Бақытжан Қаратаевтың большевиктік «Орал» газетіндегі ашына жазған «Ашық хаты» тарихи сипаты мен мәні.

Бақытжан Қаратаевтың большевиктік «Орал» газетіндегі ашына жазған «Ашық хаты» тарихи сипаты мен мәні.

Қазақ халқының арасынан шыққан,қазақ халқының мүддесін қорғағанда жанпидалыққа дайын болса,өмірлерін үзіп,үміттерін үзбеген қазақ жанашырларының бірі Бақытжан Бейсалиұлы Қаратаев – заңгер,мемлекет және қоғам қайраткері,ағартушы,демократ Бақытжан Бейсалиұлы Қаратаев 1863 жылы 10 мамырда Батыс Қазақстан облысы,қазіргі Қаратөбе ауданы,Ақбақай ауылында дүниеге келген.Бақытжан Қаратаев тегі бойынша,қазақтың ең асыл тұқымдарының біріне жатып,кіші жүздің әйгілі ханы Әбілқайыр ханның шөбересі болып табылады. Бақытжан Қаратаев керемет білім алған,қазақтардан шыққан алғашқы оқымыстылардың бірі және тұңғыш адвокат.

1907 жылы Бақытжан Қаратаев Орал облысынан II мемлекеттік мемлекеттік Думаға сайланып,осы Думаның бірнеше комиссиясының мүшесі болады.Оның білімі мен қабілетіне тамсанған орыстардың кадеттер партиясы жас депутатты өз қатарына кіргізіп, ықпалына түсіруге тырысты.Бірақ,Қаратаев туған халқының ауыр жағдайын ұмыт қалдырмай,кадеттер партиясының саясатына қосылмайды.Керісінше , Бақытжан Қаратаев кадеттер партиясы басшыларына «қазақтарға автономия алуына көмектесіңдер» деген талап қояды.Талап орындалмаған соң кадеттер партиясынан шығып кетті.Жасынан батылдығымен ерекшеленген Қаратаев,өсе келе осы батылдығын қазақ халқының мүддесін қорғауға жұмсады. Оның Ресей Империясының Премьер министрі Столыпинмен Ресейдің жер министрі Князь Васильчиковтың бетіне айтқан сөздері қазақ даласына кеңінен жарияланып оның атақ-даңқын одан әрі арттырды.Өз заманының ақылды адамдарының бірі Бақытжан Қаратаев туған халқының тағдыры туралы көп ойланып, 3 -ақ жолмен ғана жақсартуға болатынын түсінеді.

Біріншіден, ислам дінінің қазақ даласына әсерін күшейту.

Екіншіден, қазақтың төрелеріне билікті қайтарып беру.

Үшіншіден,шариғат сотын енгізу.

Алайда , оның ақылға қонымды идеялары қазақ интеллигенциясы тарапынан қолдау таппай,керісінше Халел Досмұхамедұлы мен Мұстафа Шоқай сияқты Алаш партиясының белгілі көсемдері оған қарсы шығып, Қаратаевті Алаш партиясының қатарынан шығаруды ұйымдастырды.Қатты ренжіген Бақытжан Қаратаев 1910 жылы Әлихан Бөкейханқа былай деп жазып,хат жолдайды: «Осы мені партиядан шығарғандар,қазақ халқына не жұмыс істеп жатқанын кім айта алады? Мемлекеттік жалақыға қаныққан арам пиғылдар, жұмыс істейтіндерге қызғануды ғана білетін солар, өздері халық үшін саусақтарын да көтермейді.Мұндай жағдайда мен өз халқыма ешқандай пайда әкелмей,тек қазағымды тонаудың тірі куәгері ретінде отыруға дәтім бармайды.Мен күресімді партиядан шығырса да,тоқтатпаймын.

Мемлекеттік Думадан таратылғаннан кейін Бақытжан Қаратаев , «Орал» және «Қазақстан» газеттері,«Айқап» журналы сияқты алғашқы қазақ басылымдарының негізін қалады.

Орал газеті большевиктік «Орал» газеті.Бұл басылым 1907 жылдың 4 қаңтарынан 27 сәуіріне дейін Орынбор қаласынан жарық көріп тұрды. 31-нөмірі шыққанда патша үкіметі тыйым салды. Сондағы Бақытжан Қаратаевтің жазған «Ашық хаты» жайлы айтар болсақ,  мәні сол уақытта да,бүгінгі күнде де өте зор. Жалпы ол қилы заманда биліктің айтқанына ешкім сыни көзқарас білдіре алмаған. Егерде ашық хат жазылмағанда, мүмкін қазір тарих басқаша сөйлерме еді. Өйткені Ашық хатты оқымай тұрып,Стольпиннің аграрлық рейформасын оқысаң,қазақ өлкесіне орыс шаруаларын көшіру,бірден бір дұрыс идея. Неге? Өйткені шеткі аймақ игеріледі,жер тапшылығы жойылады. Бірақта, ол жердің иесі кім,жердің жағдайы қалай,кім қайда қоныс аударады, күштінің әлсізді қанауы секілді әділетсіздіктер болмайма деген мың – сан сұрақ жауапсыз қалады. Ал Қаратаевтың “Ашық хатының” мақсаты сол сұрақтарды биліктің құлағына ,одан әрі санасына жеткізу. Бәрімізге белгілі қазақтың көптеген жері  ұшы-қиыры жоқ сортаң дала. Оның барлығы құнарлы емес. Аграрлық реформа өз күшіне енгеннен кейін, белгілі комиссия мүшелері қазақ жеріне зерттеуге келеді. Ондағы мақсаты орыс шаруаларының қоныс аударатын жерлерін анықтау. Бірақ өз кезегінде бұл комиссия мүшелері де толыққанды зерттеу жүргізген жоқ. Аймақтың географиялық орнына, тарихи сипатына ешқандай көңіл аударған да жоқ. Яғни жерді , иемдену , оның заңды иелерінен тартып алу. Құнарлы жерді орыстарға,ал қалған сортаң,құнарсыз жерге қазақтарды ығыстыру. Ал бұл өз кезегінде қазақтардың наразылығын тудырмай қоймады. Міне Бақытжан Қаратаевтің “Ашық хаты” осындай жағдайда жазылған.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *