Дос-көңілдің күмбезі
Дос деген- киелі түсінік.Сіздің жан досыңыз бар ма?Көңілі бір,ортақ адамдар ғана бір-бірімен дос бола алады дегенге сенесіз бе?Дос дегенде көз алдыңызға,ойыңызға не келеді?Досыңызбен көп ұрысып қаласыз ба?
Достар деген бір-біріне ұқсайтын,бір-бірінің кемшіліктерін толықтырып тұратын,ойы мен санасы бір ,көзқарасы мен пікірі ортақ жандарды айтады.Дүниедегі ең ұлы сезімдердің бірі достық.Достық адамдардың,ең алдымен,бір-біріне сенуінен басталады.Ол артқан сайын,достық та нығая түседі.Ал бір-біріне сенімі жоқ,дегенмен өздерін дос санайтындар да бар,ол жалған достық -бірде бар,бірде жоқ.Қандай да бір қиындыққа тап болсаң,оны досыңмен бөлісіп,ақылын тыңдап,шешімін таба аласың.Соның арқасында екеуінің де кемшілігі көрінбей қалады.”Дос-көңілдің күмбезі”деп айтылатыны осыдан.
Сенім мен жарқын көңіл достықты берік ететін тірек саналады.Өзі шынайы дос бола білген адамның достары да көп болады және жер бетінде өзін жалғыз сезінбейді.Халық жадында “Алтын берген-дос емес,ақыл берген-дос” деген мақал бар.Дос әсіресе қиыншылықта қатты сыналады.”Жаман дос жауыңмен бірге шабады”дейді ғой.Жаман досты ой иегімнен өткізетін болсам-ол көлеңке секілді.Күн барда жанымнан кетпейді,бұлт кернесе жанымнан бір сәтте жоқ болады.Кейбір адамдар сенің мал-дүниеңе ғана дос болады.Бірақ дәл осындай достар ұзаққа бармайтыны мәлім.Ал шынайы дос кез келген сәтте жаныңа тіреу болады,сыналар кезде сыналады,шыңдалар кезде шыңдалады.
Адам адал достықты іздей бермей,өзі де дос бола білуі керек.Жолдасын тастаған жолда қалады.Дос осы өмірдегі ешнәрсемен өлшенбейтін құндылық.Ата-бабамыз үш құндылықтан қателеспеңдер деген.Олар:біріншісі-мамандық таңдаудан,екіншісі-жардан,үшіншісі-ортадан,жора-жолдастан. Осы үш құндылықтан қателеспеген адам өмірдегі ең бақытты адам.
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718