«Психология – болашақтың мамандығы»

«Психология – болашақтың мамандығы»

      XXI ғасыр-психология ғасыры.

А.Энштейн

Мамандық таңдау-әр адамның өміріндегі ең маңызды шешім. Осыдан бірнеше жыл бұрын менің алдымда мыңдағын мамандықтан өзіме лайықтысын таңдау міндеті тұрды. Дегенмен таңдау жасауға Жүсіпбек атамыздың «Мамандықтың жаманы жоқ ,бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет,бұл-жәй күнелту,тамақ асыраудың ғана жолы емес,үлкен өнерді,зор шеберлікті қажет ететін нәрсе» деген сөзін өзіме бағыт сілтер қылып алдым. Сөйттім де «Психология» деп аталатын, адам жанын түсініп, демеу беру үшін, бағдар беру үшін осы мамандықты таңдадым. Менің өмірдегі басты мақсатым – балалар өмірге еш қорқынышсыз, зұлымдықсыз қарап, олар алдарында бір ғажап жұмбақтың шешімін табатындарына және де алда ашық, жарқын күндер күтетініне сенсе екен деймін. Өйткені әр адамның жан дүниесіне үңілу және адамдар арасындағы қарым-қатынастың жақсаруына үлес қосу мен үшін өмірдегі зор жетістік бірі.

Аз ғана уақыт болса да осы салаға аяқ басып көрдім. Санаулы ғана жасаған қадамымда көзім жеткені-жеке тұлғаның өмірге құштарлығының артуы, болашағына сеніммен қарап, келешекке нық қадам жасауы, өзіндік «Мені» бар, көзі ашық, көкірегі ояу, білімді де, білікті  боп қалыптасуының негізгі іргетасы мектептен қаланады екен. Сол мектепте мың түрлі мінезден  қорықпай, оларды зерттеп біліп, талмай еңбектеніп, жан-жақты ізденіп, өзін-өзі жетілдіріп жүретін ерекше мамандық иелері – психологтар. Олар әр адамның сүйіспеншілігін таза жүрегімен, мінсіз ақылымен, адал еңбегімен жаулап алып, жақсы өмір сүруіне, өмірге позитивті  қарауына барынша ат салысып келеді.

Мұғалім, ата-ана, оқушылар қай-қайсысына да қандай да бір қиындық туындаса  мектеп психологының көмегі қажет емес пе? Мәселен, мектеп психологы оқушылардың өз мәселелерінде  «іштен тынбауға» үйретеді, ұстаздарға кеңес береді, ал ата-аналарға өсіп келе жатқан ұрпаққа тәрбие беру барысында қолдау көрсетеді. Мен өз тарапымнан аталмыш жағдайда психологтың этикалық кодексінің «ешкімге зиян тигізбеу!» деген қағидасы бойынша шешуге тырысамын.

Осы жүріп өткен жолымда түйсінгенім – нағыз психолог болу үшін өзгенің өміріне өзіңнің өмірің ретінде қарап, олардың жан дүниесіне кіре білу екен.

 

Сезінгенім – «Жан сырын өзі ашсын» деп үстелдің екінші жағында қатып қалған адам психолог бола алмайды екен.

Аңғарғаным – әрбір жеке тұлға сенің оқымаған кітабың екен, әр парағын ашқан сайын жаңалық табасын, таңырқайсың, тамсанасың, қызығасың, қынжыласың.

Осындай зор жауапкершілігі бар психологиялық қызмет-адам жанына нәр беретін, жеке тұлғаға  кез келген ортада қарым-қатынасқа тез түсе алатын, замани талаптарға лайық әрекет жасауға   бағыттайтын игілікті жұмыс.

Жақсы психолог – адам жаны мен сырына қанығуы арқылы олардың ішкі әлеміне үңіле алатын ерекше жаратылыс. Құдіретті де мәртебелі , қасиетті де киелі осы мамандықтың иесі – бүгінгі Сіз және Мен, келешектегі біздің әріптестеріміз.

Біздің қолымызда бізден көмек сұрайтын адамның тағдыры мен оның жан дүниесі тұр. Ол адамның болашағы да психолог қолында тұр десем қателеспейтініме сенімім кәміл.

Менің, сенің таңдаған мамандығымыз – біздің мақтанышым! Өйткені біздің мамандық- өскелең өре, адамдық келбет, рухани биіктік мамандығы. Біз әр жаны жаралы жандарға керекпіз.

Адам жанының бағбаны, шыдамдылық пен табандылықтын үлгісі,асыл қасиеттері мен білімін басқаның бақыты мен зор болашағы үшін сарп еткен психология ол болашақтың мамандығы. Психология – ешқашан өлмейтін, өшпейтін, қайта күн санап мәртебесі арта беретін мамандық. Өзімнің де осы мамандықты таңдағаныма еш өкінішім жок, себебі, әр таңды өңілді әуен, жағымды ойлармен қарсы алып, адам баласына тек жақсылық, ізгілік тілеймін.   Бүгінгі таңда психология мамандығы әлемдегі ең танымал мамандықтардың үздік бестігіне кіреді. Психология ғылымы адам іс-әрекетінің түрлі салаларында дамуда. Олар: бизнес, саясат, медицина, білім салалары. Ғалымдардың  болжауы бойынша, XXI ғасыр – психология ғасыры болмақ. Мемлекетіміздің «Мәңгілік ел» болу үшін психологияның маңыздылығы зор.

 

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *