Таза қала бәрімізге керек

Таза қала бәрімізге керек
Біз қазақ халқы, Қазақстанда тұрамыз,яғни ол біздің үйіміз.Біздің ата-бабамыз жан,қанымен бізге аманат ретінде қалдырып кеткен ең асыл мұра ол-жер.Қазақ жері кең байтақ,құнарлы,тарихи естеліктерге толы,бәріміз туып өскен елді мекен.Сол үшін де ол бізге қымбат және ыстық.Барлық Қазақстандықтар біз бір үйдің баласындаймыз десем артық айтпаймын.Бірақ не себепті біз үйімізді таза ұстай алмай жүрміз?
Біз қала келбетіне көп мән береміз деп,оның экологиялық жағдайын ұмытып кетеміз.Әрине қала келбеті өзіміз үшін де, біздің елге келіп отыратын туристтер үшін де сәнді болуы шарт.Қалалар сәулетті үйлермен,жасыл желекті саябақтар мен,шығармашыл жандардың арихитектурасымен безендірілген.Бірақта бұл сәннің,тазалық жоқ жерде мәні болады ма? “Тазалық табалдырықтан басталады” демекші еліміздің экологиялық жағдайын қарастыру мәселесі біз үшін алдыңғы орында болуы тиіс.Ал біз қалалардың экологиясы төмен екенін қайдан аңғарамыз?
Мысал ретінде менің қалам-Алматы.Алматы тау бөктерінде орналасқан көркем мегаполис.Оны лас ететін біз адамдар,фабрикалардың жұмысы және экологияға жауап беретін қала басшылары.Алматы қаласында 900 мыңнан астам адамдар көлікпен жүретіндіктен қалада баланс жоқ.Алматыдағы экологияны бұзушылық тізімін жасасақ оған:автокөліктер,жылу электр орталықтары, өнер кәсіп орындары және газ тартылмаған жер үйлері жатады.Қала тұрғындары ең оңай зат,қоқысты қоқыс жәшігіне салмай кетеді немесе көп қабатты үй болса содан лақтырып жатады.Ол дегеніміз адамның өзінде гигиена жоқтығы.Қазіргі кезде қалада жәй қоқыс жәшігі ғана емес, қоқысты сұрыптау үшін арналған жәшіктер бар.Оларды да дұрыс пайдалана білу керек.Менің ойымша Алматының ең басты мәселесі ол ауа.Ауа ластану көрсеткіші 46 рет қалыптан асқан.Ең жоғарғы көрсеткіш Бостандық ауданындағы ҚазҰУ университеті маңында тіркелген екен.Бұл лас ауа адамдардың денсаулығын құртып,тыныс алу жүйесін ластап жатыр.Болашақта ол түрлі ауруларға әкеп соқтыруы мүмкін.Ауа мәселесін тазарту,жылдар бойы жұмыс істеп келе жатыр,бірақ нәтиже өкінішке орай аз.Қуантарлық жақтан волонтерлік жастар ұйымын айтқым келеді.Экология өзекті проблема болғандықтан,жер ананы құтқару үшін әр қалалардан жастар волонтерлік ұйымдар ашып қала тазалығын жақсарту мақсатында үлкен жұмыстар атқаруда.Әлеуметтік желілерде де,әлем экологиясы қызу талқылануда.Бұл жастар бастаған жаңа қозғалыс деп білемін.Экологияны жақсартуға менің ұсынар тізімім:көп ағаштар отырғызу, қоқысты лақтыра салған жағдайда үлкен көлемдегі айыппұл төлету,қоқысты дұрыс сұрыптау заңды болсын,қоғамдық көлік және вело инфрақұрылымды дамыту,қалаларды көгалдандыру жүргізу.Бұның бәрі Қазақстан экологиясына аздап болса да көмегін тигізер еді деп ойлаймын.Бұл ойды қорытындылай келе таза қала бәрімізге керек.Ол қаланы жақсарту үшін әр адам бірінші өзінен бастауы қажет.Біздің денсаулығымыз бен болашағымыз өзіміздің қолымызда.Сол себепті біз табиғатымызды аялауды борщ ретінде көріп,жұмыла жұмыс істеуіміз керек.Жер ана біз не істесек соны бізге қайтарып береді.

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *