“Түркістан уәлаятының газеті” – қазақ баспасөзінің тұңғыш қарлығашы.
“Түркістан уәлаятының газеті” – алғаш қазақ тілінде шыққан аударма газет басылымы (1870-1882). Газеттің алғашқы редакторы шығыстанушы Ш. М. Ибрагимов болған.
“Түркістан уәлаятының газетінің” қазақ тіліндегі алғаш газет екенін дәлелдеп, оны халқына жеткізген ғалым, зерттеуші Үшкөлтай Субханбердина болды. 1962 жылы “Білім және еңбек” журналының 5-ші санында “Түркістан уәлаятының газеті” деген мақаласында газеттің шығу тарихымен таныстырады. Сол уақытқа дейін, көптеген зерттеушілер қазақтың тұңғыш баспасөзі деп “Дала уәлаяты газетін” санап келген болатын. Бірақ, Ү. Субханбердина “Түркістан уәлаятының газетін” зерттеу нәтижесінің арқасында кездейсоқ тауып алып, оны өз ойымен, дәлелдерімен айқындап шығады.
Әдетте түркі тілінде сауаттарын ашып жүрген қазақ елі, қазақ тіліндегі газеттің шығарылымына қуанып, риза бола бастады. Басылым тек қазақ тілінде емес, жалпы Ресей империясының қол астындағы барша түркі халқына арналып шығарылған мерзімді басылым болды. Семей өңірінің қазақтары бір жиында, газетті оқығандары жайлы және көңілдерінен шығып, қуанышты екендерін айтады. “Біздің қазақты бір жұрт біліп, біздің тілімізде газет бастырғаны үшін” алғыс айтады деп баяндайды.
Газетте көптеген қазақ зиялыларының өмірбаяндары, істері жарық көріп отырды.
Сонымен қатар, қазақ хандары, қазақтың тегі, үш жүздің арғы түп атасы саналатын Алаш туралы деректер, жарлықтар, егін егу, мал шаруашылығы, қазақ елінің басқа елдермен қарым-қатынасы, темір жол, алғашқы телеграф, пошта қатынастары, кен қазу, металл, көмір өңдіру, саяси-экономикалық, оқу-ағарту мәселелері, алғашқы сын, зерттеу мақалалары да жарық көрді.
Басылым күнделікті мақаладан басқа «Ғылым хабары» деген айдармен ғылым мен техника жаңалықтарын жеткізіп отырған. Одан бөлек, Түркістан өлкесінің таулы аймақтарында жердің сілкінгендігін үзбей хабарлап тұрған және халық алғаш рет 1870 жылдың 10 желтоқсандағы санында күн тұтылатындығын, оның себеп-салдарын осы газеттен оқып білген.
Газеттің бастапқы мақсаты бұқараның санасын уландыру, мұсылман халқын сенімдерінен, ділінен, тілінен айыру болды. Нақтылап айтатын болсақ, халықты орыстандыру мақсатында пайдаланылды.
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Аманкельдиева Ақбота