Көрерміз

Көрерміз

Қарыздармыз біз Отанға, барымызды берерміз.
Қарыздармыз біз Отанға, қарыздар боп өлерміз.
Есеп берер күн де болар ұрпақтардың алдында,
Мықтымсыған мырзаларды, бәлем, сонда көрерміз.
Отымызды Ұлы Отанға берерміз де, сенерміз,
Гүлімізді ұрпақтарға сыйлармыз да, семерміз.
Жаңа келген ұрпақтардың алғысын ап, марқайып,
Артымызда кім қаларын тірі жүрсек,көрерміз.
Ұлан-асыр ұлы күрес. Түбінде бір жеңерміз,
Біз әзірге даурықпаға шетімізден шебермізі
Кұрғақ даңқ құлы болып, бәлки… бір күн. кім білсін.
Құр таласпен күн өткізіп, түк өндірмей өлерміз…
Мұқағали Мақатаев
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *