Көркем мәтіндегі жергілікті тіл ерекшеліктерінің аудармада берілуі (Смағұл Елубайдың “Ақ боз үй”романы бойынша )

 

Көркем мәтіндегі жергілікті тіл ерекшеліктерінің  қолдану аясын, бір тілден екінші бір тілге берілу жолдарын қарастыру – әлі де болса шешілмей келе жатқан мәселелердің бірі. Қазақ тілінің жергілікті тіл ерекшеліктерінің қатарында әдеби тілдің кәдесіне жарайтын, оны байытатын элементтер де, керісінше, әдеби тілді шұбарлайтын, оның дамуына, нормалануына,  бір қалыпқа түсуіне,  кедергі келтіретін элементтер де кездеседі. Ал бұл жайттың аударма жасау барысындағы күрделілігі тіпті өзекті болып табылары сөзсіз.

 

Жергілікті тіл ерекшеліктері жалпы көпшілікке бірдей таныс болмайтындықтан, олардың көркем әдебиеттегі қолданылуы көп талас тудырған мәселелердің бірі болып келді. Ол, ең алдымен, шығарманың тақырыбына, мазмұнына, суреттелетін оқиғаларға, автордың мақсатына, эстетикалық идеалы мен шеберлігіне байланысты.

 

Жалпы ғалымдардың тұжырымындауынша, қазақ диалектісі туралы тұңғыш пікір айтқан және «жергілікті тіл ерекшеліктер» деген терминді алғаш ендірген Жүсіпбек Аймауытұлы болды (Е.Жанпейісов. Жүсіпбек. Тіл туралы // Тілтаным, 2001, №3; О.Нақысбеков. Ж.Аймауытұлының диалектология туралы негізгі ойлары. Ж.Аймауытұлы 1926 жылы «Еңбекші қазақ» газетіне жариялаған «Тіл туралы» деген мақаласында: «Қазақтың әр елінде, әр гүбірнесінде өздері ғана қолданатын, өзге елдер білмейтін тілдер бар. Мұны ғылым тілінде жергілікті тіл (провинциализм) деп атайды» деп анықтама береді.  Жүсіпбек Аймауытұлы әдеби тілге: «Ол тіл қара халықтың сөйлеп жүрген тілінен өзгеше, ойдан шығарылған, көктен түскен тіл емес, сол қара халықтың сөйлеп жүрген тіліндегі ең қолайлысы, қонымдысы, таңдамасы, пернелісі болуы керек», – деп анықтама бере келіп, жергілікті сөздерді әдеби тілге қатысына қарай: 1) пайдалы сөздер, 2) зиянды сөздер, 3) даулы сөздер деп бөліп, жіктейді.

 

Көркем әдебиет тілінде кездесетін жергілікті тіл ерекшеліктерінің бәрін бірдей әдеби нормаға жат дей беруге болмайды. Бұл орайда Н.Уәли: «Жалпы, диалект сөздерді зерттеу бірнеше мақсатпен байланысты. Біріншіден, бұл өзі – тарихи категория. Сондықтан да жалпыхалықтық тілдің тарихы мен қалыптасуын, оларды лексика-фразеологиялық, граматикалық жағынан тексеру мәселелерінде диалектілердің көп пайдасы бар. Екіншіден, мұны әдеби тілді байытудың бір көзі ретінде қарау керек. Кейбір жаңа ұғымдарды, заттарды немесе бұйымдарды қазақша атау керек болғанда және баламасы әдеби тілден табылмаған жағдайда оларды осы жергілікті ерекшеліктерден іздеген абзал. Диалектизмдерден алынатын, кәдеге асырылатын сөздер әлі де бар» [2, 16 б.], – дейді

 

Демек, көркем мәтінде қолданылатын диалект сөздердің мән-мағынасын ашып, қолданымдық аясын зерттеп, стильдік қызметін анықтау жұмысы орынсыз қолданылған жергілікті тіл ерекшеліктері мен әдеби тіл қатарына енуге бейім тұрған диалектизмдерді айқындауға мүмкіндік береді. Ақын-жазушылардың сөз қолданысы арқылы тілдің сөздік құрамы ұлғаяды. Олардың индивидуальді-авторлық сөз тудыру негізінде қалыптасқан атауыштық сөздер мен ұмытылып бара жатқан көне этнографизмдерді жаңғыртуы арқылы және де кейбір естілмей жүрген заттық мәдени диалектизмдері дүниеге қайта әкелуі арқылы сөздік қордың шеңбері ұлғая түседі.

 

Көркем әдеби стилінде кейбір диалектизмдер әдеби тілдік баламасы бола тұрса да қолданылады. Бұл – таза стильдік мақсатпен байланысты мәселе. Кейде бір сөйлемде бір сөзді екі рет немесе одан да көп қайталап қолдануға тура келеді.  Егер ондай әдеби сөздің жергілікті халық тілінде диалектілік сыңары бар болса да оны жазушылар көркем әдебиет стилінде қолданады.

 

Кейіпкерлерінің тілін бейнелеуде жергілікті ерекшеліктер қолданылады. Орынды, мақсатты түрде қолданылған  жергілікті ерекшеліктер тілдік экспрессияның тиімді құралы болып табылады.  Жергілікті тіл ерекшеліктерінің эстетикалық мәні контекстегі қолданысы мен ішкі уәжділігі негізінде айқындалады. Шығармада жергілікті тіл ерекшеліктерінің қолданылуы белгілі бір аймақтың колоритін, шығарманың шынайылығын бере алмайды. Сонымен қатар әдеби тілде жергілікті ерекшеліктерді шамадан тыс қолдану да шығарманың тілін шұбарландырып, түсініксіз етеді.

 

Диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер жергілікті халық өмірінің тарихы, тұрмыс-тіршілігі мен таным, көзқарастарына тікелей байланысты. Олар арқылы халық тілінің мол тілдік мұралары қалыптасып, дамып, қажетінше жалпыхалықтық тілдің мол тілдік қорына эсер етіп, оларды байытып отырады. Тілімізде айшықты көрініс тауып, жергілікті жерге қатысты халықтың бүткіл рухани-мәдени өмірінен, өмір сүру салты мен әдет- ғұрпынан, тұрмыс-тіршілігінен т.б. мол нақты мәліметтер беретін диалектілік жергілікті тілдік ерекшеліктер материалдар, бірліктер арқылы көрініс табады. Қазақ тіліндегі жергілікті тіл ерекшеліктері яғни диалектілерді зерттеу мен зерделеудің маңызы зор. Себебі ол біздің тіліміздің тарихы, тілдік байлығымыз, тіліміздің бір бөлшегі болып табылады. Тіл халықтың айнасы десе де болады…

Бұл орайда Ш. Сарыбаевтың «Жергілікті ерекшелік әдеби тілді байытудың көзі, әдеби тілге әр кезде азды-көпті еніп отырады, әдеби қолданысқа түскеннен кейін ол диалект болудан қалады. Егер жергілікті ерекшелік (диалект сөз) көркем шығармада арнайы стильдік мақсатта қолданылса, оны «диалектизм» деп атауға болады» [1, 37 б.], – дейтін пікірі көркем шығармада қолданылатын жергілікті ерекшеліктерді ажыратып, танып сипаттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұдан кейінгі азды-көпті зерттеулерде осы термин ұтымды қолданылып келеді.

Көркем шығармаларды, оның ішінде жергілікті тіл ерекшеліктерін аудару кезінде аудармашы белгілі бір қиындықтарға ұшырайды. Оның себебі шығармадағы кейіпкердің басқа өңірден, ауылдық жерден немесе басқа қаладан болуы. Жергілікті тіл ерекшеліктерін аудару кезіндегі басты қиындық ол стилистикалық және лексикалық нормалардан ауытқып кетпеу. Жергілікті тілдік ерекшеліктерді аудару барысында аудармалық түсіндірме, кейіпкердің туған жері, жасы,  басқа кейіпкерлерден сөйлеу стилінің не себепті ерекшеленетіні туралы түсіндірме беріп кеткен жөн.

Кейбір жағдайда аудармашылар мәтінді аудару кезінде жергілікті тіл ерекшеліктерін елемей, стандартты тілге аударуы мүмкін. Бірақ түпнұсқа тілдегі кітаптарды, көркем шығармаларды аудару кезінде тілдік ерекшеліктер, оның ішінде жергілікті тілдік ерекшеліктерді екінші тілге атмосферасы мен стилініне нұқсан келтірмеу маңызды.

Көркем шығармадағы жергілікті тіл ерекшеліктері кей жағдайда кейіпкердің сипатына ешқандай әсер етпеуі мүмкін, кей жағдайда керісінше оның сипатын түбегейлі өзгертіп жіберуі де таңқалдырарлық емес.

Зерттеу мақаламыздың мақсаты – көркем шығармалардағы жергілікті тіл ерекшеліктерінің аудармада берілу жолдарын қарастыру.

Зерттеудің дереккөзі ретінде Смағұл Елубайдың “Ақ боз үй” романы негізге алынды, түпнұсқаны ағылшын тіліне аударған Catherine Fitzpatrick, орыс тіліне аударған Л.Космухамедова және А. Жаксылыков.

 

Пахраддиннің даурыққан үні шықты.

— Түу, пәдеріңе нәлет, Мына кәрі қыртыңның пиғылын ұқтым! – деп екі иығы селкілдеп күлді.  – Уай, жігіттер! Анау келені алға шығарындар! Барлық гәп сонда!

-Ах ты, напасть! – послышался голос Пахраддина. Веселый голос. -Понял я, что хрычу-то моему надо! – Пахраддин смеется, аж плечи трясутся. – Уай, джигиты! Табун вперед, выводите! Вон тот… все дело в нем… «Damn you!» resounded Pakhraddin’s loud voice. “I realize now I need my old nag!” Pakhraddin laughed till his shoulders shook. “Oh, jigits! Lead the herd ahead! Over there…everything depends on them.”

 

 

Мысалда келтірілген келе сөзінің мағынасы “Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде” – бураның үйірі деген мағынаны білдіреді. Гәп сөзі сөздікте хабар, бос сөз, мылжың мағынасымен берілген. Ағылшын және орыс тіліне аударылу кезінде мәселе мағынасында аударылып тұр.

 

Кебеже, теңдер ашылып, дүние-мүлік, киім-кешек, кездеме маталар көрнекке ілінеді.Үй іші бай қызының жасауындай саусап жайнайды. Раскрывают сундуки и тюки, их содержимое – запасное убранство юрт, одежда, ювелирные изделия – развешиваются на аркане, натягиваемом поперек юрты. Все напоказ, даже то, что годами про черный день хранится. The trunks were open, the kebezhe, all the best garments were dragged out into the open air, the fabrics, everything was displayed for general review. People’s lives were transformed for several days by the multi-colored decorations of the yurt like the wealthy dowry of the bay’s daughter.

 

Екінші мысалға келетін болсақ, кебеже сөзі “Қазақ тілінің аймақтық сөздігіндегі” мағынасы: “түйемен көшіп-қону кезінде бала отырғызатын ағаш жәшік тәрізді бұйым”. Орыс тіліне ол сөзбе-сөз аударылса, ағылшын тіліне бұл сөз калька әдісі арқылы аударылып, соңына “a kebezh is a felt container” деп түсіндірме беріліп кеткен.

 

Әкесі бар тапқан-таянғанын осы тойға рабайсыз шашуда. Все состояние, можно сказать положил отец на торжество, был не в меру расточителен. Her father had spent his entire estate, it seemed, on the festivities, and had been excessively extravagant.

 

Рабайсыз сөзі “Қазақ тілінің аймақтық сөздігінде” өте, тым, шамадан тыс деген мағынада берілген. Рабайсыз сөзінің мағынасы көп.

 

 

Қорытынды

Сонымен, көркем шығармадағы жергілікті тіл ерекшеліктерін аудару аудармашының біліктілігін, аялық білімін, түпнұсқа және аударма тілдерінің тарихын, тұрмыс- тіршілігін білу керектігін көрсетті. Жергілікті тіл ерекшеліктерін аудару барысында оның қызметімен қатар, түпнұсқа жанрын, түпнұсқа және аударма мақсатын білу маңызды.

 

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

1 Мағауин М. Ғасырлар бедері. – Алматы, 1991. – 250 б.

2 Комиссаров В.Н. Слово о переводе. – Москва: Международные отношения,

  1. –216 с.

3 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы: Ғылым, 1999. –531-

534-бб.

4 Көркем аударманың кейбір мәселелері (мақалалар жинағы). – Алматы:

Қазмемкөркемәдеббас, 1957.

5 Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер. – Алматы: Арыс, 1998. – 215 б.

6 Алдашева А. Аударматану: лингвистикалық және лингвомәдени мәселелер.

– Алматы: Арыс, 1998. – 243 б.

7 Исаев С. Қазіргі тіл білімінің мәселелері. – Алматы: Арыс, 2008. – 624б.

8 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер. –Алматы:Ғылым, 1999. –581 б.

9 Сабурова Г. Аударма және рухания байлық // Қазақ тілі мен әдебиеті, 2000.

№5.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *