Дін. Қоғам. Жастар.

Дін. Қоғам. Жастар.

(баяндама)

Қазіргі таңдағы маңызды болған мәселенің бірі, бұл – дәстүрлі емес діни қозғалыстардың қызметтерін ретке келтіру. Себебі, олардың әрекеттері қоғамда кереғар көзқарастар туғызып келеді. Қоғам мүшелерінің біршамасы өзінің тарихи, дәстүрлі діндерінен шығып, секталардың шылауында адасып жүр. Осының негізінде дәстүрлі отбасылық және қоғамдық қарым-қатынастарда діни көзқарастарғабайланысты түсініспеушіліктер орын алуда. Адамды адастырушы діндерге кірген кейбір қандастарымыз, өз отбасының ойранын шығарып, ата-анасы, бауырларымен басқаша қатынас жасап, өз сенімін насихаттап және өз көзқарастарына өз жақындарын да мәжбүрлеуде. Өзімшілдікке бой алдырған кейбір бауырларымыз өз үйін, жеке мүлкін сатып, ортақ қауымдық меншіктеріне беріп, отбасылық өмірден (ата-ана, бала-шаға, туыстары) бас тартып, адамды көрсоқырлыққа итермелейтін діни-нанымдардың соңына еріп, өзгелердің қол шоқпарына  айналғаны  өкінішті. Бұл – дәстүрлі  отбасылық өмірді  өзгерту. Мұндай діни көзқарастары алуан түрлі жандардың ешқашан бір шаңырақтың астында береке-бірлікте өмір сүре алмайтындығын көріп отырмыз. Отбасы – кішігірім бір мемлекет. Демек, бұл – бүтін бір ұлттың шаңырағын шайқалту әрекеті деп білеміз. Кез-келген партиясының, саяси ұйымның, діни ұйымдар мен бірлестіктердің, конфессиялардың белгілі бір мүддесі болады. Шартты түрде діни секталардың іс-әрекеттерін екі түрге бөлуге болады: 1. Санаға шабуыл жасауды мақсат ететін діни секталар; 2. Белгілі бір мүдде үшін әрекет ететін діни секталар. Діни ұйымдардың үгіт насихаттар жасап, жастарды өз арбауына, шырмауына түсіріп, санасын улауы, отбасының бұзылуына әкеп соқтырады. Бұл халықты араздастыру мен арандату болмағанда не? Екіншіден, кейбір діни секталар мемлекеттің тұтастығы мен тұрақтылығына нұқсан келтіреді. Атақты тарихшы Л. Гумилев: «Бір халықты идеологиялық тұрғыда жаулап алу, қару қолданып, күш жұмсаудан арзан, әрі анағұрлым тиімді» – екенін айтқан.

Біз тілімізді, дінімізді, салт-дәстүрімізді мәнгі ұмытпауға, оны әрдайым есте сақтауға міндеттіміз. Басқа діни секталардың арбауына түсіп өз дінін, өз отанын сату деген сөз. Себебі, дін біздің рухани болмысымыз, бүгінгіміз бен ертеңіміз және болашағымыз. Біз түрімізбен қазақ емес, керісінше тілімізбен және салт- дәстүрімізбен қазақпыз. Діни секталардың арбауына түсіп қалмау үшін не істеу керек деген сұрақ туындайды. Діни секталардың арбауымен алдауынан сақтану шаралары халықтардың ынтымақтастығы, ауызбіршілігі, мемлекеттік ішкі қауыпсіздігімен тұрақтылығы үшін жасалады. Бұл бір ғана адамның немесе мемлекеттің жасайтын ісі емес. Діни секталардың арбауы мен шырмауына түсіп қалмас үшін оның алдын алу қажет; Діни секталарды тіркеуге алу ҚР Әділет министірлігі, Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы, бұқаралық ақпарат құралдары, құқық қорғау органдары, жергілікті әкімдіктар, жоғары оқу орындары, мектеп, ата-аналар діни секталрдың арбауына түспес үшін мынадай шаралар жүргізуі қажет. – біріншіден- Қазақстан мұсылмандар діни басқармасы діни секталарға қарсы мешіттерде халыққа ақ пен қараны ажыратып, діни секталардың шынайы бет-пердесін ашып беруі, діни басқармада және әрбір облыс мешіттерінде діни танымдық газет-журналдар ашуы, жастардың діни сауатын ашу үшін 1-2-3-айлық курстарын ұймдастыруы; – екіншіден- бұқаралық ақпарат құралдары діни секталардың заңсыз және жағымсыз іс-әрекеттерін халыққа дер кезінде және шынайы түрде баяндап отыруы, беделді дін танушы ғалымдарының діни мәселелер, имандылық тақырыптарындағы бағдарламаларын ұйымдастыруы қажет. – үшіншіден- әрбір жоғары оқу орындарында университет, ұжым болып діни секталардың ланкестік іс-әрекеттеріне қарсы, семинарлар, лециялар ұйымдастыруы; Төртіншіден- мектептерде мектеп ұжымы, сынып жетекшілері де жас буынға дін негіздері, имандылық, әдеп сабақтарын жүргізуі. Бесіншіден- әрбір ата-ана баласын күнделікті қадағалап, тәртібіне, сабағына, жүрген ортасына, немен айналысып жүргеніне мән беруі, имандылық пен инабаттылықты жастайынан бойына сіңіру қажет.

