Ұстаз-адамдықтың диқаншысы
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» деп ұлы Абай айтып кеткендей білімді де білгір шәкірт тәрбиелеу ұстаздан басталары сөзсіз. Ұстаз-киелі ұғым.Осы ұлағатты сөздің астарында білімділік те,ақылдылық та,мейірімділік те,зерделік те жатқан жоқ па?
Ұстаз-адамдықтың диқаншысы. Адам тәрбиелеудің ,жеке тұлғаны қалыптастырудың бағбаны.Кіршіксіз,пәк сезімді жас ұрпақты арман жолына жетелейтін де,білімнің қия шыңына көтеретін де ұстаз. «Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» деп ғажайып дүниенің сырын ашқан,өмірдің қыр-сырын меңгеретін де ұлық тұлғалар.Ендеше ұстаз білімнің отын жағып,бал-шырын нәрін шәкірт бойына сіңірудің әдіс-тәсілдерін жетік меңгерген мұғалім болу-адам бойындағы ұлы қасиет.Ол жүректің батырлығын да,сезімнің ақылдылығын да,мінездің жайлылығын да ,білімнің байлығын да топтастырып,бір арнаға тоғыстыратын,бір сөзбен айтқанда ұстаз-асыл қасиеттердің жиынтығы.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев «Еліміздің ертеңі бүгінгі жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп атап көрсеткендей, ұрпақ тағдыры үшін жауап беру ұстаз атаулыға үлкен салмақ салады. Білім кілті ұлағат иелерінің кең пейілді жарқын бейнесі мен білім арлығы арқылы шәкірт санасына қалары сөзсіз.
Ұлы ағылшын ағартушысы Уильян Уорд: «Жай мұғалім хабарлайды,жақсы мұғалім түсіндіреді,керемет мұғалім көрсетеді, ұлы мұғалім шабыттандырады» -деген екен.
Тәуелсіз мемлекеттің ертеңі-ұрпақтың рухани байлығы, мәдениеті,саналы ұлттық ойлау қабілеті мен білігіне,іскерлігіне
байланысты.
Өскелең ұрпақты биік мақсаттарға жетелеу,өз бойында бүкіл адамзаттық құндылықтарды жинақтаған,өз өміріне өзі басшылық жасап,өзін-өзі дамытатын тұлғаны тәрбиелеу
бүгінгі білім беру ұйымдарының алдына қойған міндеттерінің бірі. Осы міндетті іске асыру тетігі ұстаздарға байланысты.Іскер, жаңаға жаны құмар,үздіксіз ізденіс үстіндегі мұғалім ғана оқушыға сапалы білім бере алады.
Тұла бойында тұлпардай тулаған дарынын қамшылай түсіп, жаңа шыңға көтерілем деген бала әркез өмірден өзінің шынайы орынын табатыны хақ.Әйтсе де тал бойына біткен талантын бар- лығы байқап,көрсете білмейтіні де бар.Тұтанайын деп тұрған жас шоқты үрлеп, лап еткізіп жандыратын жандар да кездеседі өмірде.
Олар – өмірдің асауларынан асып, тұңғиығын сүзіп, адамгаршілік пен намысты,мейірімділік пен адалдықты тең ұстаған жүректі жандар. Ол жандарды біз «ұстаз» -дейміз.
Ұстаздарымыз болмысындағы бар қасиет,құрметін,өмірден санасына түйген байлығының барлығын оқушысына сыйлап, жүрегіне су сепсе де сөнбейтін алау жағады,шабытын шыңдайды.Шәкірттерінің келешегі жөнінде ойланып,олардың қабілетті шәкірт болып,үлкен биіктерден көрінуін қалайды. Ата-ана,ұстаздар армандайтын шыңдарды бағындыру үшін аса зор қабілеттілік қажет екендігін өмір көрсетіп отыр.
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, Ақтау қаласы медицина колледжі мұғалімі Қалдыбек Акерке Қайратқызы