“Балабақша бақыт-шаттық еркіндік баспалдағы.”
ЭССЕ «БАЛАБАҚША-БАҚЫТ -ШАТТЫҚ, ЕРКІНДІК БАСПАЛДАҒЫ»
«Нұрсәт» балабақшасының тәрбиешісі: Ерназарова Ұлболсын Елмұратовна
«Болашақ ұрпағымызды тәрбиелегенде,
оларға жастайынан жақсы қасиеттерді
сіңіре білсек, сонда ғана біз ұлттық рухани
дамыған, Отанының гүлденуіне өз үлесін қоса алатын азамат азаматшалар өсіре аламыз»
Білікті ел болу жолында ұрпаққа тәрбие беру үшін басынан бастап өзекті мәселерді қолға алу қажет. Дүние есігін алғаш ашқан әр сәби отбасында ата-әжесінің, әке-анасының және бауырларының махаббаты мен жылулығына бөленіп өседі. Әр отбасында берілетін тәрбие түрліше болады. Өздерінің қалыптасқан отбасылық құндылықтары арқылы тәрбиеленеді. Ал білім мен тәрбие беретін балабақшада жаңашылдық пен заманауилықты ұштастыра отырып, елін сүйетін, адамгершілігі қалыптасқан ұрпақты тәрбиелеуге үлкен жауапкершілікпен қарайды.
Эссеге арқау болып отырған «Балабақша-бақыт баспалдағы» тақырыбына тоқталар болсам балабақша тек бүлдіршіндердің келіп-кететін мекені емес,ата-аналар үшін баласын уақытша әкеліп тастайтын орын болмауы керек. Осындай көзқарастар болмауы үшін балабақшада үнемі жүргізілетін жұмыстар жаңарып, мықты болуға жұмыстанып отырады.
Балабақшаға бүлдіршіндердің қызығушылығын қалыптастыру үшін үйде еш ойнамайтын, көрмеген дүниелерді ұйымдастырып отыру әрине әр педагог-тәрбиешінің біліктілігіне байланысты. Балабақша бүлдіршіндерге қызықты ойындар үйрететін, ертегілер айтатын, әндер үйренетін және достарымен қарым-қатынас жасай алатын шуақты мекен.
Балабақша-бақыт баспалдағы болу үшін тәрбиешінің қосар үлесі мол. Тәрбиеші мамандығының қызығы мен қиындығы қатар жүреді.Балабақшада бүлдіршіндерге өмірде не дұрыс, не бұрыстығын түсіндіріп өсіру ең қиын іс, егіншілер егінін баптап өсірген сияқты үлкен жауапкершілікті талап ететін еңбек. Жасыратыны жоқ тәрбиеші болу өте қиын, себебі қазіргі таңда әр бала әр үйдің еркесі, дегендерін жасата білетін болып өсуде, сол себепті кейбір ата-аналарда қиындықтарын көрсетіп жатады. Осындай қиындықтан шығу үшін әр тәрбиеші өздерінің тәжірибесінің, парасаттылығының арқасында тіл табысып бірлесіп жұмыстарын атқарып отырады.
Мен Муратова Айгуль Махсудовна «Ботақан» балабақшасында 8 жылдан бері еңбек жасап келемін. Бұл мамандықтан еш жалыққан емеспін. Өйткені менің осы уақытым алдымдағы сүйкімді кіп-кішкентай бүлдіршіндерге арнаған ең бақытты да, бағалы кездерім деп білемін.
Тәрбие отбасынан басталатындықтан қашанда алдымдағы тәрбиеленушілердің ата-анасымен жете танысып, үнемі қарым-қатынаста болуды өзіме басты мақсат етемін. Әр бала дарынды немесе дарынсыз, жылдам немесе ақырын қимылдасын бәрібір өздеріне деген сүйіспеншілікті қалайды. Сондықтанда әр баланың жанын түсініп, мақтап, көмек көрсету арқылы өз қызметімді жақсы жетістіктерге жеткізуге жұмыстанамын.
Тәрбиеші деген сөздің мағынасына үңілер болсам, мақсаты тәрбие беру екенін түсінемін. Сондықтан тәрбиешіге артылар жүк жеңіл еместігіне көзім жетеді. Балабақшада дұрыс тәрбие бере алсақ, ол ертең мектепке барғанда саналы түрде сапалы білім алуға тырысады.
Біз тәрбиешілер түрлі болашақ маман иелерін тәрбиелеудеміз. Тәрбиеші жұмысы оңай емес. Бірақ абыройлы, сыйлы жақсы тәрбиешіні балалар ешқашан ұмытпайды. Оған дәлел жыл сайын қимастықпен мектепке шығарып салған тәрбиеленушілерім. Олармен кездесе қалсам маған қарай жүгіріп келіп құшақтағанда олардың сағыныштарын көремін. Оларды ешқашан ұмыту мүмкін емес. Сені балалар жақсы көреді және сенен әрдайым жаңа нәрселерді күтеді. Ал мен олардың өмірімен бірге өмір сүремін, олардың жетістіктеріне қуанамын.
Мен бақытты болуды былайша жауап берер едім.
-Мен әр бүлдіршіннің мөлдіреген көздерін көруіммен бақыттымын.
-Мен олардың бал тілін естумен бақыттымын.
-Мен олардың сыңғырлаған күлкісін естумен бақыттымын.
-Мен оларға білім беріп, қиялын самғатумен бақыттымын.
-Мен бүлдіршіндерімнің үлкен мықты, дарынды азамат пен азаматша болғандарына куә болып, азда болса өз үлесімді қосқаныма бақыттымын.
Менің еңбек еткен 8 жылдың ішінде жинаған тәжірибемді жас мамандарға үйретіп, үнемі қолдау көрсетіп отырамын. Кішкентай балалармен жұмыс жасау өте қызықты. Оларға айналадағылардың бәрі қызық, бәрін танып білгісі келеді көп сұрақтар қояды. Сондықтан олардың балдай тәтті қылықтары мен былдырлаған тілдері өте қызықты.
Тәрбиеші ең алдымен балаларды өте жақсы көруі керек, жұмысқа деген ынтасы мен балаға деген мейірімі, жылуы болуы маңызды. Осы қасиеттердің бәрін жас мамандарға тәлімгер ретінде үйретіп отырамын. Үнемі тәрбиеленушілерімді балабақша және аудандық іс-шараларға және интернет арқылы республикалық сайыстарға қатыстырып жүлделі орындарға ие болып келемін. Балабақша- бала бағбандарының мекені деп тани отырып, бақыттың баспалдағына айналдыру біздің біліктілігіміз бен еңбекқорлығымызға байланысты.
Балабақша – бақыт баспалдағы. Әрбір бақша табалдырғын аттаған бүлдіршіндердің қадамдарына ертеңге деген нық сенім, патриоттық сезімді ұялатып, ұлт ұрпағын тәрбиелейтін білім мен тәрбие беретін алтын қақпа.
Егеменді еліміздің мәңгілік ел болып, мәңгі жасауы өз тұғырынан түспеуі болашақ ұрпағымыздың қолында. Болашақ ұрпақты талапқа сай ел мақтанышы етіп тәрбиелеуде балабақшаның рөлі зор.Сондықтан да балабақшаны «Балабақша – бақыт-шаттық еркіндік баспалдағы » деп атаудың өзі шынайлықты көрсетеді.