“Отан неден басталады?” тәрбие сағаты

Абай облысы

Көкпекті ауданы

«Шәріптоғай негізгі мектебі» КММ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Отан неден басталады?»

Республика күніне арналған тәрбие сағаты

 

 

 

 

 

 

Шағын орталық тәрбиешісі

Акжигитова Р.Ж.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2023ж.

 

Мақсат: балаларға Отан деген не екенін түсіндіру; еліміз жайлы кеңірек мағлұмат беру; туған жеріне, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Өткізу формасы: ойын

Құрал-жабдықтар: әр аялдамаға сәйкес суреттер, буклеттер, ақ парақ, желім, аудиомузыка

 

Барысы:

Шаттық шеңбері:

Қуанамыз күлеміз,

Бар әлемде  сүйеміз.

Қол ұстасып, қуанып,

Достарымен бір жүреміз.

Кіріспе сөз: Балалар,  біз 1990 жылы 25 қазан күні Қазақстанның егемендігі туралы Декларацияға қол қойылды. Біздің  мемлекет жеке дара, дербес ел болды. Сондықтан  25 қанада Қазақстан Республикасының туған күнін жылда атап өтеміз.

Осы атаулы күнге арналған тәрбие сағатымызды мен сендерге ойын түрінде өткізуге ұсынамын. Сендерге 5 аялдамадан тұратын жолды ұсынамын. Әо аялдамада сендерге тапсырма беріледі. Дұрыс орындасаңдар, сендер суреттің бір бөлшегін аласыңдар. Соңғы аялдамаға келгенде, тұтас бір бейне шығу керек.

 

1-аялдама. Біздің ауыл қандай? Деген сұраққа жауап беру керек. Кем дегенде 5 сөз айту қажет. Жауап алған соң, суреттің бір бөлшегін  алады.

 

2- аялдама. Отан неден басталады?   Табиғаттан.

Бізде өсетін ағаштарды атаңдар.

Қандай гүлдерді білесіңдер?

Күзде аспаннан не жауады?

Су суықта неге айналады?

Зебра бізде мекендейді ме?

Қандай жануарлар мекендейді?

 

3-аялдама Отан неден басталады? Ертегілерден, аңыздардан, мақалдардан.

Қандай ертегілерді білесіңдер?

Отан туралы мақал жаттайық

Отан отбасынан басталады. Отан оттан да ыстық. Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас.

 

4-аялдама. Ұсынылған түрлі ту мен елтаңбалардың арасынан Қазақстанның рәміздерін табу, сипаттау.

 

5-аялдама. Отан неден басталады? Ойындардан басталады.

Қандай қазақтың ұлттық ойындарын  білесіңдер? /асық ату, қол күрес, қыз құұ/

Жаңа ойынмен танысу.

«Қозы»  Баланың есте сақтау, есту  қабілетін дамытады. Балалар екі топқа бөлінеді /қозылар/  Екі жүргізуші болады – олар шопандар. Отарлар бір-біріне жақын отырады.  «Шопан» екінші отраға барып, тез жүрдім, ақырын жүрдім, қозы сұрауға келіп жеттім» дейді.  Отардың  «шопаны» оған таңдап алуға рұқсат береді. Келген шопан бір баланы таңдап алып, алақанымен оның көзін жабады. Екінші отардан бір қозы маңырау керек. Таңдаған қозы кімнің дауысы екенін анықтаса, онда ол сол отарға кетеді, танымаса, маңыраған қозы екінші отарға ауысады. Қай топта көп жиналады, ссол жеңеді.

 

Қорытынды. «Өрмек» ойыны арқылы балалар ойын барысында ойларына не түйгені туралы айтады.

Тәрбиеші өз ойын айтып, келесі балаға береді, ол ойын айтып, басқа балаға береді.

-Балалар, бізді жіп не істеп тұр? /біріктіріп тұр/

-Дұрыс айтасыңдар, бірлік бір жерде тірлік бар дейді,  соңдықтан халқымыз тату-тәтті аман-есен өркейе берсін деп ойынымызды аяқтайық..

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *