«Қоянның арманы» жаңа жылдық ертегісі.

Қоянның  арманы» жаңа жылдық ертегісі.

Зал іші безендірілген

Қатысатын кейіпкерлер:

  1. Жүргізуші: Джалмухамбетова А.Е.
  2. Қоян: Ахметова Қ.Қ.
  3. Қояндар (Қыздар биі)
  4. Санта Клаустар (ұлдар биі)
  5. Аяз ата: Жанакулов Ж. Ө.
  6. Ақшақар: Джалмухамбетова А.Е.

(шыршаның артына қоян жасырынып тұрады)

Балалар әдемі безендірілген залға поровоз болып кіреді

Ән:  «Шырша»

 (балалар мен тәрбиешілер шыршаны айналып тұрып ән айтады)

 

(әннен кейін, шыршаның артында жасырынып тұрған қоян, қар лақтырады)

Жүргізуші: Кім лақтырды қарды?

Жүргізуші: сен, сен , сен,сен (балалардан сұрайды)

Қоян: (Музыка әуенімен кіреді) Сендерге не болды?

Жүргізуші: Қарды сен лақтырдың ба?

Қоян: Ия, ия мен лақтырдым сендермен ойнағым келді.

Сәлем достар!

Жүргізуші: Сен қайдан келдің?

Қоян: Мен сиқырлы орманнан арманымды орындатайын деп келдім. Жаңа жылда армандар орындалады деп естідім.

Жүргізуші: Ол қандай арман?

Қоян: мен өзіме көп достар тауып, олармен шырша жанында билегенді армандаймын.

Би: «Қояндар биі» (қыздар)

Қоян: Менің ендігі  арманым ойын ойнағым келіп тұр.

Ойын:   «музыкалық ойын»

Жүргізуші: Қоян тағы қандай арманың бар?

Барыс: Армандар көп. Аяз атадан балалармен бірге сыйлық алу.

Жүргізушілер: Балалар аяз атаны шақырайық.

Балалар:   Аяз –ата, аяз-ата  ау-ау-ау…Музыка әуенімен аяз-ата кіреді.

Аяз-ата: Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймын бәріңді.

Жасым келіп қартайған,

Мен ақ шашты атамын,

Жерді мұзбен, қармен қатырамын!

Бүгін бірақ мейрімдімін,

Ешкімдіде қатырмаймын,

Ешкімді де ауыртпаймын!

Аяз-ата: Көріп тұрмын, барлығың мерекеге жиналыпсыңдар, көңіл-күйлерің де көтеріңкі екен.

Ақшақар: Сәлеметсіздер ме, балалар! Сендерді көргеніме қуаныштымын, айнала сондай әдемі, ал  шыршамыз неге көңілсіз? Шыршамыздың шамдарын жарқырату керек.

Ақшақар: Бәріміз шыршаға сиқырлы сөзімізді айтып көрейік.

Алақанды соқ, соқ

Аяқтарды топ, топ

Шырша шамы жарқыра

( Шыршаның шамдары жанады)

Жүргізуші: Қандай әсем шыршамыз.

Ән: «Аяз ата»

Ақшақар: Аяз ата балалардың сізге арналған өлең жолдарын тындаңыз.

Альнаир:

Аяз ата келіңіз,

Оң аяқпен еніңіз,

Өнері бар балаға,

Сыйлығыңды беріңіз.

Рабиға:

Аппақ тонға оранып,
Базарлықты мол алып.
Келдіалыссапардан,

Аязатаоралып.

Айсұлу:

Аяз ата келіңіз,

Дайын сізге төріміз,

Тақпақ айтам, ән айтам,

Сыйлығымды беріңіз.

Айзада:

Аяз ата, Ақшақар,

Келе жатыр үн қатып,

Балалар тұр қуана

Өлеңдетіп, жырлатып.

Аяз ата: Рахмет балалар, көңілімізді көтеріп ойын ойнайық.

Ойын: «Қатырма»

Би:  «Санта Клаустар»(ұлдар)

Ақшақар: Ата, балалардың сыйлықтары қайда?

Аяз ата: Ой-ой ұмытып кетіппін,сыйлықты ортаға әкеліңдер. (жыл басы қоян сыйлықтарды алып кіреді)

Қоян: Орманнан сыйлықтарды алып келдім.

Аяз  ата: Балалар сендер өлең айттыңдар, би биледіңдер, ойын ойнадыңдар. Көңілім көтеріліп, қуанып қалдым, енді сыйлықтарыңды табыстайын.

Аяз ата: Жыл басы қоян саған рахмет!

Қоян: Рахмет балалар, сендер менің арманымды орындадыңдар.

(Ақшақар мен аяз ата сыйлықтарды таратады)

Аяз ата:  Мен енді кетейін, мені сендер сияқты балалар күтіп отыр.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *