Егін салдым

Егін салдым

Егін салдым,
Мал бақтым,
Тас қаладым
Сағынам да,
Жұртты да басқарамын.
Жалығам да
Жабырқап пәс қаламын,
Жырды бірақ,
Жырды мен тастамадым,
Жырдан бөлек қалмады басқа амалым.
Аласартты тағдырым биіктетті –
Бәрі өткінші.
Қуаныш, күйік те өтті.
Екіталай кезенде еңсем бұққан,
Күйсандыққа саусағым тиіп кетті.
Күйсандықтан күңіреніп үн шығады,
Күй аңсаған қу көңіл тыншығады.
Қарғып шығып кетердей аласұрып,
Тұтқын жүрек кеудемде түншығады!
Мұқағали Мақатаев
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *