“Түркістан уалаятының газеті”-тұңғыщ қазақ басылымы

“Түркістан уалаятының газеті”-тұңғыш қазақ басылымы

19 ғасырдың 2-ші жартысы…Қазақ елін,жерін Ресей отаршылдығы билеген заман.Сол уақыттағы қазақ жұртшылығының көзәйнегі іспетті көзін ашқан тұңғыш газеттердің бірі де бірегейі-“Түркістан уалаятының газеті”.Ендігі қазақ баспасөзінің тұңғыш қарлығашы-“Түркістан уалаятының газеті” жайында ой қозғайтын болсақ,сол кездегі аталмыш басылымның маңыздылығына көзіміз анық жетеді.Газет патшалық Ресейдің отаршылдығын ұстанып отырған кезінде де қазақ қоғамының көзін көкірегін оятуға “аз-аздан үздіксіз”ат салысып отырды.Ресми және ресми емес деп екіге бөлінетін бұл газеттің қазақтар мен өзбектер үшін ресми емес шығарылымы жоғары рөл атқарды.Түркістан уалаятының газеті қазақ халқының саяси,шаруашылық және мәдени өмірінде елеулі орын алды. “Туркенстанские ведомости”газетін шығарушылардың бірі орыс ғалымы Остроумовтың “18-19 ғасырлардағы Петр ведомоствасының орыстар үшін қандай маңызды болса,”Түркістан уалаятының газеті”де қазақтар мен өзбектер үшін дәл сондай маңызы болды,-деген пікірін оқу арқылы тұңғыш басылымның өз уақытында орасан зор рөл атқарғанына көз жеткізе аламын.Газет жастарды оқуға шақырып қана қоймай,олардың оң-солын таныған,саналы ұрпақ болуы үшін күресті.Шындықтың қамал бұзатыны рас,”Түркістан уалаятының газеті” де еш себепсіз жауылып қалғандағы осы сөздің мағынасын анық ашып,дәлелдеп береді.

   Тұңғыш басылымымызда мәдениет,оқу-білім,тарих пен этнография,археология және тағы басқа өзекті мәселелерді қозғап отырды.Қазақ әдебиті тақырыбын да тыс қалдырмады.Бәйтеректеріміз ден арыстарымыздың әсіресе,Шоқан,Абай,Ыбырай сынды ұлы тұлғаларымыздың өмір жолы және еңбектерімен танысуға үлкен мүмкіндік берді.Өзектілін жоймаған “әйел теңдігі” тақырыбы да қарастырылған.Газеттен оқып біраз қазақ ұялар деген ыждиһатпен 1875 жылдың 16-нөмірінде балиғатқа толмаған жеткіншек қызды атастырып,қалың мал алатын дәстүрімізді сынаған.Әдеби жанрлар да назардан тыс қалмаған,сонымен қатар парақор билерді әжуалап,сықақ әңгімелер жариялаған.

  Қорытындылайтын болсам,Түркістан уалаятының газеті маңызы бар ауқымды тақырыптарды алақандай басылымға сыйдыра білді.Тілі басқа болса да тілегі бір дей отырып,Шахмардан Мирасұлы Құсайыновқа сол кезеңдегі қазақ қоғамына істеген игі ісі үшін иіліп алғыс айтамын!Отаршылдықтан болашаққа апарар алтын көпір іспетті “Түркістан уалаятының газеті”-қазақтың тұңғыш басылымы!

 

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті

Журналистика факультеті

1 курс студенті Абдулла Сұлухан Әлімжанқызы

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *