Қазақ халқының мүддесін ойлаған «Серке» газеті
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Журналистика факультеті, 1-курс студенті
Ұлдана НУРАДИН
«Серке» газеті – 1905-1907 жылдарда Ресейде болған бірінші революция екпінімен шыққан баспасөз түрінің бірі. «Серке» деп газеттің аталу себебі, боранда қой бастайтын «көсем» мағынасында қолданылған ұғым. Яғни бұл жерде адасып қалайын деп тұрған ұлтты жинақтап, басын біріктіріп, бірлікке, ынтымаққа шақыру болып есептелінеді.
«Серке» газеті 1907 жылы қазақ оқушыларына арналып Петербургте шығып тұрған «Улфат» газетіне қосымша ретінде Шәймерден Қосшығұловтың басқаруымен, Хажы Ибрагимовтың редакторлығымен шыққан газет. Сол заманда Патшалық Ресейдің рұқсатымен екі жетіде бір рет шығып отырды. Ол заманда да газетке жазылу болды. Осыған орай «Серке» газетіне жазылу құны бір жылға 2 сом, жарты жылға 1 сом 25 тиын болса, жеке саны 10 тиынды құрады.
«Серке» газетінің түпкі мақсаты елдің жағдайын ойлаған, ұлт мүддесі үшін күрескен зиялы қауымның саналы іс-әрекетінің салдарынан дүниеге келген ұлттық бағыттағы саяси басылым. «Серке» газеті секілді қазақ тілінде және биресми газет шығуы ұлт үшін оның мүддесі үшін тарихылық маңызы өте зор.
«Серке» газетін шығарушылардың бірі Міржақып Дулатұлы: «1905 жылдан бері біздің қазақ жұрты да басқалардың дүбіріне елеңдеп, олардың ісіне еліктеп ұлт пайдасын қолға ала бастады», – деген ой қалдырған. Сонымен қатар, зерттеуші Ә.Әбдіманов: «Серке» – қазақтың биресми, саяси бағыттағы демократиялық баспасөзінің тұңғыш бастау көзі ретінде тарихтан өз орнын алу керекк – десе, француз тарихшылары А.Беннигсен, Ш.Лемерсье-Келькежей: «Саяси және санаткерлік қақтығыстардың дәл осындай буырқанған сәтінде» – деп, алғашқы қазақ газеттерінің дүниеге келген уақыттарын суреттеген.
Ұлт үшін барлығына дайын болған зиялы қауымдар, газет үшін бәрін істеді. Солардың бірі Міржақып Дулатұлының «Жастарға» атты өлеңі мен «Біздің мақсатымыз» деген мақаласын жариялап қоғамды оятты деуге келеді. Яғни осы «Серке» газетінде жарияланған мақалаларда қазақ халқын үкіметке қарсы үгіттеу болды. Бірақ та қазақ жұртының қолға алған ұлт пайдасының бірі газет шығару болды. Дегенмен, қазақ зиялыларының өз тілдерінде бейресми газет шығармақ болған алғашқы нақты әрекеттері сәтсіз аяқталды. Соның ішінде ақын-журналист Міржақып Дулатұлының өлеңі мен мақаласы қатты әсер етті. Солайынан бір ғана саны шығып, жабылып қалды.
Пайдаланған әдебиеттер:
- Атабаев Қ. Қазақ баспасөзі Қазақстан тарихының дерек көзі (1870-1918). Ғылыми монография. – Алматы: Қазақ университеті, 2000.-358 бет
- Қ.Аллаберген, Ж.Нұсқабайұлы, Ф.Оразаев. Қазақ журналистикасының тарихы (1870-2008 ж.ж.). –Алматы: Білім, 2010. – 308 бет