Тәрбиеші- балабақшадағы басты тұлға.

Тәрбиеші – бала өміріндегі анасынан кейінгі алғашқы ұстаз. Тәрбиешілер – ішкі жан-дүниесі бала жандар. Олай болмаған жағдайда балалар бізді өз әлеміне кіргізбейді. Біздің кәсібіміздегі ең маңызды нәрсе – балаларды себепсіз жақсы көру.Тәрбиешінің әр сөзіне, іс-әрекетіне елеңдеген, бар әлем сыятындай балалардың жанарын көргенде тәрбиеші мамандығының маңызы артады. Оларға қарап қаншалықты керек екеніңді, олар үшін бар әлемдей көрінетініңді және болашақ өскіндердің өміріне қатыса алатыныңды, оларды махаббат пен жүрек жылуымен қолдай алатыныңды түсінесің. Шын педагог әркезде қоғамның өзге мүшелерінен ерекшелейтін қасиеттерге ие. Моральді тазалық пен ішкі мейірімділікті қатаң талап ететін өзге мамандық жоқ.

Жақсы тәрбиеші, сонымен қатар – әртіс, сценарий жазушы, суретші. Кез-келген оқу іс-әрекетін мерекеге айналдырып жіберу оның өз еркінде. Біздің балабақшамыз 2014 жылы жұмыспен қамту орталығынан жолдамамен келген қызметкерлермен толықтырылып ашылды.Әрине, ешқандай іс-тәжірибесі жоқ мамандармен жұмыс жасау,жұмыс барысында қиынға соқты.Дегенмен,қазіргі таңда ол мамандар тәжірибе жинақтап,жаңа инновациялық технологияларды тиімді пайдалана отырып,біліктіліктерін арттыру орталықтарына барып, іс –тәжірибелерін жинақтады. Өз іскерлігімен көзге түсіп,көп тәжірибе жинаған тәрбиешілер арамызда аз емес. Осындай іскер  тәрбиешінің бірі  Билбасова Жазира Бақтығалиқызы жайында әңгіме өрбітуді жөн көрдік.Еңбек жолын осы «Айналайын» бөбекжай-балабақшасында бастап, тәжірибе жинақтады. Мұнда 2016 жылдан бастап тәрбиеші болып жұмыс атқарып, қарым-қабілетін байқатты.Қазіргі таңда балабақшада «Еркем-ай» тобында тәрбиеші қызметін атқаруда. Ол үнемі балалармен, ата- аналармен көптеген жұмыстар атқарып, ұжымның беделін көтеруге күш салуда. Тәжірибелі тәрбиеші туралы Сауле Майшақызы: «Жазира тек тәрбиеші ғана емес, жан-жақты өнерімен ерекше. Қолынан келмейтін іс жоқ. Қолөнерімен көрнекілік құралдар дайындағанда таң қаласыз. Жалпы, балалар да, ата-аналар да Жазираның адамгершілік болмысына риза», – деп тәрбиеші тұлғасын суреттеді.
Оның ұйымдастырған ашық сабақтары көптің есінде қалыпты. «Ана-өмір шуағы!», «Ұлыстың ұлы күні – Нау­­рыз», «Әжелер сайысы», «Берекелі де ырысты алтын күз», «Қыз өссе – елдің көркі», «Жігітке жеті өнерде аз!», «Төрле,төрле жаңа жыл», «Татулық-достықтың киелі бесігі», «Ер есімі-ел есінде» т.б шаралары ерекше нақышпен өткен. Бұл туралы топтың ата-анасы Аққұлова Айман Сайлауқызы: «Біздің балалар Арал апайын жақсы көреді. Оны балабақшаға асыққан баланың көңілінен аңғарамыз. Ашық сабақтарға жиі келеміз. Тамаша көріністермен әрбір шара көрерменнің есінде мәңгі қалып қояды», – деп ерекшелігін сөзге қосты.

Тәрбиеші – ол үлгі. Ал, үлгі болу – ерінбей еңбектену. Иә, жеке өмірді ұмытуға да тура келеді. Дегенмен, оның марапаты әлеуметтік ортаға бейімделген адал балалар болмақ. Тек алға ұмтылу, жаңа инновациялық технологияларды және дәстүрлі емес әдістерді игеру қажет, әрине халықтық ауызекі әдебиет сияқты пайдалы ескіден де бас тартпаған абзал. Жаңа заман ұрпағының қызығушылығын қанағаттандыру үшін тәрбиешіге түрлі ілім қажет.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *