Мақтанышым – Астанам.
Білім беру ұйымының атауы | Б. Қаратаев атындағы ЖОББМ | |||||
Пәні: | Әдебиеттік оқу | |||||
Бөлім: | Сәулет өнері | |||||
Педагогтің аты-жөні: | Р. Абуова | |||||
Күні: | 7.12.22ж | |||||
Сынып: 3 | Қатысқаны:13 | Қатыспағаны: | ||||
Тақырыбы | Мақтанышым – Астанам. | |||||
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты: | 3.2.1.1 мәтінді дауыстап /түсініп мәнерлеп/ оқу.
3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет, сценарий түрінде ұсыну. |
|||||
Сабақтың мақсаты | Мәтінді дауыстап /түсініп / мәнерлеп/ оқиды. Шығармашылық жұмысын сурет, сценарий түрінде ұсынады. | |||||
Сабақтың барысы | ||||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Педагогтің әрекеті | Оқушының әрекеті | Бағалау | Ресурстар | ||
Сабақтың басы
5 минут |
I.Ұйымдастыру.
Оқушылармен амандасу Психологиялық дайындық
Тәңір беріп, түскендей – ақ ой көктен, Тасты қашап, зәулім сарай салумен, Сәулетшілер әрбір тасты сөйлеткен. Жайнап салып ұлтыңыздың шырағы Өлең болып тұлпар өнер пырағы, Бізде бірақ… Алатаудың өзі сөйлеп тұрады, Сәулет деген сол бір өнер келмейді. Алыс сапар бастаса да жол мейлі, Бізде бірақ… Даламыздың ақ құмдары сөйлейді. Күн мен тасын сәулетшілер сөйлетсе Тау биіктеп,дала кеңіп кетпес пе ед?!…
Тақырыпты ашу. Топқа бөлу (Т) «Суреттер сыры» әдісі (қабырғаға ілінген бірдей фигураларды жинап, келесі бетінде жасырылған суреттерді дұрыс құрап, Астананың сәулетті ғимараттарын табады) І –топ: Бәй + ІІ – топ: + Қай қаланың сәулетті ғимараттарының атаулары шықты? – Нұр – Сұлтан қаласының Бәрекелді, балалар. Ендеше тақтаға назар аударып, осы Нұр – Сұлтан қаласының көрікті жерлерін бір тамашалап алайық. ( сәулетті ғимараттары туралы сұрау) -Жарайсыңдар балалар! -Олай болса бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Мақтанышым – Астанам» Сабақтың оқу мақсаттарын хабарлаймын. 3.2.1.1 мәтінді дауыстап /түсініп мәнерлеп/ оқу. 3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет, сценарий түрінде ұсыну. Мұғалімнің бағалуы ( бағалау түрлерімен таныстырып өтемін) Астананың әдемі ғимараттарың суретін үлестіру арқылы бағалау |
Мұғаліммен сәлемдеседі.
Өлең шумағын мәнерлеп айтады.
Оқушылар топқа бөлінеді
Бейне ролик тамашалайды.
Сәулетті ғимараттар туралы білгендеін айтады. |
Жарайсыңдар!
|
Әр түрлі фигуралардың артына жасырылған суреттер
АКТ |
||
Сабақтың ортасы
2минут Білу.
6 минут
5 минут
4 минут
4 минут
2 минут
2 минут
5 минут
4 минут
3 минут
|
(Ұ) «Радио хабарлайды» әдісі
(автордың өмірімен таныстыру)
Ермек Өтетілеуұлы (1938–2006) Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. Балаларға арналған «Ең күшті адам», «Әдептілік – әдемілік», «Биік үйдің балалары» атты кітаптары бар.
3.2.1.1 мәтінді дауыстап /түсініп / мәнерлеп/ оқу. 1- тапсырма «Шынжыр» әдісі ( оқулықтағы мәтінді тізбектей, дауыстап оқиды) Дескриптор: -Өлеңді дауыстап, мәнерлеп оқиды. «Бағытталған сұрақ» әдісі (конверттегі тақырыпқа байланысты сұрақтарды оқушы алып оқып, келесі оқушыға бағыттайды) – Есіл деген атау нені білдіріп тұр? – Астанадағы жаңа ғимараттарды ата ? – Еңбек түрі қалай дамыған? – Астана қандай қала? – Бәйтеректің сәулетшісі кім? Дескриптор: -Өлең мазмұнын ашатын сұрақтарға жауап береді.
3.3.3.1 шығармашылық жұмысын сурет, сценарий түрінде ұсыну. 2 – тапсырма ТЖ «Таңда, таста » әдісі (Әр топқа сәулетті ғимараттардың суреттері мен Астана туралы қосымша дереккөздерін ұсынамын. Дереккөздерді пайдалану арқылы әр топ өзіне берілген тапсырмаларды орындайды) І-топ: Ханшатыр, Думан, Бейбітшілік пен Келісім сарайы ІІ-топ: Бәйтерек, Ақорда, Мәңгілік ел Дескриптор: – Ханшатыр, Думан ойын-сауық орталығы,Бейбітшілік пен Келісім сарайы ғимараттарын тауып, орналастырады. – Мәліметтер айтады. – Бәйтерек, Ақорда, Мәңгілік ел ғимараттарын тауып, орналастырады. – Мәліметтер айтады. (топтар бір-бірінің жұмыстарын бағалайды) Cергіту сәті «Қыдырып қайтайық» ( балаларды қимыл- іс әрекетке жұптастыру) 3 – тапсырма (ЖЖ) «Көршіңмен бөліс» әдісі 1.Астананың бұрынғы атауы Ақмола Алматы Ақмешіт 2.Астананың символы Ханшатыр Ақорда Бәйтерек 3.Қай өзеннің бойында орналасқан? Каспий Балқаш Есіл 4.Думан ойын –сауық орталығында ? Океанариум Кинотеатр Автобекет 5.Бәйтеректің биіктігі қанша? 120 м 98 м 97 м Дескриптор: – Астананың бұрынғы атауын – Астананың символын – Қай өзеннің бойында орналасқанын – Думан ойын- сауық орталығында не барын – – Бәйтеректің биіктігі қанша метр екенін белгілейді. ЕБҚ 1-тапсырма. Қала атауына қатысты берілген дыбыстардан басталатын сөзбен сәйкестендір.
А – аспаны ашық – Елорда С – символы – Бәйтерек Т – табиғаты тамаша А – алып құрылыс қаласы Н – нұрланған қала А – Алтын Арқа даласы Дескриптор: Қала атауына қатысты берілген дыбыстардан басталатын сөзбен сәйкестендіреді. Саралау тапсырмасы (Қарқынды оқушыға)Астанаға айтар тілегіңді дәптеріңе жаз. Астанаға айтар тілегім: тыныш, көрікті, сұлу болсын. Аспаны әрқашан ашық болсын. Халқы тату болсын. Көркейіп, өніп, өсе берсін! Дескриптор: 1.Астанаға айтар тілектерін дәптерге жазады.
5-тапсырма. ТЖ«Біз құраған әңгіме» әдісі. Суреттер бойынша «Көрікті Астанам» тақырыбына мәтін құрастыр (6 сөйлем).
Көрікті Астанам Астана қаласы сәулет өнерінің қаласы. Бұл қалада биік ғимараттар тиімді орналасқан. Қала жастары еңбекқор және өнерлі. Астанада театрлар, саябақтар, үлкен сауда орталықтары бар. Астана – көрікті, сұлу, ғимараттары ғажайып қала. “Бәйтерек” кешені – Астананың символы.
Дескриптор: 1. Суреттер бойынша «Көрікті Астанам» тақырыбына мәтін құрастырады .
|
Автор өмірбаянын тыңдап, танысады
Өлеңді тізбектей, дауыстап оқиды
Сұрақтарға жауап береді.
Өздеріне тиісті суретті таңдап, мітіннен тиісті мәліметтерді тауып жазады.
Сергіту сәтін орындайды
Тест жұмысын орындайды, көршісі тексереді
Қала атауына қатысты берілген дыбыстардан басталатын сөзбен сәйкестендіреді.
Астанаға арнап тілек жазады
Суреттер бойынша «Көрікті Астанам» тақырыбына мәтін құрастырады (6 сөйлем).
Астанаға айтар тілектерін дәптерге жазады.
|
1 балл
Әр жауапқа 1 балл
3 балл
Әр дұрыс жауапқа 1 балл (4 б)
|
АКТ ( аудио тыңдалым)
автор-дың суреті
Оқулық
Конверт
Суреттер, дереккөздер жазылған қима қағаздар
|
||
Сабақтың соңы
2 минут
1 минут
2минут |
Кері байланыс
-Астана қай өзеннің жағалауында орналасқан? -Астананың бұрынғы атауы? -Бәйтеректің биіктігі қанша метр? -Астанадағы сәулетті ғимараттарды атаңдар? -Астананың символы? Рефлексия «Нысана» әдісі арқылы оқушылар бүгінгі сабақта мақсатқа жете алуына қарай нысананың түстеріне қарай магниттерді орналастырады. Қызыл түс – Мен тығырыққа тірелдім, ештеңе түсінбедім. Сары түс – Мен түсіндім бірақ, барлығын емес. Жасыл түс – Мен мақсатқа жеттім, бәрін түсіндім. Үйге тапсырма. Мақтанышым-Астана жаттау .«Астана тарихы» тақырыбында дереккөздерден (кітап, ғаламтор т.б.) мәліметтер жинастыр. Келесі беттегі сызба бойынша жаз. 1) Ақмола 2) 1997 жылы Астана атанды 3) Бәйтеректің биіктігі 97 метр 4) Есіл өзенінің жағалауында орналасқан.
(оқу мақсаты мен бағалау критерийлеріне оралу): -Бүгінгі оқу мақсаты қандай болды? -Жетістік критерийлеріне жеттік пе? Бұл сабақта қандай жаңа білім алдың?
|
Сұрақтарға жауап береді, өз ойларын айтады.
Үй тапсырмасын жазады. Өздері кері байланыс жасайды. |
Балдар жиынтығын қою
|
|
||