“Түркістан уәлаятының газеті” тұңғыш қазақ басылымының тарихы

 

19 ғасырдың екінші жартысында қазақ елін, жерін патшалық Ресейдің толықтай отарлап алуына байланысты Ташкент, Орынбор, Омбы, Орал сияқты ірі қалаларда патша үкіметі әкімшілік орындарының ресми органдары ретінде жергілікті ұлт тіліндегі алғашқы газеттер шыға бастады. Әрине, бұл басылымдар қайткен күнде де қазақ халқының қамын ойлап, оның әлеуметтік-шаруашылық және мәдени-ағарту тілектерін ескергендіктен шығарылған жоқ, қайта патша үкіметінің  отарлау саясатын күшейте түсу, оның бұйрық-жарлықтарын жергілікті халықтың ана тілінде жариялап, сөзсіз орындату, сондай-ақ оның ресми көзқарастарын тұрғындар арасына кеңінен таратып, қол астындағыларды шексіз бағындырып ұстау мақсатымен шығарылды.

Қазақ баспасөзінің тұңғышы “Түркістан уәлаятының газеті” екендігі баршамызға белгілі. Ол сол кездегі Түркістан генерал-губернаторлығының орталығы Ташкент қаласында 1870 жылдың 28 сәуірінен бастап, орыс тілінде шығатын “Туркестанские ведомости” газетіне қосымша ретінде айына төрт рет (екі саны өзбекше, екі саны қазақша) шығарыла бастады.

Газеттің редакторы- ұлты башқұрт болса да, қазақтың намысын қорғап, сойылын соққан, орыс және Шығыстың көп тілдерінде еркін сөйлеген, генерал-губернатордың тілмашы болған ізгі ниетті азамат Шахмардан Мирасұлы Ибрагимов еді. Ал, бұл басылымның аудармашысы, әрі әдеби қызметкері болып Хасен Жанышев, Заманбек Шайхы Әлібеков, Жүсіп Қазыбековтер жұмыс істеді.

“Түркістан уәлаяты газетінің” ресми және ресми емес деп аталған басты екі бөлімі болды. Ресми бөлімде патша үкіметінің бұйрық-жарлықтары жарияланып, үкімдері түсіндірілсе, енді ресми емес бөлімінде отырықшылық, егіншілік, мал шаруашылығы, сауда, ішкі сыртқы жағдайлар, әдебиет, мәдениет, білім, ғылым, өнер және әйел теңдігі мәселелері қаралды.

Сонымен қатар газетте мәдениет, оқу, білім, әдебиет, тарих пен этнография, археология және басқа да тақырыптарға, мәселелерге қатысты материалдар жарияланып тұрған.

“Түркістан уәлаяты газеті” 1870-1882 жылдар аралығында 12 жыл бойы өз жұмысын атқарғандығы жайлы көбімізге мәлім. 12 жылда біраз тақырыптар мен мәселелер көтерген газет өзінің басылымын 1882 жылы ешбір себепсіз тоқтатып, жапқан болатын.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *