Мазмұнды кейіпкерлі ойын: “Емхана”
Алипова Рая Курашевна
Ұйымдастырылған ойын іс-әрекеті
Мазмұнды кейіпкерлі ойын : «Емхана»
Мақсаты: Балаларға медицина қызметкерлерінің: дәрігер , медбике мамандықтарымен таныстыру. Дәрігер еңбегіне бақылау жасау арқылы олардың іс-әрекетін рөлдерге бөліп ойнауға үйрету. Ойын әрекеті барысында сұрақтарға жауап беру , әңгімелесу. Білім деңгейін жандандыра отырып, сөздік қорын молайту, ауызекі сөйлеу мәдениетін қалыптастыру. Мейірімділікке тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар: Ақ халат, бас киімдер, ойыншықтар, медициналық ойыншық құрал-жабдықтар.
Алдын ала жұмыс: Балабақшаның медбике бөлмесіне саяхатқа бару. Медбике жұмысымен танысу, бақылау жасау. Дәрігер, медбике туралы суреттер қарау, әңгімелесу. Дид ойын: «Қонжық ауырып қалды». Дид ойын: «Кімге не керек?».
Ұйымдастырылған ойын іс- әрекетінің жүру барысы:
Балалар тәрбиешінің айналасында тұрады.
Тәрбиеші:- Балалар мен сендерге жұмбақ жасырамын. Мұқият тыңдаймыз. Іш ауырса, Тіс ауырса, Бізге дәрі береді. Барлық бала, Барлық ана, Оны жақсы көреді.(Балалар жұмбақта кім туралы айтылған?)
Балалар: -Дәрігер туралы.
Тәрбиеші: -Дұрыс, дәрігер туралы айтылған екен. Біздер ауырсақ қайда барамыз?
Балалар: – Дәрігерге барамыз.
Тәрбиеші: -Дәрігер қайда жұмыс жасайды?
Балалар: – Емханада.
Тәрбиеші: –Дәрігер емханада не істейді?
Балалар: – Ауырып тұрған адамдарды қарайды және емдейді.
Тәрбиеші: – Балалар кімнің ата – анасы дәрігер болып жұмыс жасайды? (Бергей, Кәусар) – Дәрігерлер өз жұмысына қандай болуы керек?
Балалар: – Ұқыпты, қамқор, мейірімді болуы керек. Тәрбиеші: -Балалар, сендер өскенде дәрігер болғыларың келеме? (Балалардың жауабы)
Тәрбиеші: Олай болса, бүгін біз сендермен бірге «Емханадағы» дәрігер ойынын ойнаймыз.
Тосын сый:
Есікті қағып, медбике келіп, балалармен амандасады. Медбике: –Балалар, мен бүгін сендерге «Сиқырлы сандықшамды» алып келдім. Бұл сиқырлы сандықшаның ішінде не бар екенін білгілерің келеме?(Балалардың жауабы) -Ендеше сиқырлы сандықшаның ішінде не бар екенін көрейік. –Бұл не? –Дұрыс, бұл шприц. Шприцпен не істейміз? Ауырған адамдарды егеміз дәрімен. –Ал, бұл не? (Балалардың жауабы) –Дұрыс, бұл дене қызуын өлшейтін құрал (термометр). –Бұл тыныс жолдарын тыңдайтын құрал ( фонендоскоп) -Бұл мақта, бұнымен жараны сұйық дәрімен сүртеміз . –Бұл дәкі (бинт) , бұнымен жараны орап байлаймыз. Тәрбиеші: – Балалар, біреудің жылаған дауысы естілетін сияқты? Ой, бұл қуыршақ Дана ғой. Қәзір , мен сұрайын оған не болғанын? Тәрбиеші: -Қуыршақ Дана жалаң аяқ далада жүріп, тамағына салқын тиіп, ауырып тұр екен . Медбике: – Оны тез арада емдеу керек, мен таптым, қәзір мен дәрігер боламын, бұл жер «емхана» және менің бөлмем болады. Бұл жерде менің керекті құралдарымда бар. Маған тек көмекші медбике керек. Ол дәрінің тізімін жазып , ауруларға ем береді. Тәрбиеші:– Кім болады медбике? ( Балалар арасынан медбикені таңдау) . Кел, Адина, ақ халатты, бас киіміңді киіп, өз орныңа отыра ғой.
Дәрігер: (Медбике) – Кел , Дана (қуыршақ) мен сені қарайын, қәзір тыныс жолдарын тыңдайтын құралмен (фонендоскоп) өкпеңді тыңдап көрейін . Өкпең таза, аузыңды аша ғой: тамағың қызарып тұр. –Қәзір медбике саған дәрінің тізімін жазып береді. Бұл жөтелге қарсы сұйық дәрі.
-Тәрбиеші:- Сау бол! Дана , ауырма. Медбике: – Ал, балалар, мен кетейін, басқа топтың балаларына барайын. Сау болыңыздар! Балалар:- Сау болыңыз! Тәрбиеші: –Ал, балалар , сендердің араларыңыздан кім дәрігер, кім медбике болады? ( Дәрігер- Бақдаулет, медбике- Рабия.)
Тәрбиеші бақылаушы рөлінде болып, балаларға бағыт-бағдар беріп, ойын барысына көмектесіп тұрады. Дәрігер (Бақдаулет): – Сәлеметсізбе? Келіңіз, отырыңыз. Қай жеріңіз ауырады?
Емделуші (Ахмад): – Сәлеметсізбе? Менің ішім ауырып тұр.
Дәрігер (Бақдаулет):- Кәне қарайын ішіңізді, ішіңіз қатты болып тұр, қазір медбикеге барасыз , ол сізге дәрі жазып береді. Сауболыңыз.
Емделуші (Ақниет):- Сәлеметсізбе?
Дәрігер (Бақдаулет): -Сәлеметсізбе? Кел, отырыңыз. Айта беріңіз, не болды? Емделуші (Ақниет): -Мен құлап, аяғымды жарақаттап алдым. Дәрігер (Бақдаулет):-Қәзір қарайын, сіз медбикеге барып, аяғыңыздың жарақатына дәрі жағып, дәкімен(бинт) байлатып алыңыз.Сау болыңыз! Емделуші (Ақниет): Сау болыңыз!
Ойында барлық балалар қамтылып ойнатылады.
Тәрбиеші: Барлық адамдар дәрігерге келіп егіс алып, емделіп қаралады. Көрдіңіздерме, дәрігерлер үлкендерге де, балаларға да көмектеседі екен. Бұл үшін біз оларға не айтамыз?
Балалар: Рахмет!