Қазақ баспасөзінің тарих жолында ұлт тіліндегі екінші басылым – Дала уәлаяты газеті

1888 жылдағы қаңтардың 1 жұлдызынан, 1902 жылдағы сәуір айының 12 жұлдызына дейін жарық көрген.
Мысал ретінде мақалаларын жеткізуде шеберлік танытқан публицисттер, ойларын тұспалдап жеткізген деседі. Басылым ауыз әдебиеті үлгілерін жарыққа шығарарда, әлем әдебиетінің аударма үлгілері барынша әсер етсе керек. Атап айтар болсақ, Ы.Алтынсарин, А.Құнанбаевтардың Л. Н.Толстойдан аударған «Ұзақ пен көгершін», «Бұғы мен қарақаттың сабағы», «Бұғы», «Қоян», «Өтпес пышақ» сияқты мысал әңгімелері бар. Ауыз әдебиеті үлгілерін жинаушы Б.Адықов, Ш.Айманов, Р.Дүйсенбаев тағы басқалары газетке бастырған дүниелерді халықтың ауызша шығармасы деп, соңына өз есімдерін жазса, енді біреулері материалдарды кімнен, қайдан жазып алғанын деректеп, хабарлап отырған.

«Дала уәлаяты» газетінде тіл мәселесі ең ауқымды тақырып болғанына ссл кезде жарық көрген материалдарды зерттегенде көз жеткіздік. Айта кетсек, 1888 жылғы 42-нөмірінде Б.Адықовтың редакцияға жолдаған хаты жарияланыпты. Онда: «Осы уақытта Қазанда һәм басқа шаһарларда басылған кітаптар түрікше, ноғайша аралас тілдермен жазылған. Бұл қазаққа түсінікті емес. Сондықтан, таза қазақ тілінде кітаптар шығарса, қазаққа пайдалы болар еді»,-деген өткір пікір айтылған. Осы тұрғыда, аталмыш газетте тіл және халықтың пікірі, ауыз – әдебиеті жайлы сауалдардың барынша зерттелгенін байқаймыз.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *