Ақын ініге

Ақын ініге

Шоқтығына ер батқан, қайқаңдаған,
Мен – бір бәйек жорғамын байпаңдаған…
Күлесің-ау,
Күлесің… Сайтан-бала,
Сен айт менің ойымды, айта алмаған.
Ұмтыла бер ұрынбай құзат-жарға.
Мен сүрінгеи сөреден ұзап бар да,
Уат, мейлің, жанымды сызат шалғай,
Бірақ менің жырыма тұзақ салма!
Жырым менің – жалғызым, жан дауысым.
Жан дауысым!
Жоқтаған ар-намысын.
Ар-намысы тапталып қалмау үшін,
Арпалысып, әлсіреп қалғаны шын…
Ақын болсаң, алмас бол тайпалмаған!
Сен айт менің ойымды, айта алмаған.
Қарапайым жырымның дәнін ал да,
Қауызын,
Сайтан-бала,
Қайтар маған.
Мұқағали Мақатаев
 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *