Ғұмыры қысқа болса да,мағынасы терең «Серке» газеті
«Серке» газеті – 1905-1907 жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз түрінің бірі.
Газет мақсаты – ислам дүниесін біріктіру, діни білікті көтеру, оқу-білімді насихаттау, ұлттық автономиялар кұрудың негізін қалау болған.
«Серкенің» жариялауы былай жазылған:
«Серке» есімінде нағыз қазақ тілінде бір журнал шығармақ пікірдеміз. Бірінші нөмірі март ішінде шықса керек.
Алушыларға хақы: «бір жылға екі теңге, жарты жылға бір теңге 25 тиын. Бірмелеп нұсқасы он тиын».
Бұл газет жайлы 1911 жылы Мұхамеджан Серлиннің оқырманға арнап жазған бас мақаласында: «1907 жылы ІІ мемлекеттік думаның мүшесі Шаһмардан Қосшығұловтың іжтиһаты менен Петербурда «Серке» есімді журналы шыға бастап еді, ұзаққа бармай, үкімет тарапынан тоқтатылды» («Айқап», 1911, №1) делінген.
Ғұмыры қысқа болса да,мазмұны терең болған газеттердің бірі.Сол кездегі Ресей империясының саясатына қайшы болса да,тәуекелге бел буып шығарылған газет.Себебі қиын-қыстау кезеңде халықтың рухын қайрап,жандандыру қазақ зиялыларының басты мақсаты еді.
Алайда,өкінішке орай «Серке» газетінің тек 2 нөмірі жарияланып,жабылып қалған болатын.Оған себеп белгілі журналист-ақын Міржақып Дулатұлының «Жастарға» атты өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» деген мақаласының жариялануы болған деген дерек бар.
«Серке» газеті 1907 жылы қазақ оқушыларына арналып Петербургте шығып тұрған «Улфат» газетіне қосымша ретінде Шәймерден Қосшығұловтың басқарумыен ,Хажы Ибрагимовтың редакторлығымен шыққан.Бас-редактор Шәймерден Қосшығұлов «Серке» деген сөз,ол боранда қой бастайтын көсем мағынасында қолданатын ұғым деп айтып кеткен.Қарап тұрсаңыздар,тіпті газеттің атының өзінде екінің біріне түсінісе бермейтін терең мағына жатыр.Яғни,көш бастайтын,халықты оятатын,артынан ертетін деген мағынамен аталған екенін көре аламыз.
Енді өрбіп келе жатқан газетті түп тамырымен кесіп,«Серке» газетіндегі кейбір мақалаларда қазақ халқын орыс халқына қарсы үгіттеу бар деген жаламен шығарылымын тоқтатқан.
XX ғасырдың басындағы халықтың жаны күйзелген ахуалды кішкене болса да жеңілдету мақсатымен шығарылған газеттің қазақ журналистика тарихында алатын орны ерекше деп білемін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918).
Ғылыми монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.-358 бет
Қ.Аллаберген, Ж.Нұсқабайұлы
Ф.Оразаев. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008 ж.ж.).
Алматы: Білім, 2010. – 308 бет
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті,1 курс
Құмарәлі Аружан