Үй құстары
Үй құстары
(Технологиялық карта)
Атырау қаласы, Құрманғазы ауданы
МКҚК «Өркен» бөбекжай балабақшасы
Әдіскер: Нсангалиева С.К.
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі: «Сөйлеуді дамыту»
Блок тақырыбы: «Табиғат әлемі»
Апта тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»
Мақсаты: Құстар туралы білімдерін жетілдіру. Тілдің қарқынын өзгерту, біліктерін бекіту. Құстар туралы өлең жолдарын оқу. Құстарға қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар: Үй құстарының макеті, суреті, қорасы.
Билинг комп: Үй құстары-Домашние птицы, Әтеш-Петух, Тауық-курица, Қаз-Гусь, Үйре-Утка.
Сөздік: Үй құстары, әтеш, тауық, қаз, үйрек.
Әдіс/тәсіл: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, ойын.
Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс–әрекеті | Баланың іс–әрекеті |
Баланы тапсырманы орындауға қызықтыру (Талпындыру) | Шаттық шеңбері.
Біз әдепті баламыз, Айтқан тілді аламыз. Қонаққа келсе апайлар, Иіліп сәлем береміз. |
Шеңбер жасап өлең жолдарын бірге қайталайды |
Ұйымдастырушылық ізденістік | Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады? Қыста қандай ойындар ойнаймыз? Қыс мезгілі ұнай ма? Балалар сіздер қандай құс түрлерін білесіңдер? т.б. | Қыс мезгілі
Балалар жауабы тыңдалды Тауық, қарға, әтеш, торғай. |
Жарайсыңдар балалар.
Мадақтау, қоштасу |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Үй құстарының түрлерін, немен қоректенетінін, адамға пайдасын білу керек.
Түсінеді: Үй құстарына деген қамқорлығын түсіну керек.
Меңгереді: Үй құстарының дыбысын, жүрістерін меңгеру керек.