Ұлт-ұстазы

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ елінің мақтанышы, ұлтшыл жандардың бірегейі, өз заманының қоғам белсендісі, қоғам қайраткері, және өмір шындығы мен қоғам шындығын, өз өлеңдері арқылы жеткізген, ұлт-ұстазы!

Ахмет Байтұрсынұлы 1872 жылы 5-ші қыркүйекте, қазіргі Қостанай облысы, Жангелді ауданы, Ақкөл ауылында дүние келген, ұлы тұлға. Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың ақыны, қазақ әдебиетінің негізін салушылардың бірі, педагог, аудармашы, қоғам белсендісі, қоғам қайраткері. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілдің, қазақ әдебиетін қалыптастырушы. Алаш-Орда өкіметінің мүшесі болып табылады.

Ахмет Байтұрсынұлы шығармашылық жұмыстарын, өлең жазудан бастаған. Байтұрсынұлының өлеңдерінде қарапайым қазақ халқының көрінісін, әл-ауқатын, және де қазақ балаларын оқуға, білімге, құштарлыққа, адамгершілікке, мейірбандыққа, еңбекқорлыққа шақырады. Ахмет Байтұрсынұлының алғашқы өлеңі«Қырық мысал» болып табылады. Ол кітабында қазақ халқын ұйқыдан оятып, көзін ашу мақсатында жазған. Байтұрсынұлының екінші кітабы«Маса». Ол кітабында адамдардың жалқаулығын, надандығын, кемшіліктерін сыни тұрғыдар айтқан болатын.

Ахмет Байтұрсынұлын қазақ халқы мақтанышпен, жігерлікпен, бар ынтамен өлеңдерін оқуда. Байтұрсынұлының мысалдары мен өлеңдерінің тақырыбы әр-түрлі болғанымен, атамыздың мақсаты біреу. Ол-адамдарды адамгершілікке, жаман-әдеттерден арылуға шақырады. Байтұрсынұлының өлеңдерінің өзіндік ерекшелігі бар. Байтұрсынұлы қазақ халқының әліппесін, алфавитін, ерен еңбектерімен шығарды. Қазақ халқының әліппесін, алфавитін шығаруда талай қиындықты  кешкені анық. Байтұрсынұлы әліпбиі қазақ тілінің табиғатына бейімделген, араб жазуы ретінде жасалды.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ жастарының болашағына өте қатты алаңдаған. Байтұрсынұлының заманында қазақ жастарының көбі оқымаған еді, тіпті әріпте танымайтын жастар жетерлік еді. Байтұрсынұлы қазақ халқының толығымен оқу оқуын қалап, күн сайын түнде өлеңдер, мысалдар жазған болатын. Байтұрсынұлының өлеңдерін, мысалдарын, Ресей патшалығы қатты сынға алып, орыс халқына қарсы-деп, таныған болатын. Ресей патшалығы, Қазақстан елінің қазақ зиялыларынан өте қатты қорықты. Қазақ зиялылары шындықты жариялағаны үшін, қуғын-сүргінге ұшыратып, барлығын ату жазасына кескен. Байтұрсынұлының өлеңдерін орыс еліне қарсы- деп, біраз күн түрмеде өткізген күндері болған. Ахмет Байтұрсынұлы қазақ елінің тәуелсіз ел болуын қалаған. Байтұрсынұлы өз мақсатын жүзеге асыру үшін, өзінің барлық еңбектерін, қазақ халқына аянбай жасаған. Қазақ елінің Ресей астында өмір сүруін қаламаған,Ресей елі қазақ халқына барлық жаманшылықтар істеген, тіпті қазақ халқын қырып, ашаршылық пен адам төзгісіз қылып өлтірген. Байтұрсынұлы Алаш-Орда өкіметіне мүше болып кірген болатын. Алаш-Орда өкіметінде Ахмет Байтұрсынұлы сияқты жазушы, ақын, қазақ зиялыларының басы қосылған жер еді. Алаш-Орда өкіметінің зиялылары қазақ еліне барлық жақсылықты істеу үшін, аянбай еңбек еткен болатын.

Ахмет Байтұрсынұлының ақындықтан бөлек бір өнері, ұлттық аспаптардың бәрінде бірдей шебер орындаушы. Ұлттық аспаптарда ойнап, ән шығарып айтқан. Ахмет Байтұрсынұлы домбыраға арналған керемет күйдің авторы. Байтұрсынұлы Ташкенттегі Қазақ халық институттарында, қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінен сабақ берген. Байтұрсынұлының сенімді достары, Ә. Бөкейханов, М. Дулатұлымен бірлесіп, тұңғыш «Қазақ газетін» шығарды. Газет қазақ халқын өнерге, білімге құштарлыққа шақырды. Ахмет Байтұрсынұлы жазған өлеңдері үшін, қуғын-сүргінге ұшырап, 1937 жылы 8-ші желтоқсан күні өмірден өткен.

Ахмет Байтұрсынұлы қазақ елінп, жеріне өте көп еңбек сіңірген қайраткер. Қазақтың жас балалары оқысын, білімге құштар болсын, қазақ халқына қазақтың әліпбиін арнады. Қазақстан елінің қазіргі ұлттық тілі, Байтұрсынұлының шығарған қазақ тілімен, еркін түрде сөйлеп жатыр. Қазақстан елі Ахмет Байтұрсынұлына мыңдаған алғыс айтады. Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет болуын, аңсаған тұлғалардың бірі. Байтұрсынұлы  халқымыздың егеменді түрде, өмір сүруінің алғышарттарын жасаған, ұлт-ұстазы!  Атамыз қалың ұйқыда жатқан, қазақ халқының көзін ашамын деп, өлеңдерін арнап, қуғын-сүргінге ұшырап, ату жазасына кесіліп, өмірден өткен. Байтұрсынұлы нағыз ерлікпен, батырлықпен көз жұмды. Қазақстан елінде Ахмет Байтұрсынұлына арнап, мұражай кешендері, есткерткіштері ашылған.

 

Cізге ұнауы мүмкін...

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *