Мен сабаққа барамын

Алматы қаласы, Бостандық ауданы

№94 мектеп-гимназиясының

Бастауыш сынып мұғалімі

Советбаева Айдана Жандосқызы

 

Мен сабаққа барамын

Мен- мұғаліммін. Бұл деген, өмірде адам баласы бас иіп құрметтейтін, есімі мен бейнесі жүрек түкпіріндегі сан естеліктердің дарасы болып жадыңда тұратын, жаныңа жақын аяулы жан. «Қазақтың қаны бір, жаны бір жолбасшысы – мұғалім. Еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын — мұғалімдердікі»,- деген екен қазақтың кемеңгер ақыны М. Жұмабаев. Ертеңгі күннің бүгінгіден жарқынырақ болуына ықпал етіп, адамзат қоғамын алға апаратын құдіретті күш тек білімге ғана тән. Демек, қай елдің болсын өркендеуі, өркениетті дүниеде өзіндік орын алуы білім саласының даму бағытына тікелей байланысты.

Адамзат өркениетінің даму тарихында жақсы мектебі мен мұғалімдері бар мемлекет ғана алға озып шыққан. Мектеп – үйрететін орта, оның жүрегі- мұғалім, ұстаз мектепте басты тұлға болып қала береді, себебі халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ешбір керемет заманауи технология мұғалімді алмастыра алмайды. Менің мұғалім ретінде міндетім — жеке тұлғаны қалыптастыруға атсалысу, қоғамның бір бөлшегі жас жеткіншектерді білім нәрімен сусындату, оларды өмірден өз орнын табуға көмектесу, бағыт — бағдар беру. Осы қиын да қызық мамандық мені ешқашан жалықтырған жоқ, қайта өмір сүруге күннен — күнге құлшынысымды арттырып, жаңа жолдар мен шешімдерді, жаңа әдіс — тәсілдерді іздеуге итермелейді.  Еліміздің Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев: «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында» деген болатын.

Халқымызда «Жас келсе — іске» деген керемет сөз бар. Демек, мен бойымдағы жастық жігерімді, күш — қуатымды, жаңашылдығымды шәкірт тәрбиелеуге жұмсауым керек. «Егер мұғалім жеке басында өз ісіне сүйіспеншілікті және оқушыларына сүйіспеншілікті ұштастыра білсе, ол нағыз мұғалім» деген орыс жазушысы Лев Толстойдың нақыл сөзін жадымда ұстаймын. Өйткені ұстаз – мақтан тұтар, ұлы мамандық. Өмірдегі көп мамандықтардың ішінде жан-жақты білімділікті, шеберлікті, сүйіспеншілікті қажет ететін мамандық. Олай дейтін себебім, мұғалім еңбегі біріншіден, сапалы білім беруге тиіс болса, екіншіден, үнемі шәкірттерімен тығыз қарым-қатынаста болып, білсем, үйренсем деген бала арманын жүзеге асыратын маман. Болашақта өз оқушыларымды биік белестерден көрсем, сол үшін өзімнің кішкене де болса үлесім тиген болса, мен өзімді бақытты ұстаз, бақытты адам деп білемін.

Мен — ұстазбын, мен — мұғаліммін, мен — зерттеушімін, мен жас ұрпақты келешекке жетелеп апаратын — тәрбиешімін. Өзім бастауыш сынып мұғалімімін, сонымен қатар сынып жетекшісі ретінде бала тәрбиесіне тікелей араласып келемін. Менің қызмет жолындағы педагогикалық ұстанымым — ел есінде бір жыл қалғын келсе — ас бер, он жыл қалғың келсе — ағаш отырғыз, ал мәңгі қалғың келсе — бала тәрбиеле.

Оқушы – гүл, мұғалім – бағбан. Бағбан жақсы күтім көрсетсе, гүл әдемі өсіп шығады. Мен – ақыл дәнін сепкен бағбанмын!

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *