Бақбақтар
«Өрнек» жеке меншік бөбекжай балабақшасы
«Тәй – тәй» кіші тобы
Ұйымдастырылған оқу іс әрекетінің технологиялық картасы
Тақырыбы«Егістіктегі
бақбақтар»
Тәрбиеші: Туенбаева Г.О.
Кіші тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің
технологиялық картасы.
Білім беру салалары: «Шығармашылық»
Бөлім: Сурет салу
Мерзімі: 21.04.22ж
Тақырыбы: Егістіктегі бақбақтар.
Мақсаты: Балаларға егістікте өсіп тұрған бақбақ гүлінің пішінін, әдемілігін сурет арқылы жеткізуге үйрете отырып, бояумен жұмыс істеу біліктіліктерін жетілдіру; Өздері салған суреттеріне қуана білуге және эстетикалық талғамы мен шығармашылығын дамыту; Табиғатқа деген сүйіспеншілік сезімдерін тәрбиелеу.
Құрал- жабдықтар: жеке суреттер, үлгі, жасыл түсті қағаз,бақбақ гүлінің салынған суреті, гүлдер
Сөздік жұмыстар: егістік, бақбақ, сабағы
Билингвалдық компонент: бақбақ- одуванчик
Әдіс –тәсілдер: жылулық шеңбері ,жұмбақ жасыру ,көрсету-түсіндіру,сұрақ-жауап,өздік жұмыс,ойындар.
Әрекет кезеңі |
Тәрбиешінің іс-әрекеті |
Баланың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушы |
Ұйымдастыру. Сәлеметсіз бе балалар. Бүгін біздің ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы «Егістіктегі бақбақтар». Біз оқу қызметіміздібастамас бұрын көңілді жаттығу жасап алайық.
|
Шеңберге тұрып берілген сурет бойынша, әуенді қыймыл жыттығуларын қөрсетеді.
|
Іздену ұйымдастырушылық |
-Балалар мен сендерге қазір бір жұмбақ жасырам, жауабын тауып көрейікші. Кім жылдам? Жұмбақ жасыру. Көктем мен жаз шыққан да, Басына сары қалпақ киеді, Күзге қарай қалпағы, Қалқи ұшып кетеді. Бұл не ? тауып көрейік. (ақ матаның астынан бақбақ гүлдерін көрсету) Бақбақ гүлдерімен таныстыру Бақбақ гүлі көктемде алғаш гүлдейді, түсі сары болады, күз кезінде қуырап, желмен ұшып кетеді.Бүгін біз сендермен өсіп тұрған бақбақ гүлдерін түтүкшілер(трубочки) арқылы салып үйренетін боламыз. Сөздік жұмыс: бақбақ,сабағы Қылқаламмен сары бояуға батырып, қағаздың үстіне бақбақ гүлінің суретін салып көрсету. Балаларға көрсету, түсіндіру. Өздік жұмыс. Қауіпсіздік ережесін еске түсіру. Сергіту сәті Тербеледі ағаштар, Жел бетімнен еседі. Кіп –кішкентай ағаштар, Үлкен болып өседі. Жұмысты аяқтату. Ұжымдық жұмыс (ақ қағаз бетіндегі бақбақтың суретін аяқтау) «Гүлдің бөліктерін жінау» (ойынның шартын түсіндіру)
|
Мұқият тыңдайды.
Жұмбақтың жауабын табуға тырысады көмек беру. бақбақ
Қайталайды.
Тәрбиешінің көмегімен түтүкшілір арқылы бақбақ суретін салу.
Қимылмен көрсетеді.
Қайталайды.
|
Рефлексивті корригиялық |
Қорытындылау. -Балалар бүгін біз сендермен қандай гүлмен таныстық? -Бақбақтың түсі қандай ? -Сендерге бүгінгі салған сурет үнады ма? Бүгін сендер өте жақсы сурет салдындар. Жарайсындар балалар Олай болса, бүгінгі оқу кызметімізды аяқтаймыз. Сендерге рахмет!
|
Сұрақтарға жауап берді. Ойынды қызыға ойнайды
|
Болжамды нәтиже:
Біледі: Түтүкшілермен жұмыс істеу дағдыларын;
Игереді:Бақбақ гүлі қайда өсетінін, қашан гүлдейтінін;
Меңгереді: Сары түсті пайдалана отырып, түтүкшелербасып салу арқылы бақбақ гүлінің суретін салуды;
Тәрбиеші: Туенбаева Г.О.