Ерекше білім беруді қажет ететін оқушыларға психодиагностика жүргізу барысында әдістемелерді таңдай білу

Самбетбаева Бағила

Мектептегі педагог-психологтың қызметінің біріне инклюзивті білім алатын оқушылардың психологиялық ерекшеліктеріне сәйкес диагностикалық жұмыстар жүргізіп, түзету-дамыту бағдарламасын құру кіреді. Кешенді психодиагностика ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушыларға оқу жылында 3 рет жүргізіледі.

  1. Оқу жылының басында баланың жалпы деңгейін анықтап, оқушымен жүргізілетін түзету дамыту сабақтарының жоспарын құру мақсатымен;
  2. Аралық диагностика. Оқу жылының ортасында жүргізілген түзету сабақтарының тиімді не тиімсіз екенін анықтау мақсатында;
  3. Қорытынды диагностика оқушымен жыл бойы жүргізілген түзету сабақтарының нәтижесін қорытындылау мақсатында. Аталған психодиагностика нәтижелері оқу жылы басындағы психодиагностика нәтижелерімен салыстырылады.

Оқушыны зерттеу барысында әдістемелерді дұрыс таңдау диагностика нәтижесінің обьективті шығуына әсер етеді. Осы ретте ерекше білім беру қажеттілігі бар оқушының ерекшелігін ескеру қажет. Мысалы, оқушының логикалық ойлау деңгейін анықтауға арналған “Артығын тап” әдістемесін егер оқушының құлағы нашар еститін болса – суреттер арқылы, көзі нашар көретін оқушыларға осы әдістемені керісінше ауызша пайдалануға болады.

Егер оқушының ерекшелігі зейінінің тұрақсыздығында болса әдістеменің түрлі-түсті суреттермен және тапсырмалардың ауыспалы болғаны дұрыс. Керісінше, тапсырманы түсінуге ұзақ уақыт қажет ететін оқушыларға әдістеменің бірқалыпты болғаны дұрыс.

Жалпы кешенді психодиагностика барысында оқушының ұсақ моторикасы, оқуға деген қызығушылығы, өзін өзі бағалау деңгейі, егер бірінші сынып оқушысы болса мектепке дайындық деңгейі, оқушының психоэмоционалдық жағдайы, танымдық қабілеттері және жеке бас қасиеттері зерттеледі. Психодиагностика қорытындысы арнайы бланкке толтырылып, оқу-тәрбие жұмыстары бойынша ұсыныстар жазылады. Қажет болса, ППҚК қызметкерлеріне кеңестер беріледі.

 

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *