Ахмет Байтұрсынұлы
Мақала:
XX ғасыр басындағы қазақ зиялылары
20 ғасырдың басындағы танымал қазақ зиялылары: Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов,М.Тынышбаев,М.Шоқай,Х.Досмұхамедов,Ж.Досмұхамбетов,Ж.Ақбаев,О.Әлжанов, бұл ұлы тұлғалар қазақ халқының азаттығын алуға үлкен үлес қосты. Мен осы тұлғалардың ішінен бес арысымызға тоқталғым келеді.
Ахмет Байтұрсынұлы-белгілі ақын,аса көрнекті ғалым, туролог, публицист,педагог,аудармашы,әрі қоғам қайраткері.
“Қазақ” газетінің негізін қалаған қайраткер. Сонымен қатар Ахмет Байтұрсынұлы қазақ халқын ілім-білімге,әрі мәдениетті қоғам құруға шақырған өлеңдер жинағы “Маса” және “Қазақ салты” өлеңінің авторы.
Ахмет Байтұрсынұлы ұлтының болмысын терең таныған ғалым. Халқының барша мұң-мұқтажын, мақсат-мұратын, кемел келешегін терең зерделеген және оған жетудің жолдарын да жақсы білген.
Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдық мерей тойына байланысты, қазақ елін елең еткізген ұлы тұлғамыздың дара жолы жайында көркем шығарма дүниеге келді. Аталмыш шығармада “Ахмет Ұлт ұстазы” атты телехикая “Qazaqstan” телеарнасында көрермен назарына ұсынылды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен түсірілген аталмыш телехикаяның режиссері Мұрат Есжан. Сценарийін Мұрат Есжан мен Ұларбек Нұрғалым жазса, көркемдік кеңесшісі ғалым Ұшқын Сайдырахман. Режиссердің сериалды түсірудегі мақсаты – ұлт ұстазының биік тұлғасын, сынбас рухын көрерменге жеткізу, осы рух арқылы көрермен жүрегіне сәуле беру.
Құрман Ақжан Сабырханқызы, жас тілші, Алматы облысы , Боралдай кенті , 39 гимназия 11″В” сынып оқушысы