.
Сұрақ құрастырады және оқиды, өзіндік ойын білдіреді. |
ІІІ. Негізгі бөлім.
мағынаны тану |
5
14 |
Жұптық жұмыс: білгірлер сараптамасы
Еліміздегі табиғат пен адам өмірі үшін ғаламдық жылыну салдары. Қазақстан мұндай жағдайда қандай әрекет жасауы керектігін ұсыныңдар. Топтық жұмыс: ДЖИГСО әдісі 1-топқа тапсырма Қазақстан климатының өткен уақыттағы өзгерісі. 2-топқа тапсырма Ғасырішілік тербеліс ырғақтарына сипаттама. 3-топқа Климаттың қазіргі кездегі өзгерістері. 4-топқа тапсырма Қазақстан климатының болашақтағы өзгеруіне сипаттама.
|
Пікірлеседі. Түсіндірме көрнекіліктерін тақтаға іледі.
Өз ұсыныстары мен дәлелдерін қорғайды.
|
ІV. Қорытынды | 2
3
|
Үйге тапсырма: 21-тақырып
Кері байланыс: «Бұлтты кесек әдісі». Оқушыларды әр тапсырманың дескрипторларына қарай бағалаймын. |
Оқу және термин сөздермен жұмыс жасау.
Кеспе қағазға орындайды.
|
ДОТІЖО:———————————-М.Жамантаев.