Міржақып Дулатұлының әдеби публицистикалық мұрасы
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультеті, 1-курс студенті
Туркаш Амина
Серке газеті – 1905-1907 жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз. Деректерге сүйенсек, газеттің жабылуына ақын-журналист Міржақып Дулатұлының “Жастарға” өлеңі мен “Біздің мақсатымыз” атты мақаласы себеп болды.
“Жастарға” өлеңі- қараңғы күнде жол бастар көшбасшы шығарып, бұл қараңғылықтан құтылу мақсатында жазылған. Яғни, бұл өлеңнің “Серке” газетіне шығуы бекер емес, себебі “қазақ ұғымында жайылымдағы малды бастайтын түлік-Серке” болған. Міржақып Дулатұлы көштің басын жастар бастап,қазақ халқына ояныңдар,көздеріңді ашыңдар, біз білімді-зиялы қауым болуымыз керек деген идеясын қағазға түсірген. Себебі патша үкіметі қазақтардың білім алып, сауат ашқанын қаламады. Оларға тек қазақтардың мал бағып,көшіп-қонып жүре бергендері жақсы еді.
Ал “Біздің мақсатымыз” мақаласында Ресейдің отарлау саясаты тым шеттен шыққаны сонша,Міржақып Дулатұлы қазақ елін қорлатқызып қарап отырмай, патша үкіметіне ашық түрде қарсы шығуы ол кездері Шерхан Мұртаза айтпақшы «Шындықты ақтарыла айту – қиынның қиыны.»деген екен. Халықтың жан айқайын, сол кездері баспасөз арқылы жеткізу, халық үшін өте керек еді.
Мақалада патша үкіметінің отарлау саясатына қатысты барлық бүлік қозғалған. Дәлірек айтсақ, сол жылдардағы чиновниктер,басшылықтардың қазақтардың жерін тартып алып, тайраңдап, емін-еркін өмір сүрулері ыза әкелмей не әкелсін. Ал, қарапайым қазақ не ішерге ас таппай,не жатарға жерлері жоқ өз күндерін көре алмай жүргендігін ақын ауырда болса жеткізгісі келді. Бірақ, олар жерді тартып алып қана тоқтаған жоқ. Ауылдарды тонады,діни кітаптары бар адамдарды жазалады,молда істеріне араласты, жайылымдарды сатты, қазақтың зиялы қауымы өлім жазасына кесіліп жатқандығымен “Бұл соттардың шешімдері бойынша жанымен, тәнімен туған халқына берілген азаматтар асылып, атылып кетті. Қазірдің өзінде мыңдаған ерлеріміз шалғай жерлерде жүр, немесе түрмелерде отыр…” деген сөздерімен аяқтайды.
Шындығында, бұл мақала үлкен тәуекелмен жазылған. Міржақыптай халқы үшін батылдық пен намысқа толы мақала жаза алатын тұлға, енді қайтып туылмайтындығы һәм белгілі. Өзінің артынан үлкен жол салып, публицистикалық қайталанбас әдеби мұра қалдырды.
Бүгінгі таңда, бір қуантарлығы шындықты ашық жазатын журналистер саны көбейді. Оған біздің Абай,Ахмет,Міржақыптың мақалалары,өлеңдері түрткі бола білді деп ойлаймын.
Пайдаланған әдебиеттер: 1. Қ.Аллаберген, Ж.Нұсқабайұлы, Ф.Оразаев. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008 ж.ж.). –Алматы: Білім, 2010. – 308 бет 2. Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). Ғылыми монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.-358 бет.