Оқу сабағының жоспары Бөлшек-сызықты функция
МКҚК «Алматы мемлекеттік политехникалық колледжі»
Оқу сабағының жоспары №_3__
1. | Модуль/пән атауы | Математика | ||||||||||||
2. | Бөлім/Сабақ тақырыбы | 11.3 тақырып. Бөлшек-сызықты функция. | ||||||||||||
3. | Педагог | Сигаева Венера М. | ||||||||||||
4. | Өтілген күні | « » 2022 ж. | ||||||||||||
5 | Жалпы мәліметтер | Курс 1 | Топ ТЗИ22-1, П22-1В, Т22-1А, П22-1ЕК | |||||||||||
6. | Сабақтың түрі | Аралас | ||||||||||||
Мақсаты | , бөлшек-сызықты функциясының қасиеттерін анықтау және оның графигін салу | |||||||||||||
Міндеттері | 1) бөлшек-сызықты функциясының анықтамасын біледі.
2) Бөлшек сызықты функцияның қасиеттерін анықтайды. 3) Бөлшек сызықты функцияның графигін салады. |
|||||||||||||
7 | Күтілетін нәтижелер | бөлшек сызықты функцияны түрлендіреді;
бөлшек сызықты функцияның қасиеттерн біледі; бөлшек сызықты функцияның графигін салады; – бөлшек сызықты функцияның асимптоталарын табады; – бөлшек сызықты функцияның анықталу облысын табады; – бөлшек сызықты функцияның мәндер жиынын табады; – функцияның нөлдерін табады; – х осімен қиылсу нүктелерін табады; |
||||||||||||
7. | Қажетті ресурстар | Оқулық, слайд, таратпа қағаздар | ||||||||||||
Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиеттер | Алгебра және анализ бастамалары, 10 сынып, I бөлім Әбілқасымова А.Е. оқулығы | |||||||||||||
Техникалық құралдар, материалдар: | Компьютер, слайд, есептер | |||||||||||||
Сабақтың барысы | ||||||||||||||
1. | Ұйымдастырушылық–мотивациялық (5 мин.): | |||||||||||||
Амандасу, сыныпты түгендеу | ||||||||||||||
2 | Білімді өзектендіру (15 мин.): | |||||||||||||
Үйге берілген есептерді тексеру, сабақ тақырыбымен таныстыру, мақсатын айқындау.
Бағдаршам әдісі арқылы үй тапсырмасын тексеру; Әр оқушығы қызыл, жасыл, сары түсті стикерлер беріледі. Оқушылар көршіңмен алмастыр тәсілі арқылы бір-бірімен дәптерлерін алмастырады. Слайдта үй жұмысының дұрыс жауабы көрсетіледі. Әр тапсырмаға түстерді көтереді. Егер есеп дұрыс болса жасыл, жартылай дұрыс болса сары, қате болса қызыл түсті көтереді. Оқушылар пазл арқылы топқа бөлінеді. «Миға шабуыл» әдісі Өткен тақырыптар бойынша сұрақтар қойылады 1. Функция деген не? 2. Функцияның анықталу облысы деп нені айтады? 3. Функцияның мәндерінің жиыны деп нені айтады? 4. Функцияның берілуінің қандай тәсілдерін білеміз? Оқушылар жаңа тақырыпқа қадам жасау арқылы өз ойларын жеткізеді Сабақ мақсатымен танысады. |
||||||||||||||
3 | Жаңа білім мен дағдыны/Кәсіби білікті қалыптастыру (40 мин.): | |||||||||||||
Жаңа тақырыпты слайд арқылы мысалдармен түсіндіріп өтемін.
Деңгейлік тапсырмалар: Топтық жұмыс. Әр топқа 3 деңгейдегі тапсырма беремін. А деңгей Функцияның графигін салыңдар: 1 топ: 2 топ: 3 топ:
В деңгей Функцияның графигін салыңдар: 1 топ: 2 топ: 3 топ:
С деңей 1 топ: 2 топ: 3 топ:
Саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілін басшылыққа алып оқушыларды ауызша қолдап, мақтап және қажетті жерлеріне өзгерістер енгізіп отырамын. Карусель әдісі арқылы шешімдерді тексеру. Әрбір топ өзінің шешімдерін сағат бағыты бойынша көршісіне береді. Тексеруден кейін осы іс- қимыл өз тапсырмалары қолдарына тигенше әрі қарай жалғастырылады. Әрбір топ басқа топтарға төмендегідей бағаларын қояды: «!»- шешімімен келіседі, бірақ ескертулер бар; «V»- шешімімен толық келіседі; «?»-шешімімен келіспейді. Әр топ тапсырмаларын қолдарына алғанда слайдтан дұрыс жауабын көрсетемін. |
||||||||||||||
4 | Жаңа тақырыпты бекіту (15 мин.): | |||||||||||||
Жеке жұмыс жаттығулары
1.Келесі функциялардың қайсысы бөлшек сызықты болады? (бірнеше дұрыс жауабы бар). А) B) C) D) E) 2. Айнымалының қандай мәндері үшін функцияның мәні болмайды? 1) , x= 2) y=, x= 3) x= 3. Функцияның анықталу облысын, мәндер жиынын және осьтермен қиылысу нүктелерін табыңыз: . Анықталу облысы D(y)= Мндер жиыны E (y)= Осьтермен қиылысу нүктелері: Oy-пен , Ох-пен |
||||||||||||||
5 | Бағалау (5 мин.): | |||||||||||||
Үй тапсырмасы: дәптерлерін жинау
Жұптық жұмыс:Өзара бағалау. Топтық жұмыс: спикерлердің бағалауы |
||||||||||||||
6 | Үй тапсырмасы (3 мин.): | |||||||||||||
Үй тапсырмасы: Алгебра және анализ бастамалары, 1-бөлім. | ||||||||||||||
7 | Рефлексия (7 мин.): | |||||||||||||
«Релексивті нысана» әдісі арқылы оқушының білім деңгейін анықтау
1. Менің сабақта түсінгенім. 2. Жаңадан білген 1 факт. 3. Мен келесі сабақтан білгім келеді. 4. Менің түсінбей қалғаным. |
Дайындаған педагог ________ Сигаева В.М.
(қолы)
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718