Lesson study «Оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу әрекетін дамыту жолдары»

 

 

 

 

      Lesson study  «Оқытудың белсенді әдістерін қолдана отырып, оқушылардың сөйлеу әрекетін дамыту жолдары»

Бимагамбетова Гульмира Сабитбековна

      Қостанай қаласы №3 мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі

 

Оқу жылының басында мектебімізде шағын сабақты зерттеу тобы құрылды. Оның құрамына орта буында жұмыс істейтін ағылшын және орыс тілі мұғалімдері кірді.

 

Зерттеу жұмыстары екінші тоқсанда басталды. Зерттеуге қатысушы мұғалімдер бірінші тоқсан нәтижелерін талдап, оқушылар арасында сабақтағы проблемалық аймақтарды анықтауға көмектесетін сауалнама жүргізді.

Талдау мәліметтері бойынша  кейбір оқушыларға жақсы нәтижеге жету үшін сөйлеу дағдыларын ұйымдастыруда көмек қажет екенін көрсетті.

Біздің топтың зерттеуінде 7-сынып оқушылары болды. Топтың мақсаты әртүрлі белсенді әдістерді қолдану арқылы оқушылардың сөйлеу дағдыларын дамытуға жағдай жасау.

Мұғалімдер зерттеу сабақтарын жүргізіп, сабақ нәтижелерін бірлесіп талқылады.  Мұғалімдер өз педагогикалық тәжірибесін жетілдіру бойынша бақыланатын оқушылармен алдағы жұмыс туралы қорытындылар жасады.

7-сыныпта 3 бақылау сабағынан тұратын толық циклдің нәтижесінде мен  (қазақ тілі мұғалімі)  әріптестерімнен келесі оқушыларға –А оқушысы, В оқушысы және С оқушысы бойынша ұсыныстар алдым. Ұсыныстарды Лобач Е.А., Павлюк А.В. берді.

А оқушысына ұсыныс- бұл оқушы сабақта өте белсенді, жақсы нәтиже көрсетеді. Оның сабақтағы іс-әрекетіне үнемі назар аударып отыру керек, өйткені ол қажетсіз нәрселерге, әңгімелерге зейіні ауысып отыруы мүмкін.

Сабақтын нәтижесінде бақылаушылар тобы мынадай ұсыныстар жасады:  А оқушыны топтың басшысы етіп тағайындау, сонда ол жауапкершілікті сезініп, бастаманы өз қолына ала бастайды.  Бұл ұсыныс екінші циклдің сабақтар топтамасын жоспарлау кезінде ескеріліп, оқушы оны сәтті аяқтағанын атап өткен жөн. Оқушының жауапкершілік деңгейі көтеріліп, зейінділігі артып, қажетсіз нәрселерге алаңдауды қойып, топтың табысты болуы үшін толық жауапкершілікті өз мойнына алуға тырысты.

В оқушысына ұсыныстар: Бұл оқушының өз пікірін айтуға ұялатыны, өз ойын айтпауды жөн көретіні сабақ соңында байқалды. Бұл ең алдымен, тақырып бойынша білім деңгейінің жеткіліксіздігінен тундаған мәселе. Бақылау нәтижелері бойынша келесі ұсыныстар берілді: оқушыға көбірек уақыт бөлу, сыныпта, немесе өз бетімен тапсырмаларды орындағанда қолдау көрсету.

С оқушысына сараланған жұмыс ұсынылды. Жұпты, топты ауыстырып отыру. Бұл оқушы енжар және жұмысты толық орындамайды, берілген тапсырманы аяқтамайды. Пән бойынша үлгірімі орташа.

Зерттеу тобының мүшелері сабақтарға қатысып, бақылағаннан кейін оқушылармен жұмыс жасау әдістемесі өзгертілді.

Мен 2-ші циклдің соңында оқушылардан  келесі күтілетін нәтижелерді анықтадым.

-Оқушылардың қазақ тіліне ынтасын арттыруда сабақта әр түрлі белсенді әдістерді қолдану.

-оқушыларға қолайлы орта мен жағымды көңіл-күй қалыптастыру.

Зерттелген 3 оқушыға тоқталу көптеген маңызды жайттарды анықтады. Сабақта әр түрлі ОБӘ стратегияларын қолдану  оқушылардың ынтасын арттыруға себеп болатынын түсінді. Тізбектелген сабақтар барысында «Джигсо», «Жуан және жіңішке сұрақтар», «Ассоциациялар» сияқты ОБӘ стратегиялары қолданылды. Сабақ барысында әріптестер осы стратегияларды қолдану кезінде оқушылардың белсенділігінің қалай өзгеретінін, жаңа материалды меңгеру және жетістік жағдайын құру үшін қандай әдістер тиімдірек екенін байқады.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *