Мен деген – ырза, мәз бала

Мен деген – ырза, мәз бала

Достар-ау, қайда тайдыңдар
He берді маған ай-жылдар?
Аздаған менде бақыт бар,
Аз ғана менің қайғым бар.
Қалғаны болса айтыңдар.
Айтылған арыз, назға да,
Көктемге, қысқа, жазға да.
Мен деген – ырза, мәз бала.
Рахат көрген аз ғана,
Азап та тартқан аз ғана,
Мен деген – ырза, мәз бала
Сәби қалпымнан қозғама.
Молынан маған бермеген
Бермесе қойсын кенде емен.
Аязды аздап көрген ем,
Ыстықта аздап шөлдегем,
Анасының да ақ сүтін
Айызы қанып ембеген –
Мәз бала, достар, мен деген.
Жыласам-дағы еңбектеп,
Жығылсам-дағы еңбектеп,
Рахат алып аз ғана
Аз ғана еткен еңбектен
Мен деген – ырза, мәз бала,
Мәз болам мынау Жер – Көкке.
Мұқағали Мақатаев
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *