Міржақып Дулатовтың «Жастарға» өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» мақаласының өміршеңдік мәні

Патша үкіметінің рұқсатымен 1907 жылы Петербургте жарық көрген “Серке” газеті екі басылымнан кейін-ақ тоқтап қалды. Деректерге қарасақ, жабылуына газет беттеріне жариялаған белгілі ақын-журналист Міржақып Дулатовтың “Жастарға” деген өлеңі мен “Біздің мақсатымыз” атты мақаласы себеп болды деген дерек бар.
“Жастарға” өлеңі қазақ халқына бейне бір біз батырдің ұрпағымыз, таң атты ояныңдар, күресіңдер деп тұрған секілді. Ал “Біздің мақсатымыз” деген мақаланың мазмұны тым ерекше, қазақ баспасөзі үшін орны бөлек.
Мақаланың басында “Ең алдымен қазақ халқы – Россияға тәуелді халық… Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады” деген сөзінен оқып отырған оқырманға батылдық пен намыстың рухы сезілетіні анық. Біз мақаладан Міржақып Дулатовтың патша өкіметінің озбырлығына, қазақ елін зат секілді көріп елемеуіне деген өкпе, ренішін байқамыз.
Мақаланың астарында патша өкіметіне деген саяси мән бар. Нақтырақ айтсам, Ресей отарлау саясатының тым шеттен шыққандығы мен, қазақ халқының қалай жоқтың күйін кешіп, қиын күндерді бастан өткеріп жүргенін ашық түрде патша өкіметіне жолдай отырып жазған. Сол жылдардағы чиновниктер, стражниктер мен урядниктердің қазақ жерін әкесінің төріндей көріп емін-еркін өмір сүріп жатқанын, ал біздің қазақтың не жерге тамағы жоқ ,не жатар жері жоқ өз жерінде өздері күн көре алмай жүргендігін қынжыла білдіреді.

Осындай қысым-қыспақ кезінде жарыққа шыққан санаулы қазақ
газеттерінің бірі, тек 2 нөмірі ғана баспа бетін көрген “Серке газеті”
болатын. Ал оның соңғы санында Міржақып Дулатұлының “халықты
үкіметке қарсы қоятын” «Жастарға» өлеңі басылған еді.
“Найзаменен түртсе де,
Жатырмын қазақ оянбай,”- деп басталатын жыр жолдарынан
ақынның Ресей үкіметінің отаршылдық саясатына ишарат етіп,
олардың әділетсіздігіне емес, өз жұртының қараңғылығына, елін
отарлағанына емес өздерінің жеке малын тартып алғанда ғана бас
көтеретін бейқамдығына деген күйінішін байқаймыз.

Ханатов Диас
журналистика факультеті 1 курс

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *