Болашақ сарбаз сайысы

«Болашақ сарбаз»

Әскери  саптық байқау мерекесінің бағдарламасы

 

 

Тақырыбы:        Саптық даяарлық

 

Мерекелік шараның мақсаты мен міндеті:  – Оқушылардың АӘД пәнінен саптық даярлык      багдарламасын игеру сапасын анықтау.

 

Көрнекі құралдар:  ҚР-ның туы, әскери киім үлгісі, саптық шерумен жүруге арналған      үнтаспа,  Қ.Р-ның ән ұраны жазылған үнтаспа,  туды қорғаушыларға екі автамат, мақтау қағаздар, фотоаппарат және бейнекамералар.

 

                      Мерекелік шараның ашылу салтанаты.

 

1.Сынып взводтарын сапқа тұрғызу. Қ.Р-ның әскери саптық жарғысына сай оқушылар бөлімшелер бойынша лектік сапқа орналасады.

 

2.Қ.Р-ның туын кіргізу. АӘД жетекшісі: « Мектеп- ТҮЗЕЛ,  Қ.Р-ның туының астына   

ТІКТЕЛ,  түзулік  ОРТАҒА» бұйрығын береді. Осы уақытта саптық шерумен жүруге арналған үнтаспа ойналып Қ.Р-ның туы кіргізіледі.

 

3.Қ.Р-ның әнұраны. Ту орнына тұрып болған кезде Қ.Р-ның әнұраны  орындалады.

Оқушылар оң қолдарын сол жақ кеуденің жүрек тұсына қояды, бөлімше командирлері

Оң қолын шекесіне ұстайды.Әнұран ойналып болған кезде АӘД жетекшісі: «ЕРКІН ТҰРЫҢДАР» деп бұйрық береді. Оқушылар оң немесе сол аяқтарын босатып саптық

жарғы тәртібін сақтап тұрады.

 

  1. «Болашақ сарбаз»Саптық байқауының ашылуы.

АӘТД.жетекшісі: Мектеп директоры Л.К Есмагуловаға  сөз береміз.

Мектеп директорыҚұрметті оқушылар,әскери жетекші мырзалар.

«Болашақ сарбаз»Саптық байқауын ашық деп жариялаймын!

 

5.Баяандама жасау.  АӘД жетекшісі: «Мектеп- ТҮЗЕЛ ,ТІКТЕЛ түзулік ОРТАҒА »

бұйрығын беріп, артқа бұрылып, қолын шекесіне қойып, саптық адымен жүріп келіп,

қалалық әдістемелік бірлестік жетекшісі лейтинант Буркитов Д.М баяндама жасайды.

 

6.Әскери амандасу. Қалалық әдістемелік бірлестік жетекшісі капитан С.А.Сраж оқушыларға «САЛАМАТСЫЗБА  ОҚУШЫ  МЫРЗАЛАР» деп амандасады,

оқушылар «САЛАМАТСЫЗБА  КАПИТАН  МЫРЗА» деп барлығы бір дауыспен амандасады.

 

 

 

 

 

 

Саптық  байқау

 

 

1.Бөлімше командирінің баяндамасы: Бөлімше камандирлері саптық адыммен өз бөлімшесінің алдына шығып бөлімшесіне қарап тұрып  «Бөлімше:- ТҮЗЕЛ , ТІКТЕЛ , ТҮЗУЛІК  ОРТАҒА » деп бұйрық беріп артқа бұрылып қолын шекесіне апарып саптық адыммен жүріп келіп АӘД жетекшісіне баяндама жасайды.

Барлық бөлімше командирлері кезекпен баяндама жасап болған соң                                 АӘД жетекшіс:- «Бөлімше командирлері, ОРЫНДАРЫҢА» деген бұйрық береді.

Бөлімше командирлері, «ҚҰП БОЛАДЫ» деп оң қолын шекесіне апарып сол қапталымен артқа бұрылып үш адым саптық қадам жасап өз орындарына барып тұрады.

 

2.Орындарында  бұрылулар:                                                                                                                 Бөліише командирлері өз бөлімшелерін кезекпен ортаға алып шығады.

 «Бөлімше, ТҮЗЕЛ,ТІКТЕЛ,АЛҒА ҚАДАМ БАС»   ортаға келген кезде «ТОҚТА»,  

  Бөлімше:-ТАРА , БІР ҚАТАРҒА САПТАЛ» , «Бөлімше:- ТҮЗЕЛ,ТІКТЕЛ», «ОҢ-ҒА», «СОЛ-ҒА», «АРТҚА БҰРЫЛ» бұйрықтарымен саптық жарғы бойынша орындарында бұрылыстар жасайды.

 

3.Бір қатарлы саптан екі қатарлы сап тузеу және керісінше:

Бөлімше командирі:  «Бөлімше, ТҮЗЕЛ,ТІКТЕЛ», «ЕКІГЕ САНАЛ» деген бұйрық бергенде оң қапталдағы тұрған оқушы басын тез оңға бұрып  «БІРІНШІ» деп жауап береді.Екінші тұрған оқушы да тап осындай қимылмен «ЕКІНШІ»деп жауап береді т.с.с.жалғасады.  

Бөлімше саналып болған соң бөлімше командирі: « Бөлімше,екі қатарлы сап ЖА-СА» деп бұйрық береді. Сол кезде екінші нөмірлі оқушылар сол  аяқпен артқа бір қадам жасап оң аяғын жерге қоймастан бірінші нөмірлі оқушының артына тұрады.  

«Бөлімше,бір қатарлы сап ЖА-СА » деп бұйрық берген кезде, екінші қатарда тұрған оқушылар, сол аяқпен жанға бір қадам жасап, оң аяғын жерге қоймастан, алға бір қадам жасайды да, сол аяқты орнына қояды.

 

4.Саптан шығу және қайтып сапқа тұру:

Бөлімше камандирі:Бір қатарлы сапта тұрған оқушыларды «Бөлімше,екі қатарлы сап-ЖА-СА» деп бұйрық беріп оқушыларды екі қатарлы сапқа тұрғызады.Содан соң «Оң қапталға ЖИНАҚТАЛ» деп бұйрық беріп аралықты жақындатады. Содан соң бірінші қатарда тұрған оқушының аты-жөнін атап: « Оқшы                          деп бір оқушының атын атайды. Аты аталған   оқушы «МЕН»деп жауап береді.Бөлімше командирі:- «САПТАН ШЫҚ»деп бұйрық бергенде оқушы:-«ҚҰП БОЛАДЫ»деп  бір қадам саптан шығып, сол жақ қапталымен артқа бұрылып, бөлімшеге қарап тұрады.

Бөлімше командирі:- «САПҚА ТҰР»деп бұйрық бергенде оқушы:-«ҚҰП БОЛАДЫ»деп жауап беріп өз орнына қайта тұрады.

Егер бөлімше командирі екінші қатарда тұрған оқушыға осындай бұйрық берсе, онда ол

өзінің алдында тұрған оқушының иығына оң қолын қояды. Осы кезде бірінші қатарда тұрған оқушы сол аяқпен алға бір қадам жасап, оң аяғын қоймастан оңға бір қадам жасап тұрады.Екінші қатардағы оқушы шығып кеткен соң қайтып орнына тұрады.

Екінші қатардағы оқушы  қайтып орнына тұрған кезде осы жағыдай қайталанады.     

 

(Бөлімше командирі бөлімшесін саптағы орнына апарып қояды.Келесі бөлімшелер кезекпен ортаға шығып саптық даярлықтарын көрсетеді).       

 

 

5.Саптық шеру: АӘД жетекшісі: «Мектеп, ТҮЗЕЛ,ТІКТЕЛ,САЛТАНАТТЫ ШЕРУГЕ» деген бұйрық береді. Осы кезде бөлімше командирлері саптық адыммен  екі қадам алға, бір қадам солға бұрылыс жасап өз бөлімшелерінің алдына тұрады.                                       АӘД жетекшісі: «БӨЛІМШЕ БОЙЫНША» деген бұйрық берген кезде, бөлімше командирлері орнында оңға бұрылыс жасап алға қарап тұрады.                                                                    АӘД жетекшісі:- «3-ші взвод, 1-ші бөлімше тура, қалғандарың «ОҢ-ҒА», деген бұйрық берген кезде аталған бөлімшеден басқалары оңға бұрылыс жасайды.

 

 

  1. Бөлімше командирлерінің бұйрық берулері:

3-ші взвод 1-ші бөлімше командирі: «Бөлімше, ТҮЗЕЛ ,ТІКТЕЛ ,САПТЫҚ АДЫММЕН АЛҒА ҚАДАМ БАС»деген бұйрық берген кезде бөлімше саптық адыммен алға қозғалыс жасайды.

Қалған бөлімше камандирлері:  «Бөлімше,АЛҒА ҚАДАМ БАС», «ТОҚТА», «СОЛ-ҒА» деп бұйрық беріп өз бөлімшелерін бастапқы орынға әкеледі,  «бөлімшеТҮЗЕЛ,ТІКТЕЛ,САПТЫҚ АДЫММЕН АЛҒА ҚАДАМ БАС»  т.с.с. қалған бөлімшелер қозғалыс жасайды.

 

 

7.Саппен жүріп келе жатып әскери амандасу:

Саппен жүріп келе жатқан бөлімше, бастықтарға жақындаған кезде,бөлімше командирі:- «Взвод,ТІКТЕЛ, оңға ТҮЗЕЛ» деп бұйрық береді. Осы кезде саптағы оқушылар қолдарын жандарына қысып ұстап, оң қапталдағы оқушылар бастарын тіке ұстайды, сол қапталдағы оқушылар бастарын оң қапталға тез бұрып түзеледі. Бастықтардың жанынан өткеннен соң бөлімше командирі:- «Бөлімше, ЕРКІН ЖҮР» деп бұйрық береді. Орындарына қайтып айналып келген соң бөлімше командирі:- «Бөлімше,ОРНЫҢДА, ТОҚТА» деп бұйрық береді.

 

 

8.Саптық ән:

АӘД жетекшісі:- «Мектеп, ТҮЗЕЛ,ТІКТЕЛ,ӘН ШЫРҚАП ӨТУГЕ» деген бұйрық береді. Бөлімше камандирлері екі қадам алға, бір қадам солға бұрылыс жасап өз бөлімшелерінің алдына тұрады. «БӨЛІМШЕ БОЙЫНША»деген бұйрық бергенде бөлімше командирлері орындарынан оңға бұрылыс жасайды.

Бөлімше командирлері өз бөлімшелеріне кезекпен бұйрық береді:- «Бөлімше ТҮЗЕЛ,ТІКТЕЛ, ӘН ШЫРҚАП ҚАДАМ БАС» т.с.с.қалған бөлімшелер саптық ән шырқап өтеді.

 

 

 

9.Қ.Р-ның туын шығару:

АӘДжетекшісі: «Мектеп-ТҮЗЕЛ,ТІКТЕЛ,  Қ.Р-ның ТУЫ ШЫҒАРЫЛСЫН» деп бұйрық береді.    Қ.Р-ның туы шығарылады.

 

 

10.Шағын мерекелік концерт.

 

 

11.Әділ-қазылардың қортындысы, мақтау қағаздарын тапсыру.                                              

 

 

 

 

   

       А.Ә.Д. пәні бойынша «Болашақ сарбаз»әскери-саптық байқауының   

      салтанатына арналған «Сап түзеу және ән» байқауындағы сынып     

      бөлімшелерінің бағалану

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *