Мен – Октябрь

Мен – Октябрь

Тоқтатып болмас,толқыннан туған алыппын,
Жасқанбай болмас,жаралған Күннен жарықпын.
Айырып болмас,достықтан туған халықтың
Еңсесі биік,ерлікпен келген шабытпын.
Шаттанып кетсем,
Шашырап менен нұр тамған
Ал ашу буса,жасыннан бетер бұрқанғам
Күрсіне қалсам,күтірлеп сынып көк аспан
Қуанып кетсем,қуаныш гимні шырқаған
Жер деген мына -қасиетті зор мінбеден
Мен – Октябрь,достыққа дәйім үндеген.
Мен – Октябрь,жиһанға кеткен таралып
Жасаушым менің,ленин жатқан іргеден.
Мен – Октябрь,
Күресте күшін шындаған,
Тізесін бүгіп,
Құлдыққа басын ұрмаған.
Миллиондардың қаны мен терін ұрлаған
Капиталистерді
Көріне тықпай тынбаған.
Мен – Октябрь,
Дүние солай ат берген
Қуансын досым,
Күйінсін жауым жат көрген
Мен – Октябрь,
Дүниені мынау жалғаймын
Қайсы біреулер қақ ортасынан қақ бөлген
Мұқағали Мақатаев

Bilimger.kz Республикалық білім порталы

Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.

Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718

Вам может также понравиться...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *