Не айтам саған, жаным-ай
Не айтам саған, жаным-ай
Не айтам саған, жаным-ай, не айтам саған
Кете бердім жолменен шайтан салған.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ».
Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.
…Сен қалдың қадіріме жетпей менің,
Шын берілсең, қара үзіп кетпейді едім.
Сол сәттен көз алдымда қалғаны тек
Үстінде желбіреген көк көйлегің.
…Сонымен сен де кеттің, мен де кеттім,
Ойран-асыр көңілді жөндемек кім?
Кімді сүйсең оны сүй, бақытты бол!
Бірақ менің сүйгенім сен демекпін.
Мейлі күн, мейлі айлар, жылдар өтсін,
Өкініп, опық-жейтін мезгіл жетсін.
Шынайы саған деген махаббатым
Өміріңе қарыз боп бірге кетсін.
Кете бердім жолменен шайтан салған.
«Қолда барда алтынның қадірі жоқ».
Қиын екен қосылып, қайта аңсаған.
…Сен қалдың қадіріме жетпей менің,
Шын берілсең, қара үзіп кетпейді едім.
Сол сәттен көз алдымда қалғаны тек
Үстінде желбіреген көк көйлегің.
…Сонымен сен де кеттің, мен де кеттім,
Ойран-асыр көңілді жөндемек кім?
Кімді сүйсең оны сүй, бақытты бол!
Бірақ менің сүйгенім сен демекпін.
Мейлі күн, мейлі айлар, жылдар өтсін,
Өкініп, опық-жейтін мезгіл жетсін.
Шынайы саған деген махаббатым
Өміріңе қарыз боп бірге кетсін.
Мұқағали Мақатаев