Заманауи білім беру: жаңа талаптар, жаңа мүмкіндіктер, жаңа жауапкершілік
Дастан Айбала
тарих пәні мұғалімі
Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К. Тоқаевтың а.ж. 1 қыркүйектегі Жолдауының маңызды аспектілерінің бірі – ұлттық білім беру жүйесінің жай-күйі.
Мемлекет басшысы жүйенің барлық деңгейіне тоқталып, мектепке дейінгі ғылыми зерттеулер мектеп жасына дейінгі балалардың ойлау, физикалық және психологиялық қасиеттеріне жақсы әсер ететін, олардың бойында қоршаған әлемді тануға, тәуелсіздікке құштарлықты қалыптастыратын, қарым-қатынастарды орнату дағдыларын дамытатын ерте тәрбиенің сөзсіз пайдасы мен маңыздылығын дәлелдеді. Баланы жастайынан тәрбиелеуге үлкен көңіл бөлу білім берудің басымдығын атап өтті. Көптеген шетелдік және отандық Ұлы Дала елінің педагогикалық дәстүрінде қашанда орын алған. Қ.К. Тоқаев өз сөзінде «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деп атып өтті. Қазіргі қарқынды дамып келе жатқан қоғам білім берудің жаңа тәсілдерін, оның сапасы мен қол жетімділігін арттыруды талап ететітіні сөзсіз. Тез өзгеретін кәсіби салалар бәсекеге қабілетті маман даярлауға жаңа талаптар ұсынуда.
Бүгінде болашақ мамандар тек кәсіби дағдылар мен құзыреттерге ие болып қана қоймай, сонымен қатар soft skills қорын меңгерген, қосымша міндеттерді орындауға дайын, жаңа мүмкіндіктер жағдайында әрекет етудің заманауи тәсілдерін білеуі керек. Мұғалімнің кәсіби шеберлігі, ең алдымен, мақсат – міндеттерді дұрыс шешуден басталады. Қазіргі білім мен техниканың дамыған кезеңінде ұлттық құндылықтарымыз шетелден еніп келе жатқан түрлі мәдениет ағымына көміліп қалмас үшін, жеке тұлғаны ұлттық құндылықтарымызды әлемдік деңгейге шығаруға қабілетті етіп тәрбиелеу – басты мақсат болып табылады. Ал міндетіміз – жеке тұлғаның өзіндік көз-қарасын қалыптастыру және оны қорғай білуге үйрету, оқушыларға тілді меңгерте отырып, белсенділіктерін арттыру ақыл-ой, таным қабілеттерін дамыту.
Отандық білім беру жүйесіндегі және жалпы қоғамдағы заманауи өзгерістер мен жаңғырту педагогтарға жаңа талаптар қойып, олардың кәсіби біліктілігін арттыру мәселесін бірінші орынға қояды. Қазіргі уақытта ҚР-да педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды мынадай бірқатар білім беру ұйымдары жүзеге асырады: «Назарбаев зияткерлік мектептері», «Өрлеу» ұлттық біліктілікті арттыру орталығы, «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру, сауықтыру орталығы, жоғары оқу орындары, білім беру орталықтары, біліктілікті арттыру институттары
Қорыта келгенде, кез-келген педагогикалық технология жоспарлау негізде қаралады. Сондықтан, бірінші кезекте, білім әлеміне еніп жатқан заманауи технологияларды реттеу, жүйелеу және жаңарту қажет. Білім беру жүйесіндегі заманауи педагогикалық технологияларды пайдалану арқылы оқу құралдарын оқытуды,біртұтастылықпен үздіксіз жүргізу, білім беру және тәрбиелеу үрдісінде оқытуда пәнаралық байланыстардың болуын қарастыру. Күнделікті жас ұрпаққа білім беру біз үшін үйреншікті жәй ғана шеберлік емес, ол сонымен қатар жаңадан заманауи алтын қазынаны табатын өнер көзі екендігіне көзіміз жетті.Мұғалімнің негізгі басты мақсаты – рухани бай, ізденімпаз, адамгершілігі мол адамды қалыптастыруы болып табылады. Қазіргі заманғы мұғалімдер информатор, бақылаушы, тексеруші, жазалаушы қызмтеін тастап, керсінше ізденуші. Зерттеуші, технолог, өнер тапқыш, шығармашылықпен жұмыс істейтін жаңашыл болу керек. Оқушыны субъект ретінде қарастырып, оның өзін – өзі тануына жол ашу, жеке тұлға бойындағы қасиетті дамыту, «Мен» менталитетін қалыптастыру, білім мен тәрбиені жеке тұлғаға қарай бағыттау – бүгінгі таңдағы кезек күттірмейтін қасиетті міндеті. Өз елінің тілі мен әдебиетін, тарихы мен мәдениетін бойына сіңіргенде ғана нағыз азамат тұлғасы қалыптаспақ. Ендеше жоғарыдағылардың бірі кенішін созып жатса, санамызда саңылау, жүрісімізде сылтау пайда болары сөзсіз. Әл – Фараби: «Тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың қас жауы» дегендей, мектептегі барлық пәндердің бір үндестігі, ынтмақтастығы тәрбиеге келіп тіреледі деп ойлаймын.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
- «Оқыту теориясы: Білім беру көкжиегі. Авторы: Шунк Дейл Х.
- [https://old.kazatu.edu.kz/kk/belem/belem-beru-bagdarlamasi-bagalau-bakalavriat/ ]
- [http://edunews.kz/ruhanijangiru/759-zhaartyla-blm-badarlamasy-turaly.html ]
- [https://engime.org/pedagogika-kafedrasi-v2.html?page=4 ]
- [https://mtdi.kz/e/oku_adisteme/id/633/q/1 ]
- [https://kazbilim.kz/?p=3397 ]
- [https://kitaphana.kz/refkaz/236-pedagogika/3253-okity-adisi.html ]
- [https://zharar.kz/id/801 ]
Bilimger.kz Республикалық білім порталы
Қазақстан Республикасы Мәдениет және Ақпарат министрлігіне тіркелген.
Куәлік нөмірі: KZ45VPY00102718