Сабақтың тақырыбы: «Ойын арқылы бала тілін дамыту»
Сабақтың тақырыбы: «Ойын арқылы бала тілін дамыту»
Сабақтың мақсаты: Балалардың ұсақ моторикасын, тыныс алуын, сөйлеу мүшелерінің қимыл-қозғалысын дамыту. Ойлау қабілеттерін жетілдіру. Сөздік қорларын молайту.
- Шаттық шеңбер.
Сәлемдесейік иіліп,
Жылы жүзбен жымиып.
Қызығы мол сабақта,
Ойнайық та күлейік.
- Ұсақ қол моторикасын дамыту «Саусақтар сәлемдеседі».
Орындалу тәсілі: Басбармаққа қалған саусақтарды сәлемдестіріп, түйістіру.
(Бас бармақ, балан үйрек, ортан терек, шылдыр шүмек, кішкене бөбек).
Конец формы
Начало формы
Конец формы
«Жұдырық, тақтай, алақан»
Орындалу тәсілі: Алақанды алдымен жұдырыққа түйіп, одан соң тігінен ұстап, сосын алақанды үстел үстіне қою.Осы қимылды кезектестіріп, тез орындау.
- Артикуляциялық жаттығулар :
Сурет арқылы көрсету.
- Тыныс алу жаттығулары.
1) «Жылан» – Қолдарымен жыланды ұстап, түтікшемен үрлеу.
2) «Бақа»- Тынысымыз жақсы болу үшін, түтікшемен үрлесек, бақа ауызын ашады.
3) «Еліктің мүйізі» – Түтікшемен қатты бар күшімізбен үрлейміз.
4) «Балықты суға жібер» – Түтікшемен ішке қарай тынысты тартып, балықты аулап, суға жіберу.
– Жарайсыңдар , балалар!
- Жаңа сабақ: «Ойын арқылы бала тілін дамыту».
– Ал, балалар, ойынымызды бастайық.
- «Балық аулау» ойыны.
– Балалардың қол моторикасын дамытуға арналған ойын.
– Балалар, қармақпен магнит арқылы көлдегі
(Аулаған балықтарды шелектерге салу)
– Ал, балалар, біз не істедік? (балықтарды қармақпен ауладық)
– Ал, енді балалар, қайталап айтайықшы (балық, қармақ)
– Аулаған балықтарды қандай ыдысқа салдық? (шелекке)
– Қайталап айту (шелек)
- «Ілгішпен шелекті тарту»
Шарты: Балалар қолдарына ілгіштерді ұстап, шелектерді тартады. Әр балаға 3 шелектен беріледі.
– Ал, балалар біз не істейміз?
– Біз ілгішпен шелекті тартамыз.
– Ал, балалар, шелекті балықтарымен бірге ілгішпен тартып үстел үстіне қояйық.
– Жарайсыңдар, балалар!
– Балалар, осы аулаған балықтарымызға шыбындар қонбас үшін, бақамен бірге шыбын аулайық.
- «Шыбын аулау»
– Бақамен бірге шыбын аулайық.
– Ал, балалар, бақамен бірге балықтарымызға шыбындар қонбас үшін, барлығын аулайық.
– Балалар, қайталап айтайықшы, шыбын, балық, бақа, шелек.
– Жарайсыңдар, балалар!
- 9. Мимикалық жаттығулар жасау.
– Құлағын ұстап тұрған Мерсад.
– Тілін шығарып тұрған Рамзан.
– Көзін жұмып тұрған Айсұлтан.
– Ауызын ашып, мұрнын ұстап тұрған Нұрали.
- Сергіту сәті:
Қолымызбен хлоп-хлоп,
Аяғымызбен топ-топ,
Тарсылдаймыз тук-тук,
Үндемейміз, қараймыз.
-Жарайсыңдар, балалар!
–Ал, жігіттер, Рамзан, Әли, Мерсад, Айсұлтан келесі ойынымызды ойнайық.
- «Футбол ойнау»
– Саусаққа киетін бала жасап, футбол ойнату.
– Балалар, екі саусағымызбен жүгіріп футбол ойнайық.
– Балалар, біз не істедік?
– Доп, футбол, балалар.
– Жарайсыңдар, балалар!
– Ал, енді балалар, соңғы ойынымызды ойнайық.
- « Жіпті орау»
– Дөңгелек үстелдің шет-шетіне жіп байлап, балалар жарысып ораулары керек.
- Релаксация «Теңіз» дауысы. (видео теңіздің бейнесі)
– Балалар, жарайсыңдар, біз бүгін тілімізге арналған жаттығулар жасадық (қайталату), тыныс алуға арналған жаттығулар жасадық, әр түрлі қолымызға арналған жаттығулар жасадық. Ойындар ойнадық.
– Жарайсыңдар!
– Сендерге сабаққа керемет қатысқандарың үшін сыйлығым бар.
– Рахмет сендерге!