Қазақстанның қоғамдық өміріндегі діннің қазіргі ахуалы: әлеуметтік саяси өмірдің көптеген саласында діннің әсері күшеюде; халықтың көлемді тобының күнделікті өміріне діни бірлестіктер әсер етуде; діни білім саласы дамып, оның қаржы және материалдық базасы нығаюда; шет елдерден келген діни бірлестіктердің Қазақстандағы миссионерлік және насихаттау әрекеттері жандануда. Бүгінде елімізде тіркеліп, қанатын кең жая бастаған дәстүрлі емес діндер: иегова куәгерлері, кришнаны тану қоғамы,уаххабизм,т.б. Қоғамда мұндай түрлі діни ағымдардың таралу себептері: Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген шақта қиын-қыстау кезеңге тап болды да, коммунистік идеологияның құлдырауы нәтижесінде пайда болған идеологиялық кеңістікті діни идеялар толтырды; Белгілі діни қайта өрлеу кезінде елімізді түрлі жаңа конфессиялар жаулап, қоғамға өз әсерін тигізе бастады; Дәстүрлі емес ағымдар мен деноминациялардың басым көпшілігі дүниетанымдық кеңістікті өздерінің «керемет» идеологияларымен толтырып, елсенді психологиялық шабуыл арқылы отандастарымызыды қатарларына тартуда; Жастардың тоталитарлы культтардың шырмауына түсуінің алғышарттары мынадай: жанұя жағдайындағы күйзелістер, өтпелі кезеңдегі психологиялық ахуал, болашақ өмір алдындағы үрей, айналадағы ортамен қарым-қатынастағы мәселелер, өз елінің тарихын, дінін, рухани мұрасын толық білеуден туатын тәрбиенің жоқтығы. Ислам діні туралы білімнің таяздығы. Қоғамда жастардың діни сауаттылығын жетілдірудің қажеттілігі немесе адастырушы діни ағымдармен күресудің жолдары: секталардағы жастар өмірге, жанұяға деген қызығушылықты жоғалтып, Отанға деген патриоттық сезімнен жұрдай болады. Болашақта жаңа діни бірлестіктердің әрекеттерін заңды түрде қатаң бақылауға алып, ғылыми негізі конфессионалды саясат жүргізілуі тиіс. Біздің көп ұлтты және көп конфессиялы қоғамымызды конфессиялық экстремизмнің пайда болу мүмкіндігіне үстірт қарауға болмайды, олай ету мейлінше қауіпті. Соңғы кездері көптеген шет мемлекеттерге барып діни сауатын ашушылар көбейіп кетті. Дінімізді солардың ықпалынан таза сақтау үшін ерекше білімді, елін сүйетін отандық дін мамандары қажет. Мектепте және жоғарғы оқу орындарында дінтану, теология курстарын тереңдету оқытуды қажет етеді. Мемлекет тарапынан арнай бағдарлама құрылып, жастардың өзге діннің шырмауында кетпесі үшін алдын алу жұмыстары атқарылуы керек. Қазақстанда конфессиялық қауіпсіздік – мемлекеттік кепілдіктер мен халықтардың және ұлттардың рухани әлеуметін қорғаудың, сондай-ақ дәни сенім еркіндігіне қауіп төндірушілік пен дінаралық келісімге бірмезгілде қарсы тұрушылық әрекеттерінің жүйесі ретінде: біріншіден, Құдайға құлшылық ету және белгілі бір діндердің ережелеріне сәйкес ырым-жораларды сақтау үшін, ұлтына қарамастан, Қазақстанның әрбір азаматының діни толық еркіндігі мен бостандығын алдағы уақытта да қамтамасыз ету үшін мемлекеттің кепілдігі мен қолдауы қажет. Екіншіден, Қазақстан зайырлы мемлекет ретінде конфессияаралық қақтығыстарға қарсы әрекет ететін шаралар қолдануы керек. Үшіншіден, мемлекет ұлттық қауіпсіздікке, қазақстандық азаматтардың өмірі мен сау-саламаттылығына қатер төндіретін діни экстремизмнің кез келген көрінісімен мақсатты түрде және нәтижелікпен күрес жүргізіп, оны жүзеге асыруы қажет.

Мемлекеттің негізгі тірегі – татулық пен болашақ, ал болашағы – жастар. Болашақ ұрпақты имандылыққа тәрбиелей отырып, халық дәстүрін жүрегіне ұялатып, санасына жеткізу- бүгінгі білім мен тәрбиенің басты міндеті, ересектер парызы. Сондықтан да имандылықтың негізгі құралы халық даналығы, дәстүрі мен дінінің тәрбие жөніндегі пікірлері өйткені екуі біріне –бірі ұқсас. Екеуінің де негізгі мақсаты адам баласын асып- таспауға, адамшылыққа, имандылыққа, білім- ғылымға шақырып, ынтымақта болуын талап етеді. Бүгінде отансүйгіштікті, ел мен жерді сыйлауды, ұлтжандылықты, ұрпақтар сабақтастығын қалыптастырудың, ұлттық намыс пен ұлттық жауапкешілік туын жоғары ұстаудың, Ата заңымызға, мемлекеттік Елтаңба, Ту, Әнұран мен наградаларғва шынайы құрмет сезімін әрбір отандасымыздың қаны мен жанына сіңіріп, адамгершілік қадір-қасиетіне айналдыру аса маңызды. Терең біліміне сай өнегелі тәрбие алған иманды азамат – еліміздің жарқын болашағының кепілі.

 

БҚО, Орал қаласы, №33 ЖОББМ директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Турдалиева Умит Адильбековна

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *